Астрахан ауданы Жалтыр №4 орта мектебінің 10 «а» сынып оқушысы Аукенова Мөлдір

 

Астрахан ауданы

Жалтыр №4 орта мектебінің

10 «а» сынып оқушысы

Аукенова Мөлдір

 

 

 

 

 

Сәт-сапар!

Қалам ап біраз толғадым

Шарқымша сөздер қозғадым.

Еліктеп менде ақынға

Жыр жазуды ойладым.

 

 

 

Тілімді безеп, ой салдым

Кестелеп сөзден сыр жаздым

Сиынып  Мұқаң рухына

Жырынан бойға нәр алдым

 

 

 

Тіліміз бен діліміз қайтып келіп

Қауыштық көңілге шуақ сеуіп

Мәртебең биік болсын халқым менің

Бұрынғы ызғар қалғандай енді кеуіп

 

 

 

 

Керей менен  Жәнібек батыр бабам

Қозыбасқа қазақты бастап барған

Ұлан ғайыр осынау  Сарыарқада

Өсіп-өнген осында қазақ балаң!

 

 

 

 

Мұзбалақ  ақын Мұқағали

 

 

Елім деп күрсінгенде

Жүзіңді мұң торлаған

Қазағың өз елінде

егіліп сан қорланған

 

 

Мүскінін көргеніңде

Шырқырап аласұрған

қазақтың атар таңын

Өлеңмен ұшықтаған

 

Мұзбалақ ақын жаны

ел үшін  жаралған-ды

От ауыз орақ тілді

ақынның жыры бар-ды

 

Жанартаудай атқылап

Айтқан сөзі асыл дүр

Ақын жыры арқырап

Кейінгілер айтып жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқағали арманы

Желбіреп тәуелсіздік таңы да атты

Қысталаң сол бір күндер арта қапты

Бабалар аманаты-сайын дала

Бүгінде тәуелсіз ел атаныпты.

 

 

Жан аға «ұлтым» деп қапаландың

Халқыңның қасиетін бағаладың

Қазақтың дарқан сондай мінезін де

Санаңа сіңірдің де саяладың

 

Сен дегенде қазақ шіркін шабылар

Енді міне  елімізде бәрі бар

Өзің жоқсың қасымызда тек өзің

Қалың елің, Аға , сені сағынар

 

Мұқағали-қазағымның ардағы

Сені туған қазақтың бар ма арманы?!

Саған адал халқың сені  ардақтап,

Жазылуда өзің жайлы жыр-дағы.

 

Ақынның Майгүл есімді қызының қазасынан кейінгі ақынның ішкі жан-дүниесіне басу айту.

 

 

Жүрегің сенің жаралы

Сыздаған сары жараны

Сөзімді  ем ғып жақсаң да

Көңілің сенің қаралы

 

 

Майгүлге жазған  өлеңің

шымырлап бойға таралар

Қасірет тартқан көңілің

Емі жоқ қалай жазылар?!

 

 

Көңілдің күйін шертетін

Өлеңді ем ғып берейін

Жүректің сырын шертетін

Жырымды жазып көрейін

 

 

                                 Өзің салған жолыңмен

Ақырын жүріп өтейін

Ғаламын  шарлап  қиялдың

Пырақпен самғап кетейін.