Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа, жәндік атауларының алатын орны.

308

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

Тақырыбы:

Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа, жәндік атауларының алатын орны.

 

Секция:    «Сөйлеші, тілім, жосылып»  

 

Мектеп:  №41 М.Шоқай атындағы орта мектеп  

 

Сынып:  4  «А»

 

Орындаған:   Пейішбек Агахан  Нұрлыбекұлы

Жетекші:  №41 М.Шоқай атындағы орта мектептің бастауыш  сынып мұғалімі Абылаева Гауһар Мұхамадалиқызы

 

Ғылыми жетекші: Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті филология факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Тайманова С.

 

    Қызылорда облысы, Шиелі ауданы 2012 жыл

 

Мазмұны

  Кіріспе**********************************************8-бет

   Негізгі бөлім.

Жәндік және жан-жануарлар атауларының зерттелінуі.******9-бет

Жәндік атауларының топтастырылуы.*******************10-бет

   

   Зерттеу бөлімі

Жәндіктердің символдық мәні**************************11-бет

Жәндік атауларының дүниетанымдық мәні.**************15-бет

Жәндіктерге қатысты фразеологиялық тіркестер. *********16-бет

Жәндіктерге байланысты мақал-мәтелдер мен теңеулер****17-бет

 

     Қорытынды*************************************19-бет

Пайдаланылған әдебиеттер ***************************21-бет

№41 М.Шоқай  атындағы орта

мектептің 4 «А» сынып оқушысы Пейішбек Агаханның

«Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз»

Ғылыми жоба жарысына ұсынған

«Қазақ тілі сабақтарында құрт-құмырсқа,

жәндік атауларының алатын орны.»

атты  зерттеу жұмысына

 

Пікір 

 

Пейішбек Агаханның жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобасына ұсынылған «Қазақ тілі сабақтарында  құрт-құмырсқа, жәндік атауларының алатын орны.» тақырыбындағы еңбегі   ғылыми  тұрғыдан көп қызығушылық тудырады. Агахан құрт-құмырсқа, жәндік  атауларының әр түрлі морфологиялық ерекшеліктерде болатынын, олардың маңызын, табиғатта орналасатын орнын  өз деңгейінде зерттеп  меңгеру  арқылы  жәндік  атауларының      қазақ   халқы   үшін   киелі,  қасиетті  деп саналатын жәндіктердің  мәнін ашуға, халқымыздың мәдени жүйесін анықтауға  өз үлесін шамасына қарай қосқан.

Агахан құрт-құмырсқа, жәндік биологиясына сипаттама беруде көптеген әдебиеттерді пайдаланған.  Қазақ тілі сабақтарында көріп отырған ережелер мен жаттығулар орындауда өзінің байқағыштығын көреміз. «Қазақ тілі сабақтарында  құрт-құмырсқа, жәндік атауларының алатын орны.» тақырыбына жазылған Пейішбек Агаханның ғылыми жұмысын жоғары бағалап, «Ата мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» Ғылыми жоба жарысында қорғауға ұсынамын. Агаханның болашақта шығармашылық табыстар мен жетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін.

 

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда Мемлекеттік Университеті филология  факультетінің

доценті,   филология  ғылымдарының кандидаты:                       Тайманова С.

 

 

 

 

                              Аннотация

Қазақ тілі сабақтарында  құрт-құмырсқа, жәндік атауларының

алатын орнын арнайы алып зерттеудің маңызы зор. Өйткені осы саланы ғылыми негізде қарастыру арқылы  жәндік  атауларының      қазақ   халқы   үшін   киелі,  қасиетті  деп саналатын жәндіктердің  мәнін ашуға, халқымыздың мәдени жүйесін анықтауға және сандаған ғасырлар бойы бабалар жасаған мәдени мұраны танып, игеруге мүмкіндік туады.

Кітаптан, баспасөз материалдарынан, интернеттен қызықты да, танымды  құндылықтарды білуге мүмкіндік болды.

          

Аннотация

 

         Научное исследование посвященно названиям насекомых, являющихся частью природных явлений, существующих наряду с человечеством, встречающихся в языковой системе, в быту и в деятельности степных казахов, занимающихся животноводством, которые до сегодняшнего дня в языковом плане не были исследованы. Стоит заметить, что в нашем языке существует богатый фонд наименований насекомых, который может составить материал для формирования специального словаря названий насекомых. Он может служить объектом языкового исследования во всех отраслях языка. Данная  исследовательская работа посвящена анализу названий насекомых в казахском языке и их использованию на уроках казахского языка.

