«Достық сезім»

541

Тақырыбы:     «Достық сезім»

Мақсаты:1         Балаларға достық, өзара  сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру, бір-бірімен тату болуға үйрету.

  1. Баланың өзін-өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге, режітпеуге, досының айтқанын  соңына  дейін тыңдауға  тәрбиелеу.

3.Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:       Достық туралы суреттер, әріптері бар кубиктер, кішкене жүрекшелер, үнтаспа, достық ағашы, теледидар, DVD, бейнелеу құралдары.

 

Әдіс-тәсілдері:    түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап,  ойын, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың жүру барысы:   1.Ұйымдастыру бөлімі. «Сәлемдесу», «Шаттық шеңбері» (жылы сөздер бір-біріне)

  1.   Дос туралы сөзжұмбақ шешу

3.Дос туралы түсінік беру.

4.Теледидар арқылы «Қарлығаш пен Дәуіт»

ертегісін әңгімелеу.

5.Сұрақ-жауап.

6.Дәйексөз айту. «Достық  — асыл қасиет».

7.Дос туралы мақал.

8.Күтпеген сәт «Жүректің келуі»

9.Ойын: «Досымның жүрегі»

10.Шағармашылық жұмыс

11.Қорытынды «Достық деген не?»

12.Жүректен-жүрекке.   Тақпақ айту.Ән айту «Біз өмірдің гүліміз»

 

Мұғалім: — Сәлемет пе, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.М Енді балалар, қонақтармен амандасамыз.

Үлкенге де – сіз,

Кішіге де – сіз,

Қонақтарға құрметпен

Бас иеміз біз.

Мен сендермен шын жүректен мынадай сөздермен амандасқым келіп тұр.

Шаттық шеңбері:

Ән салуға барамыз (шеңбер бойымен жүру)

Досымызды табамыз (тоқтайды)

Сәлемет пе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа жаю)

Доспын енді сенімен (бір-бірімен қол алысу)

 

  • Балалар біз амандасиық, енді шаттық шеңберіне шақырамын.

Сиқырлы таяқша арқылы бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

 

Арайлым:-Аспанымыз ашық болсын

Алмат: — Елімізде тыныштық болсын

Гулнара: Бейбітшілік болсын

Индира: — Ақылды бол

Айгүл: — Күніміз жарық болсын

Диас: — Білімді бол

Акерке: Отбасымыз аман болсын

Куанышбай: — Әдепті бол

Дильназ: — Татулық болсын

Замир: Әрқашан күн сөнбесін

Меруерт: Достығымыз берік болсын

Ердаулет: Денсаулық тілеймін

  • Рахмет, балалар! Орнымызға жайғасып отырып алайық. Сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақта шыққан сөз сабағымыздың басты тақырыбы болады.

 

  1. Тиіп кетсе, ән салған,

Дауысына ел тамсанған

(домбыра)

  1. Жалт-жалт етер,

Жалмап кетер.

(От)

  1. Жуынап деп, жазған –ай,

Күннен күнге азғаны-ай

(сабын)

  1. Аяғы жоқ, жүреді,

Аузы жоқ, сөйлейді.

(хат)

  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.

(қызылша)

  1. Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.

(қарға)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4
 

1

2 3 5 6

 

 

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Достық сезім» деп аталады, яғни «достық», «дос» туралы әңгімелейміз. Дос, достық дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас, бір – біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезім. Достар бір-бірін режітпейді, керісінше нағыз достар бір-бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.

Достық сезім тек қана адамдар арасында ғана емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы: біздің Қазақстан Республикасы  басқа  мемлекеттермен, басқа елдермен жақсы достық қарым-қатынаста. Соның арқасында біздің еліміз қарқынды дамып келеді.

Балалар, егер сендер бір-біріңді ренжітпей, тату-тәтті ойнасаңдар, бір-біріңе сыйлы боласыңдар, соның арқасында сендерде де достық сезім  пайда болады. Достықтың арқасында қиыншылықтардан құтылуға болады.

