Еңбек – бәрін жеңбек
Еңбек – бәрін жеңбек
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Абай
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
— еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
— еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, қағаздан қиылған жүректер, дәптер, оқулық.
Шаттық шеңбері:
Амандасу.
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
— Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып шығайық.
Әңгімелесу:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
- Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Тапсырма
Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау
Мәтінмен жұмыс Б.Әділов «Еңбексіз өмір — сүреңсіз» мысал әңгіме
- Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
- Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
- «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Абай
-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Қандай еңбек туралы мақал –мәтелдер білесіңдер?
- Ердің атын еңбек шығарады.
- Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
- Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
- Көз – қорқақ, қол – батыр.
- Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
Еңбек түбі – зейнет.
Сахналау:
«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов.
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ:
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ:
-Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген.
Нан дастарқанға қалай келеді? деген сұрақ аясында еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелету.
Үйге тапсырма:
Дәптермен жұмыс
«Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу
Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді, тілектеріңді мына қағаз жүректерге жазыңдар
Жүректен жүрекке
Шеңберге тұрып, бір – біріне жазған тілектерін оқыту..