Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер.

112

:  Дүниетану

Тақырыбы: Егеменді ел қорғаны-Қарулы  Күштер.

Мақсаты:

  1. Қазақстан Қарулы күштері, Отан алдындағы борыш, Қазақстан Қарулы күштерінің топтары туралы түсінік беру.

 

2.Әр кезде елін, жерін қорғаған батырлардың ерлік ісін үлгі, мақтан ете отырып,  олардан үлгі алуға, мәңгі есте сақтауға үйрету.

3.Елін, жерін қорғауға, батылдыққа баулу.

Көрнекіліктер: тест сұрақтары, оқулық, ребус, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау,  ой  шақыру,  пікірлесу, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Балаларды 2 топқа бөлу. «Жас тұлпар», «Жас қыран»

  1. Психологиялық икем.

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Қазіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тест.

Өткен сабақтарға байланысты тест сұрақтарына жауап беру.

1 сұрақ. Қазақстан Республикасының рәміздерін белгіле:

а) Орден, медаль, теңге

ә) Ту, Елтаңба, Әнұран

б) Мөр, жұлдызша, жалау

2 сұрақ.ҚР- сы Конституциясының нешінші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» деп көрсетілген?

а) 7- бабында

ә) 8 –бабында

б) 3- бабында

3 сұрақ. Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы » Заңды қашан қабылдаған?

а) 1992 жылы 4 маусым

ә) 1997 жылы 11 шілде

б) 1991 жылы 16 желтоқсан

4 сұрақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-….

а) орыс тілі

ә) ана тілі

б) қазақ тілі

5 сұрақ. Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым-қатынас тілі-…

а) орыс тілі

ә)мемлекеттік тіл

б) қазақ тілі

 

 

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Ребусты шеш.

( қар уық лақ Ы күшік тер)

  • Қарулы Күштер.
  • Дұрыс. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Егеменді ел қорғаны-Қарулы Күштер»
  • Қарулы Күштер дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Әскер, Отанға қызымет ететін жауынгерлер.
  • Әр мемлекеттің Қарулы Күштері болады.
  • Қарулы Күштер не үшін керек деп ойлайсыңдар?
  • Елді, жерді, Отанды қорғау үшін.

 

 

ІV. Жаңа сабақ.

  1. Әр мемлекеттің өзінің — Қарулы  Күштері болады. Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас  Қолбасшысы- Президент. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің

Жоғарғы Бас  Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев. Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды

 

 

Әскери теңіз флоты
«Ұлан» тобы
Әсекри әуе күштері
Құрылықтағы әскер

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сергіту сәті. Ән тыңдау.Солдат болам мен ертең.(қимыл жасау, бір орында адымдау)

VІІ. Оқулықпен жұмыс. Өздіктерінен оқу..

Қаздауысты Қазыбек би:

 

Біз, қазақ-мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз.

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осы нақыл сөзден ойға не түйдіңдер?

  • Қазақ халқы достықты, бейбітшілікті жақтайтын ел, басқа елдермен жауласпаған, егер жау шапса аянбай елді қорғай білетін елміз деген.

VІІ. Оқулықпен жұмыс.1.Өздіктерінен оқу.

  1. Топпен жұмыс.

Ойларын топтастыру.

 

 

І топ.                                                                                       ІІ топ.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық батырлар
Қазақ хандығы тұсындағы қазақ батырлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Оқулық суреттерімен жұмыс.

Талған Бигелдинов, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова.

Ұшқыш                     пулеметші                               мерген

  • Ол кісілерді біз қай уақыттарда еске алып, ескерткіштерге гүл шоқтарын қоямыз?
  • 9 мамыр -Жеңіс күні.

VІІІ. Ойын. «Болашақ әскерге сынақ» 

  1. ҚР Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы кім?
  2. ҚР Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшысы кім?
  3. Қазақстанның Қарулы Күштерін ата
  4. Президенттің тікелей өз қамқорлығындағы әскер тобы қалай аталады?
  5. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған кім?
  6. Қазақ хандығы тұсындағы және Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларын ата.

ІХ. Үйге тапсырма.

Мәтінді түсініп оқу. Батыр,ерлік туралы мақал –мәтел жазу.

ХІ.Қорытындылау.