Жол ережесін сақта!

169

Тәрбие сағаты «Жол ережесін сақта!»

Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушы-ларды сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, жол белгілері, транспорт түрлері.Сынып бөлмесінің әр жеріне: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол»-деген сөздер жазылған плакттар ілінген, слайд.

Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлы-ғын тексеру, топқа бөлу.

—    Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі, қазан айы.

—    Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?

Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.

Жол жүруге қолайсыз. —    Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? —    Бағдаршам.

—    Ал көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?

—    Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.   Сұрақтар:

  1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
  2. Бағдаршамның неше түрі болады?
  3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
  4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?

  Теориялық білімдерін практикалық     іспен байланыстыру.

Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица,көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді. 1-топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді. 2-топ: Трамвайды қандай жерде тұрып күту керек? 3-топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі? 4-топ: Автобус,трамбай, троллейвустан түскенде жолдың келесі бетіне қалай өту керектігін көрсету. Оқушылар жауабын автоинспектор бағалайды?

Жұмбақтар:

1.Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

2.Сөйлегенде білмейді,

Бірақ «Тоқта,жүр дейді.   (Бағдаршам)

«Сергітейік жанымызды» хор «Бағдаршам» айтылады. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді.

Амина  . Көрген дәу қырағы,   Көшемізде тұрады.    Ол бергенде команда.                Бағынамыз әмәндә.

Бекарс:  Қызыл көзі жанса,  Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанса.              Қыбыр етпе алға.

Азамат:   Сары көзі жанса,   Мейлі көлік жоқта,

Қатып қалған жанса,              Қыбыр етпе алға.

Нұрдәулет:Жанса көзі жасыл. Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,                Керегі жоқ саспа!

Қорытынды: Әр жолаушы өз ережеңді біліп, сақтанып жүр! Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.