Салауаттылық – өмір салты

74

Сабақтың  тақырыбы: Салауаттылық – өмір салты

Мақсаты:  Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: 

  • Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
  • Денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер.

Әдіс-тәсілі:  пікір алмасу , сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:             

Оқушылармен  амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, Ш. Сариевтың «Дені сау адамдарға өмір — жұмбақ» атты өлеңін оқиды. Сонымен қатар өмір, денсаулық туралы оқушылардың өздері шығарған немесе жатқа оқитын өлеңдері болса айтуларына болады.

Дені сау адамдарға өмір – жұмбақ,

Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.

Кеуденің сәулесіндей көз жанары,

Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.

Жаңа ақпарат: Дені сау, жан – жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам тән сұлулығын жан сұлулығын үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет. Салауаттылық – әр адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Ол өздігінен қалыптаспайды. Әр адам өз өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы.

Түйіндеме:  Өз – өзіне сенімді, жақсы мен жаманды ажырата білетін адам өзгенің айтқанымен емес, өз жүрегінің қалауымен әрекет етеді. Өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын адам жаман әдеттен аулақ болады.

Дәйексөз:  Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген А. Шопенгауердің «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты» деген сөзі бұл сабақты қорытындылау және денсаулықты күте білуіміз – бақытты болуымыздың бірден – бір баспалдағы екенін түсіндіреді.

Жүректен жүрекке: Оқушылар бір – бірінің ұзақ та бақытты өмір сүруіне, ауырмай,дененің сау болуына тілектер айтып, сабақты аяқтайды.