Рахмет,анашым!

85

Рахмет,анашым!

Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.

Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында  терең ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Алып анадан туады» дегендей біздің неше түрлі ғұламаларымыз, батырларымыз анадан туған. Әл-Фараби тіпті Фердаусидің өзі осы анадан туды емес пе? Ананың құдіреті өте күшті…

«Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз.

Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте-ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң «БАУЫР ЕТІМ БАЛАМ»,- деп ақ сүтін беріп, аяалап,” МЕНІҢ БАЛАМ КЕРЕМЕТ” деп мақтан тұтады. Иә, бірақ біз осы ана махаббатын қадір тұтып, біз де сол керемет адамды аяалап жүрміз бе? Ана көңіліне қаяу түсірместен мақтан тұтатындай сүйкімді жағымыздан көрінеміз бе? Жоқ ондай адамдар саны кемде-кем! Шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!Осы  ананың махабатын аңсап жүргендер  де аз емес.

Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.

В.Гюго

“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жАнашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.Ата-ананың нұрлы көзінен біз үнемі жылулықты сезінеміз,«айналайын,алтыным»-деген бір ауыз сөзінен ерекше қуаттанамыз.Түн ұйқысын бала үшін, яғни біз үшін төрт бөлетін ананың қадірін тусіну керек.Анаң сені еркелктсе,төбең көкке жетеді.Ата-анамыз-жеміс ағашы, ал біз жайылған жапырақ сияқтымыз.Осы ағаштың жайқалып өсуіне біздің де қатысымыз бар.Ата-анасының жақсылығын білген,түсінген бала,өзгені десыйлай біледі,өзі де сыйлы болады.Өмірде ата-ана баласына қатал,қас-қабағымен қара майды.Кері сінше,    ақ көңілмен,бар жүрегімен сезімімен елжірейді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл.

Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де қысқасы,ештеңе де алмастыра алмайды.Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

Әр ана балапанын қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай бауырына бысып,біз үшін жанұшыра шырылдайды.Ол-ұлы адам,қасиетті  жан.Тіпті айта берсең,сөз жетпейді.Расымен де анасыз өмірді,әлемді елестету мүмкін емес.Мен үшін Құдайдан кейінгі құдіретиесі-ана.

 

Мен  өз анамды қатты жақсы көремін.Анамның аты-Алтыншаш. Менің анамнан артық адам жоқ шығар бұл өмірде.Мен анамның  шебер қолдарын,жылы сөздерін қатты ұнатамын.Анамнан артық кім мені ардақтап ,аялап түсінеді.Оны сыйлаймын,амандығын тілеймін.Бірақ кейде оны ренжітіп аламын.Кейін қасына барып,бетінен сүйіп,кешірім сұраймын.Анам-өте кешірімшіл,ақылды,байсалды адам.Мен ауырып қалғанда түн ұйқысын төрт бөлетін де осы Анам. Шыбын жанышырылдап,мен үшін қиналады.Ана өз баласының ел қатарлы бақытты болуын қалайды.

Ей, адамдар, құрметтеңдер, ананы!

Құрметтеңдер асыл жанды дананы!

қанша күнә жасасаң да фәниде,

Ана байғұс кешіреді екен баланы!

. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту жоқ шығар,сірә.

Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! Осы жарық дүние есігін ашып берген анашыма ,саған мың алғыс!

Тұрғанбаева Нұргүл

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы