Кешірімділік – көңіл кендігі.

76

 

Тақырыбы: Кешірімділік – көңіл кендігі.

Мақсаты: кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға , кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету.

Міндеттері:

  • кешірім, кешірімділік туралы түсіндіру;
  • айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
  • кешірімділікке тәрбиелеу.

 

«Адам» өлеңін мәнерлеп оқу.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Адам боп өтейік

Адам боп туған соң

Мақсатқа жетейік

Мақсатты қуған соң.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін.

Сәл қуанса, шығарады ол естен

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

 

«Кешірімді болу» дегенді қалай түсінесің?

Өкпелеп ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер ?

Сені қандай жағдай өкпелетіп ренжітеді?

Басқаларға деген өкпе назыңның себебіне үңіліп көрдің бе ?

 

 

 

Адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа өкпе, реніш нұсқан келтіріп, өзара түсініспеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен , ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек.

Өкпе, реніш – адамның көңіл күйіне , денсаулығына кері әсер етеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.

 

Мәтінмен жұмыс  «Күндестік құрысын»

  • Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады.?
  • Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
  • Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
  • Адам адамға тек қуаныш сыйлауы керек деген пікірге келісесің бе ?

 

«Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды.»

 

Өзіммен-өзім

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.. Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және сонан соң аз үзіліс жасаңдар.

Енді ойша өз іштеріңдегі бүгінгі реніш өкпелеріңе болашақтан көз тастап көріңдер. Мейлі бір жылдық, бес жылдан, он жылдан кейін болсын. Ал енді қазіргі жағдайларыңнан қандай айырмашылық байқайсыңдар., не сезініп тұрсыңдар ?

 

Берілген өлең жолдарын оқып. Ондағы ой- тұжырымдарды көзқарас-себеп- мысал- қорытындылау әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.

 

 

 

мейірімділік

Ақылдылық

Ізгілік

Кешірімділік     Рахымдылық

Адамгершілік

Азаматтық

Ақкөңілділік

 

 

 

Шаттық шеңберіне тұрып, демін ішіне алып, сыртқа шығару және үзіліс жасау

Барлығы хормен мына сөйлемдерді қайталайды.

  • Мен жайдары, ақ көңіл және белсендімін.
  • Менің қолымнан барлығы келеді.
  • Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
  • Мен бақыттымын.

 

 

Батыс ықазақстан облысы Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кдырниязова Толқын Намысқызы