 

Resume

 

       The  research is devoted to the names of insects in the Kazakh language which are the part of natural phoneme existing together with the humanity in the language system (as well as in the parameological, phraseological stock, in daily life and in the activities of the steppe Kazakhs on the farm including cattle breeding. The theme of the research has not been given analysis and consideration yet. It is worth mentioning that the Kazakh language is rich in the insects’ names which can build the material to compile a special dictionary of insects’ names. The research may also be the object of language studies.

 

 

 

Тақырыптың таңдалуы. Егемен ел болып, еңсемізді көтеріп, етек-жеңімізді жиған заманда өткенімізді ардақтап, бүгінгімізді бағамдауымыз, келешекті бағдарлауымызда мен таңдаған тақырыптың әрі қызықты, әрі танымдық мәні зор.

Жұмыстың мақсаты – қазақ елінің құрт-құмырсқа, жәндік атауларын зерттеп, жүйелеу, күнделікті тұрмыстағы, қазақ тілі пәні сабақтарында қолданысын түсіндіру.

Жұмыстың мақсатына жетуге қойылған міндеттер:

  • Қазақ тіліндегі жәндік    атауларын    жинақтау, пайда болуы жөнінде мағлұмат жинау;
  • Қазақ тілінде атауларының   жасалуына қарай топтастыру, оларға түсінік беру;
  • Құрт-құмырсқа мен жәндік атауларын  қазақ тілі пәнімен  байланыстыру.

 

 

 

 

 

                       КІРІСПЕ

 

Менің  3-4 сыныптардағы қазақ тілі  сабақтарында байқағаным

құрт-құмырсқа мен жәндіктердің атаулары жаттығуларда және ережелерді түсіндіруде көп кездеседі. Осы тақырып мені қызықтыра бастады, яғни жәндіктердің қазақ халқы үшін алатын орны және қазақ тілі пәнін оқу кезінде мысал ретінде неліктен көп қолданылады.

Мысалы, Қазақ тілі. 4 сынып  «Дыбыс үндестігі» тақырыбындағы

 4-жаттығу.

 Сөйлемдерді  көшіріп жаз.

1.Атам жанқалтасынан құжаттарын алды. 2.Шырағым, дүниеқоңыз емес, ақпейіл, адал жан екенсің. 3.Бос жатқан дала құрт-құмырсқаға, қарақұрт пен өрмекшіге толып кетті. 4.Мектептегі  табиғат мүйісінде тасбақа бар.

  1. Қарағанды- ірі өнеркәсіпті қала.

Тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің  айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі – мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де қорында да жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі – жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар. Кеңінен көрініс табатын  тілдің зерттеу нысаны бола алады.  Менің зерттеу жұмысым  жәндік атауларын қазақ тіліндегі қолдануы.

Тілдік қорымыздың оннан бірін құрап отырған  жәндік атауларын зерттеу нысаны етіп ала отырып, халықтың сол бір тіршілік иелері туралы таным-түсінігі, халықтың  соларға берген сипаттамасын, теңеуін, өзге дүниені танытуда салыстыра қолдануын,  адамның мінез-құлқы мен қимыл-қозғалысын әсірелеп танытуда әлгі жәндік атауларын зерттеу өзекті  деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

  1. Жәндік және жан-жануарлар атауларының зерттелінуі.

 

Қазақстанда мекендейтін  жәндіктердің 20 мыңнан аса түрі кездеседі екен.  Табиғат аясында өскен, әрі байқағыш, әрі сөз тапқыш қазақ халқы олардың бәріне атау беріп, айдар таққан.

 

Жәндіктердің  атауларын жинақтап, тілдің әр қырынан қарастыруға тырыстық. Ол үшін жәндіктердің әр алуан түрлілігімен, адамға, айнала қоршаған ортаға пайдалы ықпалы мен зиянды әрекеттерімен ерекшеленген белгілері басым болғандықтан, арнайы зерттеу бағытын таңдап алуды дұрыс көрдік.

Жәндік атауларының түрлері, олардың халықтық атаулары, оларға қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты теңеулер, фразеологизмдер   талданады.

 

                     Жәндік атауларының топтастырылуы.

 

  1. Бау-бақшаға, дәнді-дақылдарға, жемістерге зиян келтіретін жәндіктер;
  2. Жан-жануарларға зиян келтіретін жәндіктер;
  3. Адамда ауру тудыратын жәндіктер;
  4. Медицинада мен техникаға пайда келтіретін жәндіктер;
  5. Құм жәндіктері;
  6. Су жәндіктері;
  7. Түн жәндіктері

 

Әртүрлі халық бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде  қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі ұғым түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді.

