Қазақ айтпайды,айтса біліп айтады

Қазақ айтпайды,айтса біліп айтады.Ата-бабамыздың сөздік қорлары дәлме-дәл айтылған мысалдар.Қай бір мақал-мәтелдері болмасын,аңыз әңгімелері, ертегі, тіпті нақыл сөздерінің өзі бір шындықпен жанасқан нақтылықтың төркіні.Тілге шешен, іске шебер ата-бабаларымыз ел туралы да дана сөздерін қалдыра білген.Елін жырлап, жерін мұңдаған зар заман ақындары да шындықты баса айтқан.Сөзді бұлбұлша сайратпай, жанға тиіп айтатын,батылдық пен батырлықта қазақ халқына тән. Махамбет Өтемісұлының Жәңгір ханға «Хан емессің,қасқырсың» деп айтқаны, батылдықтың, нағыз ер адамға тән батырлықтың мысалы.Мұқағалидың «Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген» деген сөзінен неге қуат алмасқа….Осы созден-ақ қазақтың тәуелсіздікті оңай алмағаны белглі емес пе?! Желтоқсан оқиғасының өзі аға-әпкелеріміздің тәуелсіздікте деген ұмтылысы болған. Орыстардың қорлығына шыдап,Шәмшінің «Менің Қазақстаным» яғни,  қазіргі әнұранымызды алаңда жырлап жүріп, басын өлімге қиған  ұмытылмас жандарымыз қаншама. Ұлттың қамын ойлап, тілінің бұзылмауын мақсат етіп,ел алдында тілі үшін зарлаған Мұхтар Шахановқа қарап , қазақта әлі күнге дейін  шындықты қолдайтын азаматтардың бар екеніне қуанасың. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ » демекші , осы күнімізге алғыс білдірейік.Аузымызға шайнап бергенді жұту  енді өз қолымызда,ағайын!!!