Адами қарым-қатынас ізгіліктері.

Сабақтың тақырыбы.  Адами қарым-қатынас ізгіліктері.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:    

  • адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру;
  • адами қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  • адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   аралас  сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:  І. Шаттық шеңбері

                                ІІ. Әңгімелесу

                                ІІІ. Дәптермен жұмыс

                                ІV. Назар аударыңдар

  1. Мәтінмен жұмыс

                               VІ. Оқу ақпараты

                               VІІ. Дәйексөз

                               VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
  2. Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?
  3. Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген кестені толтырыңдар. Күнделікті өмірде кездесетін сыпайы сөздердің тізімін жасаңдар.

Назар аударыңдар.

Кешірім қалай сұралуы керек?

Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен мына жайларды есіңізде ұстаңыз.

  1. Кез келген адамның тұрмыс – тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.
  2. Сен – бала, сені өкпелеткен адам шешең емес, олай болса сен өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауыңа болады.
  3. Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.
  4. Оның айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түсіреді.
  5. Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін сондықтан кешірім сұрағанда екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.
  6. Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

                                                                                                  Д. Мамырбаев.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар сабақта түйген ойларын оқулықтағы Ұ. Асыловтың әңгімесімен жалғастырады.

Оқу ақпараты. Адами қарым – қатынастағы игі әрекеттердің бірі – тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті болып – кешірім сұрау болып табылады. Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді жағдайлар болады. Кикілжіңнің себебі, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, қызығушылықтардың келіспеуі болатындығын естен  шығармаңыздар. Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым – қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен дұрыс.

Дәйексөз. «Құнды сөз құнарлы ойдан шығады».

Л.Н. Толстой

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. «Адами қарым – қатынас» тақырыбына эссе жазыңдар.

Бағалау.