Арман – жарқын болашақ бейнесі

442

 

Сабақтың тақырыбы:  Арман – жарқын болашақ бейнесі

 Мақсаты:

  • «Арман» құндылығы  туралы түсініктерін кеңейту;   Арманның мәні,  жету жолы туралы өзіндік пікірін  қалыптастыру

Міндеттері:

  • Арман туралы, оның әлеуметтік, қоғам сипаты, арманға жету жолдары туралы ұғымдар қалыптастыру;
  • Жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге  үйрету, өмірге,  өзінен деген сезімін арттыру, өмірге құштарлыққа баулу;
  • Оқушылардың талдау, сараптау дағдыларын  дамыта отырып, тұшымды ойдан ләззат табуға  бағыттау, сезімін жетілдіру. Сезім мөлдірлігін, жан сұлулығын ұштау.

Шаттық шеңбері

Оқушыларды  шаттық  шеңберінде ән тыңдайды, қосылып айтуларына  да болады

«Ақ желкен арман»өлеңі

Әңгімелесу

«Ойлайық,пікірлесейік» айдарымен  өтетін кезеңінің  сұрақтары бойынша  жеке – жеке пікірлесу ұйыдастыру керек.

Арманның  адамның  танымына, қөзқарасына ,қоғамдық жағдайға байланысты  өзгеруі мүмкін екеніне  көз жеткізу  үшін жетекші сұрақтар беру керек.

  • Армансыз адам бола ма?
  • Арманның үлкен, кішісі бола ма?
  • Арман мен қиял, мұрат ұғымдарын қалай түсінесіздер?

Мәтінмен жұмыс

М.Шахановтың «Арман» өлеңі ұсынылады.  Осы өлеңнен  оқушының  білуге тиісті  нәрселері – арманның алыс көк жиектерді  қамтитын, әр адамның  өресіне қарай  арманның түрлілігі, қоғамдық талаптар  деңгейінде болуы, адам болашағына әсері, осы жағдайларды талдап, зерделеуде  оқушы ой түйеді, пікір қорытады.Өз  жанына  үңіліп, жүрек қалауын қайта қарайды, осының бәрі ой салып,  адам жанын  тербейтіні сөзсіз.

  • Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?
  • Ой алшақтығы нені меңзейді? Әлеуметтік сипаты қандай?
  • Арманның адам болашағына әсері қандай?

Жаңа ақпарат

Біз күн сайын «Нағыз өмір» туралы армандаймыз…Егер  терең ойлайтын болсақ, шындығында  адамға арман  керек- ақ, ол бізге бағыт, күш- қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. «Арманы адамзат игілігіне  бағытталған  адамда ұлы даналық бар,»- дейді  француз жазушысы А.Франс

«Жаңа ақпаратты» оқыта отырып, оқушылардың өзіне тың ойларды  анықтатуының жөні бар.

  1. Арманның қажеттілігі.
  2. Арманның қоғамдық, әлеуметтік орны мен байланысы.
  3. Арманның жүзеге асу жолы
  4. Қол жететін игілікке бағытталуы керек.

Тапсырма

Мұнда берілген өлең жолдарынан  жанына жақынын  таңдап алып, түсіндіріп беру  тапсырылады.

…Адамды санай  берсең, көп арман да,

«Мінсіз бақ, сансыз дәулет»  деп арманда…

Мергенге түзу мылтық, оқ арманда

Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге

Жалғыз күнгі  тамақтың тоғы арман да.

Ш.Құдайбердиев

Мәтінмен жұмыс

2- сабақты осы мәтіннен бастауға болады. Міндетті адам  арманын жүзеге асыру үшін  қандай негізгі қасиетке ие  болуға тиісті екенін ұғыну.

Н. Келімбетовтың «Үмітімді үзгім келмейді» деген шығармасынан алынған  үзіндімен  таныстырып, ондағы түйінді ойды өздеріне  тапқызып, тапқанына зер салдыра қайта оқытудың мәні зор.

  • Адамға өз арманын жүзеге асыру үшін қандай құндылықтар қажет деп ойлайсың?
  • Арманды адам мүмкіндігімен шектеуге бола ма? Неліктен?

Дәйексөз

Ғ.Мұстафиннің пікірі ұсынылған.Мұнда оқушы арманның бір – біріне н жалғас, бір ойдан екінші ой туғандай  болатын кезеңдерін де білген жөн. Өмірден  нақты  мысал келтіре отырып, пікір түю керек.Мұндай мысал табу қиындық келтірмесе керек.

Арман деген көп белес – біріне шысаң, бірі бар.

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыста ұсынылған «Арман – асыл мұратым» тақырыбында жоба ( мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтеже) құру ұсынылады.

Оқушылар жұмыстарын сыныпта жария етеді.

Жүректен  жүрекке

Оқушылар  «Арман жолдар» әнін тыңдайды.