Мамандық – жетістік мерейі

Сабақтың тақырыбы:  Мамандық – жетістік мерейі

 Мақсаты:

  • «Мамандық» құндылығы  туралы түсініктерін кеңейту;   Мамандық таңдау, оның нәтежесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.

Міндеттері:

  • мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
  • мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
  • еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберінде Әль-Фарабидің өлең шумағы оқылып, мамандық туралы ұлы ойшылдың ойын ұғынады.

                                Ісім оңсын десеңіз,

                                Сол істің маманы болыңыз.

                               Даңқым шықсын десеңіз,

                               Көпшіліктің адамы болыңыз.

Мәтінмен жұмыс

Н.Келімбетовтың«Үмітімді үзгім келмейді»  шығармасынан алынған екі дәрігердің  қызметіне, өмірдегі қызыметі мен  тұрмыстық әрекетіне  бақылауы  түріндегі әңгімесін оқып,  пайымдап пікірлесу қажет.

  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
  • Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?

Жаңа ақпарат

Оқушылардың «Жаңа ақпараттан»  түсінетін, есте мәңгі сақтайтын нәрселері:

  • Икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдау;
  • Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау;
  • Мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу.

Әңгімелесу

  • Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
  • Адам өзін белгілі бір  мамандыққа қашан, қалай дай       ындауы керек деп ойлайсың?
  • Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсың?
  • Қай  уақытта  адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Шығармашылық жұмыс

Отбасы мүшелерінің қандай кәсіппен  айналысатынын ескере отырып, «Отбасылық кәсіп» шежіресін жазу ата жолын, кәсібін құрметтеуге, ата- ананы бағалауға арналған  жұыстар болары сөзсіз.


Түйіндеме

Осы түйіндемемен 2- сабақты  бастауға болады. І.Есенберлиннің «Шабыт» деген ой жазбасын  ұсынылған.Танысып, ұққанын пайымдап алған соң ,  шабыттану, еңбекке құштарлық, ерекше көңіл күймен  іске ынталы кірісу сәті екенін ескере отырып, шығармашыл  еңбек үстінде туатын кезеңді Абай ақын бейнелегендей, ерекше көңіл күйдегі, қуатты шақ екенін ақындар, өнер адамы, ғалымдар мұндай шақты қалай өткізетінін әңгімелеп  айтып, не шығармаларынан оқып беру артықтық етпейді.

Дәйексөз

Л.Н.Толстойдың сөзі берілген. Осы сөздің  мәнін, мағынасын ашып,  пікір білдірген жөн. Талдау жасап, бүтінді бөлшекпен үйренгені қажет.

Еңбек атаулының  бәрі  де  бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.

Л.Н.Толстой

Жағдаят

Жағдаятпен танысып, шешімін табу  тапсырылған.Оның еш қиындығы жок.Адам өз мүмкіндігін , өз қабілетін асыра бағалады, жұмыс этикасын бұзып, инженерге тиісіп отыр. Бастық дәрменсіз. Ашық ангіме  арқылы  шешуге болады. Оны балалар ойланып, айтатын сөзін әзірлеп,  талдап алып айтқаны жөн.

Тапсырма

Тапсырма бойынша  оқушы өзі  келіспейтін  тұжырымды берілген тұжырымдардан  бөліп алып, ойын жазбаша түрде дәлелдейді.

Мысалы: мамандық бірақ рет біржола таңдалады – келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық  игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады  т.б.

  • Мамандық бір – ақ рет  біржола  таңдалады.
  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
  • Отбасы мен  достарыңның  ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға  болады.
  • Қартайғанда да  мамандық таңдауға болады.
  • Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына  түсу керек.
  • Ақша болса мамандық қажет емес.
  • Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен  қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
  • Таңдайтын мамандығымды  болшақ табысым  анықтайды.
  • Мамандық таңдау- күн көріс қамы.

Жүректен  жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып, өлең оқиды.

Еңбек  туралы

Басым көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап.

Барлық істі сарапқа сап істеген,

Қисаппенен қазынаңды үстегін.

Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.

Өз күшің жеткенше,өзің үшін аянба.

Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,

Ерте тұрған ердің бағы жанады.

Ж.Баласағұни