Қазағым.

32

Қазағым.

Қара қазақ мал бағып, қонақ күткен,

Осылай өзгерерін кім білген?

Бір кездегі ескі салтын,ескі заңын

Танымастай өзгертерін кім көрген

******************

Танымайды қазір қазақ бірін -бірі ,

Туысқандар,жақындар жаулар енді…

Заман дейді өзгерген,заман дейді…

Заман емес, олар  әлі  білмейді.

******************

Пенде біздер мына елді өзгерткен ,

Өзіміз ғой тілімізді сорлы еткен .

Екі қазақ бір бірімен орыс тілде сөйлейді,

Қадірін ана тілдің таптап жүргенін білмейді.

******************

Қазір қыздар ұзын көйлек ұмытты ,

Бұрымдарын шолақтатып  қиыпты .

Қара көзі мөлдіреген  көп  әпке ,

Кірпігіне қара сия төгіпті .

******************

Танып-біліп өз еліңде  әліппеңді ,

Кейін іздеп шетелден біліміңді,

Бастайықшы, қазірден болашақты ,

Жүрмейікші Отан деп  басқа жақты .

******************