Абай бабама арнау

49

Абай  бабама арнау

 

Шын ақын, сөзі дана – баға жетпес,

Әр сөзі, әр өлеңі естен кетпес.

Елі үшін қызмет еткен ақын Абай,

Шығармасы еліне маржан тектес.

 

Таңқаламын, таңданамын бір өзіңе,

Зер салып, мәнерленген әр сөзіне.

Бақытты болар бәлкім қазағым да,

Абайдай перзент туған ұлы еліне.

 

Қасиетті, дара тұлға, өр тұлға,

Аянбай қызмет еттің өз халқыңа.

Даналығын, ұлылығын асқақтап,

Мол қазына қалдырдың бар жұртыңа

 

Сіз арқылы, барша жұртқа мақтанған,

Сіз арқылы, қазақ  елін таныған.

Жұлдыздай боп, жарқ еткен өр бабам,

Әр кез сенің құдіретіңе табынам.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаҰлы Абайға
Келесі жазбаҰлы ақынға