«Адам мінезімен танылады»

214

 

Сабақтың тақырыбы:         «Адам  мінезімен танылады»

Сабақтың мақсаты:   Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы

түсінік беру.

Оқытудың мақсаты:  Сыни ойлауын дамыта отырып жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата

білуге үйрету; Өзін құрметтеуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға жаңа

тәсілдерді пайдалана отырып,ықпал жасау.

Оқыту нәтижелері: Оқушылардың бойында  жақсы мінез-құлық қалыптасады;

Сын тұрғысынан ойлау қабілеті,тіл байлығы дамиды;

Шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары  қалыптасатын  болады;

Топпен  жұмыс жасай отырып, өз  пікірін еркін білдіруге, дәлелдеуге,болжам

жасауға, батыл  сөйлеуге  үйренетін  болады ;

Жақсы / жаман мінез – құлықты ажырата білуге үйренеді;

Қосымша деректермен жұмыстанып ,өз білімін бағалауға үйренеді.

       Сабақ барысы:

  • Бағдарлау – мотивациялық кезең.
  • Ұйымдастыру.
  • Психологиялық дайындық

“Шаттық шеңбері”.

  • Операциялық – орындаушылық кезең.
  • Ой шақыру. Сұраққа – жауап.
  • Мәтінмен жұмыс
  • “Бес жолды өлең” стратегиясы.
  • Дәптермен жұмыс
  • Сергіту сәті.
  • Шығармашылық жұмыс
  • Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
  • Бағалау
  • Кері байланыс.
  • Қорытынды.
  • Үйге тапсырма.

 

  1. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Ұйымдастыру .Психологиялық дайындық жүргізу.

«Шаттық шеңбері»  оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне жақсы тілек айтады. Барлығы хормен «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» нақыл сөзін айтады.

Топтастыру әдісі: геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп, топбасшысын сайлайды.

1-топ. Үшбұрыштар

2-топ.Төртбұрыштар

3-топ.Дөңгелектер

4-топ. Шаршылар

1-сабақта бекітілген ережеге бағынады. Ереже: Уақытты тиімді пайдалану,

                                                                                                    Тыныштық сақтау ,

                                                                                                     Сөзді бөлмеу,

                                                                                                     Кезектесіп сөйлеу

  1. Операциялық – орындаушылық кезең.

Оқушыларға жаңа тақырыпты таныстыру,ой қозғау мақсатында сұрақтар беру.

Модуль: сыни тұрғыдан ойлау-«Ой  қозғау».

  • Мінез дегеніміз не?
  • Адамның мінезі қайда және қалай танылады?
  • Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме? Қалайша?
  • Адам өз мінезін өзгерте ала ма?

Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы ойланып әңгімелесу жүргізеді

Тақырыптың мағынасын ашу үшін мәтінмен жұмыс жүргізу. Оқулықта берілген «Әлім мен Жанар» әңгімесін  оқып беру.Сыни тұрғыда ойлауға тапсырма беру. Балалар мәтінді оқып талдайды, пікір алмасады. Мәтінді әр топ абзацқа бөліп оқиды. Берілген сұрақтарға топ болып жауап береді.Оқулықта берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, Жанар мен Әлімге «Бес жолды өлең» стратегиясы арқылы мінездеме береді. Модуль: СТО,Әдісі: Бес жолды өлең

Кім?

 

Қандай?

 

Не істеді?

 

Не үшін?

 

Ой түйіндеу

Сергіту сәті:  «Уық, кереге, шаңырақ». Оқушылар іс-қимылмен сергіту жаттығуын жасайды.

Жағдаят талдау. Оқулықта берілген «Кім Қыз Жібек болады?»жағдаятымен таныстыру.

Балалар жағдаяттан шығу жолдарын ойластырады. Жағдаят талдау барысында мінез туралы ой толғайды және осы жағдайды өз сыныптарында қарастырады.

А)  Түкіріктен көл бола ма?

Ә)   Жыланды інінен қалай шығарамыз?

Б)  Тауық түс көре ме?

В)  Сиырдың сүті қай жерінде?

Г)   Қар жана ма?

Ғ)   Қылыштан өткір не?

Д)   Тастың жеңілі бола ма?

Ж)  Адамда арқау бола ма? –

З)   Білгенің қанша, білмегенің қанша?

Жауаптары:    — Көп түкірсе-көл.

-Жылы-жылы   сөйлесең, жылан інінен шығады.

–Тауықтың түсіне тары кіреді.

– Сиырдың сүті – тілінде.

– Қалауын тапса қар жанар

– Тіл – қылыштан өткір.

-Керек тастың ауырлығы жоқ.

— Ас – адамның арқауы.

– Білгенің – тоғыз,   білмегенің – тоқсан тоғыз.

Сұраққа көп жауап берген бала сыныптың лидері атанады.

 

  1. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Тақырыпты пысықтау мақсатында оқулықтағы «Тапсырма» айдарымен берілген Әбунасыр әл-Фарабидің нақыл сөздерін оқып беріп, мінезге  сипаттама беруге ой қозғау.

  • Мінез-құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.
  • Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар – адамшылық қасиеттер болып табылады.
  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

Осы нақыл сөздерді басшылыққа алып,топтар  « Мінез»  сөзіне кластер жасайды, постермен қорғайды.

Оқушылардың ойын оқулықтағы «жақсы мінез» туралы түйінсөзді оқып, салыстырма түрінде талдау жасалынады.

 

 

 

 

Жүректен-жүрекке. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін өлең жолдарымен түйіндеп, сабақты аяқтайды.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

 

Сабақты қорытындылау. Бағалау парақшасы таратылады. Топ басшысы бағалайды,топтар бағалау парақшасы арқылы бірін-бірі бағалайды.Бағалау бойынша тапсырмалар орындауда көп көзге түсіп, алға шыққан топтар мен оқушылар марапатталады.

Рефлексия : кері байланыс жүргізу,смайликтер арқылы, т.б.

Сабақ барысы қандай ?

Ұнаған  жері …

Ұнамаған жері …

Менің пікірім …

Үйге тапсырма: Суретпен жұмыс беру. Дат суретшісі Херлуфа Бидструптың дәптердегі берілген адам мінезіне байланысты салған суретіндегі мінез-құлқы әртүрлі  адамдардың мыжылған қалпаққа өз эмоцияларын,қарым-қатынасын білдіруін әңгімелеп, олардың арасындағы қарым-қатынасты суреттеп, диалог құрастыру