Арайлы мекен — Ақтөбем!

56

  Арайлы  мекен  — Ақтөбем!

    Менің  сүйікті   мекенім-Ақтөбе. Себебі,  мен  осы  қалада дүние  есігін  ашқанмын. Ақтөбенің  суы да, тасы да, ну  орманы да  ештеңеге  айырбастағысыз  ыстық  маған.Тұла  бойы  тұнған  тарих. Небір  алыптарды, ақындарды,жазушыларды, жалпы  алғанда , тарихи  тұлғаларды  өмірге  әкелген  ұлы мекенде өмір  есігін  ашуым  мен  үшін  үлкен  қуаныш әрі  мәртебе.

  Әр  жыл  сайын  қала  әдеміленіп ,  көркейе  түсуде , экономикасы   да  қарыштап  дамуда.Жыл  сайын  салынып   жатырған  зәулім  ғимараттар — осының  дәлелі. Туған  мекеннің  тал  бесігінде  тербеліп өскен әр  перзенттің   борышы- сол мекенге  қызмет  ету.Мен де өскен  соң игілікті   істер  жасап, ару  Ақтөбемнің  беделін  биік, абыройын  асқақтату жолында  қызмет  еткім  келеді.

Жаса,  жайна, арайлы  мекен, Ақтөбем!