Туған күн.

Туған күн.

 

Тірі болсаң келер ең 70 жасқа

Жияр едің халықты  көсір асқа

Амал қанша  сұм ажал шеңгелінен

Арашалай алмадық, ғұмыр қысқа

 

 

Өзің жайлы сыр шертер тағы   өлең

Азсынбаймын мұраңды тамыры терең

Кінәлаудан аулақпын, кешіре гөр,

Жоқ дегенге өзіңді сенбей келем.

 

 

 

Дүрілдетіп той жасап беруші еді

Ат шаптырып дүйім жұрт көруші еді

Сан тараптан ақындар жиналысып

кеу-келеп өзіңді ортаға алушы еді

 

 

 

Жібір еді көңілдің кірбің тоңы

Достарыңмен қалар ең тойдың соңы

Өлең арнап, әзілдеп, марқайғанда

Шаттықпен атар еді оның таңы