Өзіңді тану-өмірді тану

Сабақтың тақырыбы. Өзіңді тану-өмірді тану

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:    

  • өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
  • өмірде мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;
  • өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:       І. Шаттық шеңбері

                                     ІІ. Әңгімелесу

                                     ІІІ. Оқу ақпараты

                                     ІV. Мәтінмен жұмыс

  1. Дәптермен жұмыс

                                     VІ. Дәйексөз

                                     VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, А. Шамкеновтың «Жас өмір» әнін айтады.

Әңгімелесу.

  1. Өмірді бағалай білесің бе?
  2. Өмірден не күтесін?
  3. Сенің мақсатың қандай?

Оқу ақпараты. Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани, әлеуеметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік позициясын анықтауына көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы Ә. Файзуллаұлының «Өмірдің мәні» атты ертегісін оқып, өмірдің мәні туралы өз ойларын ортаға салады.

Дәптермен жұмыс. Ғалымдардың оқулықтағы «Өмір» туралы төменде берілген пайымдауларымен танысып, өз ой-толғаныстарыңды жазыңдар.

Үй тапсырмасын беру. «Өмір» деген сөзге сөз жұмбақ құрастырып келу.

Дәйексөз. Адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Бағалау