Ғашықпын Мұқағали жырларына

37

                          Ғашықпын Мұқағали жырларына

Жыр алыбы, ақиық ол дара тым,

Басын бұрған жыр еліне боз аттың.

Өлеңменен өрлеген шың басына

Мұқағали – Хантәңірі қазақтың.

 

Рухты бабам, құдіретсің киелі,

Тас жүрек те сендік өлең сүйеді.

Сусып ішіп, өлеңдей мөлдір бұлақтан,

Бүкіл әлем сізге басын иеді.

 

Дара тұлға өр рухты кеуделі,

Мұқағали – бар Алаштың өрені.

Шыңға теңеп, мықты тас қып орнатып,

Табиғат та сендік бейне тіледі.

 

Жырлары оның жырлайды өмір теңізін,

Толқындары – ыстық көңіл лебізі.

Тұлғасында дара болса, ақиық

Поэзия ғой жанындағы егізі.

 

Жырлайтұғын өмірдің ащы, тәттісін,

Поэзиясы – көңіліндегі ақ құсы.

Нұр сыйлаған, жыр сыйлаған қазақтың

Мұқағали – басына қонған бақ құсы.

 

Саяң сенің киелі, кең ғой бабам,

Құшағыңа бар әлем саялаған.

Мұң тұнған, күңіренген кей шақтарда

Сендік өлең, жырлардан мың күш алам.

 

Өлеңмен шапты даланың қырларына,

Үйретеді өмірдің сан сырларын да.

Десе-дағы «Ғашықпын сол адамға»,

Мен ғашықпын Мұқағали жырларына.

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Жалау Мыңбаев мектеп-

гимназиясының 10-сынып оқушысы

Ағатаева Балдырған