Мен қазақтың қызымын.

  1. Мен қазақтың қызымын.

 

Мен қазақтың қызымын, еркесімін.

Арманы асқақ далада өскен қырмызымын.

Салт-дәстүрін бұрынғы жалғастырар ,

Ар – намысы ұлтымның , нұр жүзімін.

******************

Кең пейілді қазақтың бір қызымын.

Көңіліне қарайтын сан кісінің.

Ата сөзін жоқтатпай ардақтайтын,

Арлы ұлдардың аялу құрбысымын.

******************

Қазақ деген халықтың бір қызымын.

Шолпандайын таңдағы жұлдызымын.

Өлең-жырды жанына жолдас еткен,

Ұлы Мағжан ағамның нұрлы ізімін.

******************