Жарық орта мектебінің 4 «ә» сынып оқушысы Чайзада Ақтолқынның тырнақалды туындылары

45

Жарық орта мектебінің  4 «ә» сынып оқушысы Чайзада Ақтолқынның      тырнақалды туындылары

 

Астана

Қалықтатқан қырандай самұрығын,

Астана туған жердің тамырысың.

Қондырған Бәйтеректей тұғырын,

Елімнің шоқ жұлдыздай шырағысың!

 

Наурыз

Наурыз тойы келгенде

Қуанады кәрі-жас,

Тілектерін білдіріп,

Бірін-бірі күлдіріп,

Жадырасып қалады,

Бәрінің дайын тамағы!

 

Бір ауыз сөз

Бір ауыз сөз арман болып самғайды,

Бір ауыз сөз шаттық күйді сыйлайды,

Бір ауыз сөз той-думанды бастайды,

Бір ауыз сөз жамандықты жояды,

Бір ауыз сөз ауыр қасірет жаяды,

Бір ауыз сөз ақиқатты ашады,

Бір ауыз сөз насихсат боп қалады.

 

Гүлдер, гүлдер

Гүлдер, гүлдер, қызыл, жасыл, ақ гүлдер,

Гүлдер, гүлдер, сұлу сырлы пәк гүлдер,

Көрік беріп, өң кіргізіп  қалама,

Ен даламды нұрландырар шоқ гүлдер!

 

Өсіп келем

Күн шуағы, ай нұры,

Асқар таудың айбыны,

Өсіреді бір мені,

Аққу көлдің айдыны!

 

 

 

  Қарағанды облысы, Шет ауданы,

                                                        Сәкен Сейфуллин кенті