Мәтінмен жұмыс 

   (видео көрсету)

Достық туралы көптеген өлең әңгіме, ертегілер бар. Қазір мен сендерге  «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін айтып берейін, мұқият тыңдайық.

(ертегіні әңгімелеп береді, ертегі суреттері бейнетспадан көрсетіледі.)

Енді осы ертегі желісі бойынша сұрақтар қояйын.

1.Қарлығаш қандай қиындыққа тап болды?

(жылан өрмелеп келеді)

2.Қарлығаш қандай құстардан көмек сұрады?

(көкек пен қарғадан)

3.Көкек пен қарғаның іс-әрекеті дұрыс па?

(дұрыс емес,  сен біреуге көмектесу олда саған көмектесер еді)

4.Қарлығашқа достық көмегін берген қай жәндік?

(дәуіт қарлығашқа көмектесіп, жыланды өлтіреді)

5.Ертегі немен аяқталды?

(қарлығаш пен дәуіттің достығымен)

 

Міне, осындай жағдаяттардан дәйексіз пайда болады. Біздің бүгінгі айтар дәйексөзімізді  «Достық – асыл қасиет» деп атайық. Достық бір-біріне деген сүйіспеншіліктен, мейірімділіктен, көмектесуден туындайды. Сондықтан да достықты адам бойындағы  асыл қасиетке теңейміз.

  • Балалар, міне біз дос, достық туралы түсінік алдық. Енді, сендер достық қасиет туарлы мақалдар білесіңдер ме?

«Жалғасын тап» Ойыны

  • Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  • Жақсы дос – жанға серік,

Жаман дос – малға серік.

  • Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

  • Дос болсаң берік бол,

Досыңа адал серік бол.

 

  • Жарайсыңдар, балалар біз мақалмен бірге достық туралы тақпақ айтып көрейікші.
  • Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да, қай да

Сенімді болмыз.

  • Балдырған балалар,

Достықты бағалар,

Есіңе сақта, адал бол, шыншыл бол.

Өтірік айтпа, сөзіңнен қайтпа.

  • Дос дегенің өмірдегі – тірегің,

Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің,

Егер досың адал ниет жан болса,

Орындалар армандаған тілегің!

  • Дос жүрегі қашанда аңсағаным,

Солармен қосылып ән саламын.

Ақ пейілді аңсаған достарымды

Қуанышпен күлімдеп қарыс алам

  • Достық — әдеп, сыйласым,

Дос — өмірлік, қимасың.

Дос – арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым тәтті.

 

 

  • Достық – игі жақсылық,

Достық ниет- жақсы үміт.

Достық жасап адамға

Достаса біл әмәнда.

 

Өте тамаша, әрине, біздің елімізде әр ұлттың балалары бір шаңырақ астында тату-тәтті дос, бауыр болып өмір сүруде. Еліміздің әдемі болып өркендеуі достықтың татулықтың бірліктің арқасы.

(Осы кезде есік қағылады. Мұғалім қолына үлкен жүрек ұстап кіреді.)

  • Балалар, мынау жүрек қой! Қандай тамаша! Біздің мектебімізде «Мейірімді жан» періштесі бар екенін білесіңдер. Ол бізге көрінбейді. Күнде әр сыныпты аралап, достығы берік балаларға сүйсініп, қылығына, тәртібіне риза болып жүреді. Бұл жүректі бізге сол «мейірімді жан»  жіберген ғой. Бұл жүректің үлкен қасиеті бар, оған қуаныш, бақыт, мейірім, қамқорлық, достық сияқты сезімдердің барлығы да сиып кетеді.

