Менің сынып жетекшім

54

 

Менің сынып жетекшім

 

Ата-анам алғаш Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасына алып келгенде, күлімдей қарсы алған алғашқы ұстазым – Касимов Казбек ағай.

Ең алғаш қолыма қалам ұстатып, дүниені танытып,білім кемесіне жол ашты. Казбек ағайдың әр сабағы қызықты, әрі көптеген ертегілер оқып,математикадан логикалық есептер шығарып, оқушылармен жарысамыз.

Менің сынып жетекшім мектепішілік кештерге, спорттық жарыстарға қатыстырады. «Толағай» отбасылық спорттық жарыс ұйымдастырып,өткізгені менің әлі есімде.

Біздің сынып оөушылары тату. Сабақты жақсы оқиды. Бізді итерактивті сыныпқа апарып, әліппе,математика сабақтарында электронды оқулықтармен жұмыс

Ұстазымыз Казбек ағай білімді, өнерлі, еңбекқор, әрқашанда бізге жаны ашып, көмектесіп жүреді. Ағайымыз ата-ананы сыйлауға, тәртіпті болуға үйретеді. Тағылым аларлық «Сөз анасы-сәлем», «Әдептілік-әдемілік» т.б тәрбие сағаттарынан жақсы тәрбие аламыз. Ата-аналарымызбен бірге «Рақмет, әліппе!», «Қош келдің,Наурыз!», «Анашым-ақ гүлімсің!» ертеңгіліктері өте жақсы өтті.

«Ұстазы жақсының , ұстамы жақсы» дегенлей , алдынан шыққан шәкірттері өз ісінің білімді мамандары.

Ұстазым менің ұстазым,

Келеді сізге ұқсағым.

Сыйлаймын сізді әрқашан,

Үлгіңді алға ұстадым.

Мен ұстазымды мақтан тұтамын.

 

 

 

Бұл шығарманы жазған   1 сынып оқушысы  Азаматов Қайсар

Жамбыл орта мектеп-балабақшасы