Адалдық – адамдықтың белгісі.

Сабақтың тақырыбы.  Адалдық – адамдықтың белгісі.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың  адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:    

  • адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;
  • адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;
  • адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

                               ІІ. Мәтінмен жұмыс

                               ІV. Әңгімелесу

  1. Тапсырма

                               VІ. Оқу ақпараты

                               VІІ. Дәйексөз

                               VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, С. Сейітовтың «Шындық шырайы» өлеңін оқиды.

Мәтінмен жұмыс.  Оқулықтағы Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесін оқыңдар.

Әңгімелесу.

  1. Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?
  2. «Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
  3. Неліктен адалдық «кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүреді?

Тапсырма.  Оқулықта берілген мәтінді оқыңдар. Сен шәкірт орнында болсаң қалай жауап берер едіңіз?

Оқу ақпараты. Ары таза адал мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды. Адал болу тек қанан өтірік  айтпау емес, шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Дәйексөз. «Адалдық – ардың ісі».

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, О. Әубәкіровтің «Аман болсын, адамдар» өлеңін айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.