«Халқым менің қонақжай»

Сабақтың тақырыбы:  «Халқым менің қонақжай»
Сабақтың мақсаты:
«Сыйластық», «туыстық», «достық»  адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-қонақ күту дәстүрі,қонақасы туралы түсінік беру;
-қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;
-қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер,үнтаспа,сюжетті суреттер т.б.

КезеңдеріӨту барысы
 

Шаттық шеңбері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап:

 

 

 

 

 

Ойын:

 

 

 

 

Жаңа ақпарат:

 

 

Дәйексөз :

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

Жүректен жүрекке:

 

Балалар шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мына өлең жолдарын мұғаліммен бірге қайталайды.

Қонақжайлылық белгісі

Сырттан келген мейманға

Сәлем беріп,қол алсан

Бірінші еткен құрметін

«түсіңіз»,-деп түс беріп

Шылбырына оралсың,

Екінше еркен қызметің.

Есік ашып еңгізіп

Көрпе төсеп құп алсаң

Үшінші еткен құрметің,

Мейман риза болғаны-

Құрметпен үйге қонғаны.

Өлең мазмұны оқушыларға сұрақ қойып,олардан жауап алуымен толықтырылады.
Өлеңде қонаққа қандай құрмет көрсету туралы айтылған?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын өз ойымен түйіндеп,сабақтың тақырыбын таныстыру ұсынылады.


Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу тәсілін ұйымдастырады.

1.Қонақ деп кімді айтамыз?

2.Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Халқымыздық тағыда қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

(Балалардың жауаптары)

Мұғалім қонақжайлылық туралы түсінік беріп,оның мәнің ашу үшін аңызды айта отырып,балаларға кідіріспен сұрақ қойып,жауаптарын тыңдайды.Үнтаспадан Дәулеткерейдің  «Қосалқа »күйі ойналып тұрды.

Қонақасы

(аңыз)

Ертеде Алаш деген данышпан қарт өмір сүріпті.Оның Ақарыс,Бекарыс,Жанарыс деген үш ұлы болыпты.Ұлдары қайырымды болып өсіпті.
Бір күні қарт үш ұлын  шақырып:
-Балаларым дәм-тұзым таусылатын шақ таяп қалды.Көзімнің тірісінде сендерге қалдыратын еншімді бөліп берейін,-депті.

·        Қалай ойлайсындар ,данышпан қарт өзінің еншісін нешеге бөледі?

-Менің мал мүлкімді теңдей төрт бөлікке бөліндер,өз еншілерінде алып әке ісін әрі қарай жалғастырындар.Ынтымақ бірлікте өмір сүріндер.
Балалары әкелеріне қалдырған еншісі үшін рақметтерін айтып,әке алдында бастарын иіп тағызым етеді де,былай дейді:
-әке біз сізді түсінбей қалдық.Біз үшеумізғой,еншіңізді неге төрт бөлікке бөлдіңіз?

·        Балалар қалай ойлайсыңдар,қарт төртінші бөлігін кімге қалдырады?

Әкесі былай деп жауап береді: «мал –мүлкімнің төртінші бөлігін сендердің қонақтарына қалдырамын.Шаршап шалдығып келген қонақтың еншісі-қонақысы болсыңЕгер сендердің қонақтарын дәмнен бас тартса,олардың өз «сыбағалары»екенің айтасыңдар»,-депті.

·        Сыбаға деген сөзді қалай түсінесіңдер?

—         «Сыбаға»-құрметті қонақ немесе өздерінің жақындарынаарнап сақтаған кәделі тағамдары.

Ғасырлар өтіп жатты.Адамдар көбейіп,далаға тарап кетті.Үлкен ұлдың ұрпақтары үлкен орданы –ұлы жүзді,ортаншы ұлдың ұрпақтары орта орданы –орта жүзді,кенже ұлдың ұрпақтары кіші орданы-кіші жүзді басқарды.Содан бері  өмірде көп өзгеріс болды.Бірақ барлық уақытта –ғасырлар,жылдар,күндерде қырдағы қонақжайлылық әдет әрдайым берік болып келеді.Қазақтың үйіне күдіз немесе түнде кірсе де,әрқайсысын жылы қабақпен күтіп алу және құрметтеу жомарттықпен ас-су тарту дәстүрі- «қонақасы »тосып тұрады.

·         «қонақасы »деген сөзді қалай түсінесіңдер?

·        Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді?(қонақ күтуден адамдар арасындағы сыйластық,мейірімділік,сүйіспеншілік,жылы шырай танытушылық,кең пейілділік,жылы жүректілік байқалады.)

Мұғалім оқушылардың жауаптарын түйіндеу мақсатында қонақасы ұғымын ың мәнің  түсіндіреді.

—         «қонақасы» сөзі «қонақ» және «ас» деген екі сөздің бірігуінен құралған. «қонақасы» ұғымы келген қонаққа арнайы дайындалатын ас деген  түсінікті білдіреді.
«Қонақты қарсы алу»

Оқушылардың бойында қонақ күту дағдысын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

Балалар үш топқа бөлінеді.Бірінше топ қонақасы келген жостарын,екінші топ қонаққа келген жақын туыстарын,үшінші топ ата-аналары үйде жоқ уақытта  қонаққа келген туыстарын күтуді рөлдердке ойнап көрсетеді.

  Бүгінгі тақырыптың  мәні сабақтың дәйексөзінің мағынасын түсіндірумен ашылады.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық.Қонақжайлылық адамдар арасындағы сыйластықты ,бір-біріне деген құрметті ,қамқорлықты көрсетеді.
Туған-туыс,дос-жарандарын құрметтеуді үйренеді.

 

 

«Жақсы қонақ-құт,береке»

Мұғалімнің түсіндіруі.

-иә,ертеде қазақтар үйіне жақсы адам келсе,сонымен бірге үйге қуаныш,бақыт,жақсылық келеді,деп қуанатын болған. «құтты қонақ келгенде  қой егіз табады»-деп жақсылыққа жорыған.Өйткені жақсы адам қонаққа жақсы ниетпен,жылы тілекпен,мейірімді жүрекпен барады.Дастарқан басында жақсы сөздер айтып,көңілді отырады,айналасына күлкі,қуаныш сыйлайды.

 

Дастарқанға қонаққа ұсынатын тағамдардың  суреттерін салындар.Бұл дастарқанға кімдерді қонаққа шақырар едіңдер?

 

Сабақ тақырыпқа қатысты көңілді әуенмен аяқталады.Үнтаспадан естілген «Қазақы дастарқан»әніне оқушылар қосылып бірге айтады.

 

Қазақы дастарқан

Ей,халайық,халайық,

Бар өнерге салайық

Уайым қайғы жоқ болсын

Қуанышын көп болсын

Қайырмасы

Дастарқан-ау,дастарқан

Мерекелі дастарқан

Берекелі дастарқан,ей(2 рет)

 

Жақсы келсе,құт болар

Жаман келсе,жұт болар

Жолаушымыз біз деген

Асыл мұра іздеген

 

 

-Осымен, біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.

-Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет!

-Сау болыңыздар!