Ұстазым туралы айтсам…

26

Ұстазым  туралы  айтсам…

 

 

Мен Атырау  облысы,Индер  ауданы, «Көктем»  қазақ  орта  мектебінің  8-сынып  оқушысымын.

Мектебімізде  «Әдебиет  және  өнер»  үйірмесі  жұмыс  жасайды. Үйірменің «Жас  қалам»  газеті  шығып  тұрады.Үйірмеге  жазуға,сахналық  қойылымдарды  шебер  ойнайтын  оқушылар  қабылданған.Үйірме  жетекшісі  -Ақтолқын  Серикбаева  Жолдасқызы.Үйірме  мүшелерінің  шығармашылық  қойылымдары  облыс  көлеміне  таныла  бастауда.Республика  көлемінде  ұйымдастырылып  жүрген  «Жарқын  болашақ»  тіл  олимпиадасының   «Сахна  саңлақтары»  бағамы  бойынша  аудандық  сайысында  М.Шахановтың  «Отырар»  поэмасынан   сахналық  қойылымның  І  орын  жүлдегері,облыстық  сайысқа   қатынасушы, биылғы  оқу  жылында (2011 ж)   Мақаш  Шолтырұлының  180  жылдығына  орай  ұйымдастырылған  «Сахна  шешендері»  бағамынан  М.Шолтырұлының  күй  атасы Құрманғазыға  жасаған  қамқорлығы,азаматтық  тұлғасын  танытатын  қойылымның  облыстық сайысында  ІІ орын  жүлдегері,  «Жарқын  болашақ»  тіл  олимпиадасында  «Сахна  саңлақтары»  бағамы  бойынша  Ғ.Мүсіреповтің «Өлімді  жеңген  ана»  шығармасын  сахналаудан  ІІ  орын  жүлдегері  атанды. Одан  басқа  ұстазымыз  «Жас  тілшілер»  үйірмесін  ұйымдастырып  аудандық  газетке  мектеп жаңалықтарын  жазуға  тілші оқушыларды  да  дайындайды.Сіздерге  ұстазым  Ақтолқын  Жолдасқызының  оқушылар  шығармашылығын  дамыту  үшін  жасап жатқан  еңбектерін  көрсеткім  келді.Үйірменің  газетін  назарларыңызға  ұсынамын.