Терең білім беру мен тәрбие егіз

62

Мерзімі:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Терең білім беру мен тәрбие егіз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Дамытушылығы: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдаланып, ұрпақ бойына адамгершілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада  киіз үй, қоржында есептпр, қой, алтын, құдық, дастархан толы тағам.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу
  2. Оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Ертегінің аты «Ең бақытты адам».

            Ертеде бір кедей жігіт алыс жолдан арып-ашып келе жатады. Бір кезде ен далада қонған жалғыз үйге тап болады. Сәлем беріп, ішке кіреді. Үйде қартайған бір қария бар екен.

  • Ата, су беріңізші? – дейді жігіт.
  • Қалқам, су керек болса, ана қоржындағы тапсырманы орында, – дейді қария.
  • Кәне, балалар, жігітке қандай тапсырма берілді екен, сандықтан алып көмектесейік.
  • 3 тапсырмадан 2 топқа бөліп, жарыстырамыз.

Біліміңді сынап көр

  1. Атадан он баламыз,

Бір бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейтіп те аламыз.

(цифрлар).

  1. Атасы қалғып мүлгиді,

Әкесі зорға жылжиды.

Ағасы – шабан

Өзі – жорға

Інісі – жылдам

Баласы – жүйрік

Зымырап тұрған.

(жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд).

  1. Жүз төрт түйме, он бір ине.

(есепшот).

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында

(сызғыш).

  1. Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды.

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды.

(циркуль).

  1. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.

(х).

Біз жігітке көмектестік, әрі қарай не болар екен, кәне тыңдалық.

Бірер жұтым су ішіп, таңдайын жібіткен жігіт:

  • Бұл үйдің адамдары қайда, ақсақал – деп сұрайды.
  • Шырағым, олардың қайда кеткенін өзім де білмеймін, — дейді қария.

Жас шағымда ел қыдырып, саудагерлік жасадым. Бір тиынды далаға есепсіз шашпадым.

Сөйтіп, дүниедегі ең бай адам болуды армандадым.

Әбден байыдым, көздеген ниетіме қолым жеткен кезде, амал не, қартайып қалдым. Араға ұзақ жылдар салып, туған жерге келдім. Келсем, ауыл көшіп кетіпті. Жұртта менің қараша үйімді ғана қалдырыпты. Ауылдың қайда барып орын тепкені белгісіз. Байлығыма қызығып, ілесіп келгендердің бәрі де бет – бетіне кетті. Содан жалғыз қажыдым, қартайдым. өкініштен өлуге тақалдым.

  • Иә, жағдайыңыз қиын екен, — деп аяйды жігіт оны.
  • Қарағым, саған айтар бір тілегім бар, депті қария.
  • Сен менің жарты байлығыма өзіңнің жиырма жасыңды сат.

Балалар, жігіт жасын сата ма?

Олай болса, білгеніміздің дұрыс – қатесін тексеру үшін қоржынның ішіндегі есептерді шығарайық.

Әрі тапсырманы орындасаңдар ертегіні жалғастырамыз.

 

Білімді мыңды жығады

  1. Ең кіші жай сан (2)
  2. Ең кіші натурал сан (1)
  3. 7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай)
  4. 378 саны 3-ке бөліне ме? (ия)
  5. 8 және 12 сандарының ең кіші ортақ еселігі.

 

Ертегі әрі қарай жалғастырылады.

  • Ақсақал, ренжімеңіз олай істей алмаймын. Жиырма жасымды сата алмаймын. әрі соншама байлықтың маған қажеті жоқ деп, жігіт орнынан көтеріледі. Көп жүрді ме, аз жүрді ме, оны ешкім білмейді.

         Бір күні

Алтын көмбе

  1. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі (ширек, )
  1. Тәуліктің төрттен бір бөлігі, нешеге сағат (6 сағат)
  2. Шеңбердің диаметрі 12 см. Радиусы неге тең? (6 см)
  3. 18 – дің барлық бөлгіштерін ата. (1;3;6;9;18)
  4.  саны  санына тең бе? (тең)
  5. Алғашқы бес жуық санды ата? (2,4,6,8,10)

 

 

Ойлан, тап

  1. Тіктөртбұрыштың неше қабырғасы бар? (4)
  2. теңдеудің түбірі неге тең? 4х=16   (4)
  3. Алғашқы бес тақ санды ата? (1;3;5;7;9)
  4. Шаршының неше қабырғасы бар?  (4)
  5. Бөлудә орында: 585000:100=      (5850)
  6. Жай бөлшекке үш мысал келтір  

 

 

 

 

 

      Ой толғау

 

  1. Тәулік аптаның қандай үлесі? ( үлесі)

 

  1. 1 минутта неше секунд бар?   (60 секунд)

 

  1. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.   (бұрыс бөлшек)

 

  1. 48 санының  үлесі неше?   (24)

 

  1. Ортақ бөлгіші 1 – ге тең сан.   (өзара жай сан)

 

  1. 1 тәулікте неше сағат бар?   (24 сағат)

 

 

 

 

 

Жазылмады.

  1. Алымы бөлімінен кіші бөлшек  (дұрыс бөлшек)
  2. Натурал сандар нешеден басталады. (1-ден)
  3. 640 саны 5 – ке бөліне ме?  (иә)
  4. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центрі. (диаметр)
  5. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер (шеңбер)
  6. Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесіндіү  (радиус).