“Отбасындағы сүйіспеншілік”

201

 

Сабақтың тақырыбы:    “Отбасындағы    сүйіспеншілік”

Мақсаттары:

Білімділік:   оқушыларға     “отбасындағы        сүйіспеншілік”  ұғымы  туралы түсінік беру.    Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық:  оқушылардың ойлау дағдысын   қалыптастыру,  жүйелі  сөйлеуге  үйрету,   пәнге   қызығушылығын    арттыру,     шығармашылық                                                         әрекетін дамыту.

Тәрбиешілік:  сыйластыққа,   мейірімділікке,   татулыққа,   қамқорлыққа    тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

  • отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту:
  • сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
  • сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Әдіс – тәсілдері:

Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, тірек-сызба, топтастыру стратегиясы, танымдық ойындар.

 

Қажетті құралдар :

оқулық, дәптер, отбасы мүшелерінің суреттері,  интерактивті тақта, шарлар, гүлдер,

 

Көрнекіліктер:   кітап көрмесі: «Отбасы»,  қанатты сөздер, мақал-мәтелдер:


1.Ағадан ақыл,

Атадан – нақыл.

 

2.Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

 

3.Жақсы ата – орман,

Жақсы бала қорған.

 

4.Бала тәрбиесі – бесіктен.

 

 


  1. Ата-ананың парызын,

Өтеу — сенің қарызың.

  1. Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.

                                                               Ғ.Мұстафин

 

                      

                    Шаттық  шеңбері:     Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Ата-ананы құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қайырлы күн, менің сүйікті оқушыларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ — өзін-өзі тану сабағы. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз  шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.

— Сәлеметсің бе, Дана, сен сүйкімдісің.

— Сәлеметсің бе, Жайна, сен қайырымдысың.

— Сәлеметсің бе, Аяулым, сен ақылдысың.

— Сәлеметсің бе, Алтынай, сен мейірімдісің.

 

Балалар орындарына жайғасады.

 

Әңгімелеу:  — Балалар, «өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты. Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.

Балаларға әр түсті дөңгелек пішінді қағаздар таратып беремін. Қолдарындағы дөңгелектің түстеріне байланысты конверттерді тауып алып, ішіндегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Жасырынған конверттің ішінде отбасы туралы суреттер шығады. Балалар сол суреттер бойынша әңгіме құрастырып береді.

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады. Интерактивті тақтадан отбасына жататын адамдардың суреттері көрсетіледі.

  • Тамаша, балалар! Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасына ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні-қарындастарымыз және өзіміз жатамыз.    

 

        

 

Дәйексөз: — Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің  ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар.  Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.

 

Өзіммен — өзім: Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен  бөліседі.

«Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар айтқызу.


Жайна: А.Бақтыгереева «Менің апам»

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

Дана:

Папамызға еркелеп,

Мамамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызға сыйлаймыз.

 


 


Аяулым:


Өсіп келе жатырмын,

Өз әжеме еліктеп.

Әжем мені жасымнан,

Тастамайды қасынан.


 

Дәптермен жұмыс.

Мына суреттегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар.

 

 

Ойын: «Неге теңеймін».  Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т.б. айтылады.

 

Сергіту сәті:  «Отбасы шежіресі» туралы жұмбақ шешу.  Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады.


  1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.


Ол кім?    Барлығы – атам.    

Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

 


  1. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.


Ол кім?    Барлығы — әкем.   (әкесінің суретін іледі)

 


  1. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.


Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?      Барлығы – ана.    (анасының суретін іледі)

 

Олай болса аналарың сендерді қалай еркелетеді?  (балапаным, аппағым, ботам, күнім, қозым т.б.

 

    Ғажайып сөздер

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

  • Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.

 

Жүректен – жүрекке:  Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.


  • Аяулы анам мейірімді!
  • Қадірлі әкем мейірімді!
  • Әлпештеген әжем мейірімді!
  • Еркелеткен атам мейірімді!

 


Қорытындылау: Отбасы — ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.

Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық!

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаМенің ұстаздарым
Келесі жазбаҚайталау.