(үнтаспадан мейірімді жан періштесінің  дауысы естіледі)

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендердің дос туралы әңгімелескендеріңді естідім. Сендерге жүректі жіберген себебім, іші толған жылы сөздер. Соны бір-бірлеріңе және қонақтарға тарту етіңдер.
  • Рахмет, мейірімді жан, періштесі. Енді мына жүрек қорапшаны ашайық, міне керемет! Не деген әдемі жүрекшелер, балалар, қазір «Досымның жүрегі» деген ойын ойнайық. (тыныштық сәті)

Ойын шарты: мына жүрекшелерді алып, оған «досымның жүрегі» деген ат қоямыз. Жүрекшені  алақанымызға аялап ұстай отырып, досымның жүрегі мейірімді, адал, шыншыл, кешірімді деген сөздерді айта отырып, анау ортадағы «Достық» ағашына ілеміз.

Мұғалім: Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.

Арайлым:-Менің досымның жүрегі қамқоршы

Алмат: — Менің досымның жүрегі қуанышты

Гулнара: Менің досымның жүрегі жылы

Индира: — Менің досымның жүрегі нәзік

Айгүл: — Менің досымның жүрегі адал

Диас: — Менің досымның жүрегі  батыл

Акерке: — Менің досымның жүрегі сыпайы

Куанышбай: Менің досымның жүрегі ыстық

Дильназ: — Менің досымның жүрегі жұмсақ

Замир: — Менің досымның жүрегі бақытты

Меруерт: — Менің досымның жүрегі қайырымды

Ердаулет: — Менің досымның жүрегі сезімтал

 

  • Ал, менің досымның жүрегі ақылды, міне, осылайша жалғасып, әр бала өз жүрегінен шыққан жылы лебіздерін айтып шығады.
  • Міне, біздің «достық ағашымыз» қандай  әдемі болып кетті. Осы «достық ағашымыз» тамырын терең жайып,   барлық әлем балаларын достыққа, жолдастыққа, бірлікке шақырып өсе берсін!

(балалар қолдарын шапалақтап, қуанады).

  • Жарайсыңдар, балалар! Мен де сендердің достықтарың мәңгілік болса деймін. Сонымен, бүгін біз дос, достық туралы әңгімеледік. Қорыта келе, достық ұғымын қалай түсіндіңдер?

 

 

Шығармашылық жұмыс:

Топтарға тапсырма беріледі (Ассоциация құру) плакаттарға салады

 

                            Дос                                                        Дос

                            Қөмектеседі                                          адал

Мейірімді                                              қайырымды

Шыншыл                                              жанашыр

Қамқоршы                                            ұқыпты

Білімді                                                  жомарт

Адамгершілігі мол                              кешірімді

Төзімді                                                 ақылды

Сабырлы                                              салмақты

Жауапкершілік                                   сенім

 

Балалар жауабы: Дос-адал,  мейірімді, қайырымды, өтірік айтпайтын болу керек. Достар тату болу керек. Олар бір-бірін ренжітпеу керек.

  • Иә дұрыс айтасыңдар балалар, Біз тек өзіміз ғана дос болып қоймай, бізге келегн қонақтармен де дос болайық.

Достарың көп болсын десең,

Айтпа жалған ешқашан,

Шыншыл боламыз әрқашан.

 

(Қөсымша жұмыс өз қолдарынан жүрекшелер жасап сыйлау уақыт қалса)

Енді, үстел үстінде жатқан ашық хаттардың бірінші бетіне қызыл түсті қағаздан жүрекшелер қиып, жапсырып, қонақтарға ұсынайық.

 

Корона тарату әріптері бар

  • Өзің жақыс жолдас болсаң, досың да көп болады.

Бір – біріне сенімді шын достар, кешірімді болады, достықтарын бұзбайды. Ендеше, қол ұстасқан күйімізде, біз бақытты елдің бақытты балаларымыз дей отырып, ән шырқайық жүректен шыққан жылы сөз жүрекке барып тиеді. Ендеше шын жүрегімізбен шырқаған ән сіздердің жүректеріңізге достық туын қадасын.

Жүректен — жүреке

Ән «Дос болайық бәріміз».

Міне, осымен «Достық сезім» атты сабағымыз өз мәресіне жетті.