Әр затты танып біліп, оны басқалардан ажыратқаннан кейін ғана оған ат қойылады.      Мәселен, жәндікке берілген халықтық атаулары

біріншіден, сыртқы дене бітіміне,  түр-түсіне байланысты болса,

екіншіден,  жәндіктің жасайтын қимыл әрекетіне: жорғалау, секіру, өрмелеу, ирелеңдеу, бұралаңдау, бүкшиген, балпаңдаған, бүріскен, т.б.

қозғалыстарына байланысты болады.

 Үшіншіден, оның өзіне тән қызметі мен өмір сүру тіршілігіне, қоршаған ортаға тигізер пайдасы мен зиянына байланысты да атау беріледі.

 Төртіншіден, жәндіктердің мекендейтін орнына,  тіршілік ететін ұясына сәйкес ат қойылады.     Мысалы,

 мылтықшы – дәуіт жәндігінің халықтық атауы.

Дәуіт айбат шеккенде артқы ұзын екі аяғын жоғары көтеріп, алдыңғы аяқтарына тіреп,  ұзақ уақыт бойы діттеген дүниесін көздеп тұрған, қолына мылтық алған мергендей қозғалмастан тапшылмай тұрып қалады. Осы сыртқы бітім-болмысын мылтықшыға ұқсату негізінде дәуіт халық арасында  «мылтықшы» атанған. Ауызекі сөйленісте «мылтықшы жыланның көзін ойып ала береді» деп қолданады .

Молдабас – кесірткенің қосымша атауы.

Оның сыртқы келбеті, әсіресе басы сәлде ораған молданың басына ұқсайтын болғандықтан, теңеу негізінде «молдабас» атауы халық арасына кең таралып, қолданымдық аясы да кеңейе түскен. Бұл атау сыртқы бітімін ұқсату, теңестіруден  туындаған.

 

       Жәндік атауларының дүниетанымдық мәні.

 

Жәндіктердің адам танымында, ырым-тыйымдарында, наным-сенімінде ерекше орын алатыны, тіпті жыл мезгілдерінің өзгеру құбылыстарын сол жәндіктердің әрекетіне, қызметі мен қимыл-қозғалыстарына қарап болжауы,

табиғат апаттарын сездіртетін жәндіктердің қасиеттерін қастерлеуі адам мен табиғаттың осы бір кішкене бөлшегінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты, біте қайнасқан өмірді, тіршілік етер орны мен жұтар ауасы ортақ екенін байқатады.

 

4 сынып. Қазақ тілі.   «Жіктеу есімдіктері»

2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Есімдіктерді ата.

Олжас пен Айбек қармақ салуға бармақшы болды.

-Сен жемге не алдың ?-деп сұрады Олжас.

-Мен шегіртке алдым,- деді Айбек.

 

Жәндіктердің символдық мәні.

 

Адамдар дүниетанымындағы жәндіктерді де символ ретінде пайдаланады.

Қазақ халқы үшін

жылан арбаушы күш-құдіреттің символы, қазыналы байлықтың қорғаушысы,

құмырсқа – еңбекқорлықтың символы,

шегіртке – ойсыздық, жалқаулықтың символы,

көбелек – жеңілтекті, ақкөңілділіктің символы.

4 сынып. Қазақ тілі.  Атау септік. 2- жаттығу  

       Бір құмырсқа өзенннің жағасына келеді. Өзеннің суына еңкейе бергенде, толқын соғып, суға кетіп қала жаздайды. Мұны көрген көгершін аузындағы тістеген бұтағын суға тастайды. Құмырсқа бұтаққа жабысып, аман-есен калады. Осы кезде бір мерген тормен көгершінді ұстамақ болады. Мұны көрген құмырсқа мергенге жабысып,  оның аяғын шағып алады. Мерген «Не болды?»-деп торын тастай  бергенде, көгершін ұшып кетеді.

Тапсырма. Ертегіні қалай атар едің. Құмырсқа мен көгершіннің іс-әрекеті туралы қандай мақал айтуға болады.

 

Үндістанда жылан – өмірді жалғастырушы, мәңгіліктің, жанның  байлығы және кей жағдайда жасырын жатқан байлықтың символы деп есептейді. Сонымен қатар,кобра жыланы – қорғаушының символы деп есептелінеді.

Қытайда жылан – қулықтың және қауіптің символы.

Қазіргі кезде жыланмедицинаның басты символы  –  тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген.

Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.

Жылан уының емдік қасиеті бар.

Жәндік атауларының ішінде халықтың дүниетанымында кең, ауқымды орын алған, өзіндік күш-құдіреті мен адамға деген қатынасы негізінде тілдік қорда әртүрлі мағыналарға, сыни, бағалауыштық мәндерге ие болған, мифологиялық, діни тұрғыдан бейнесі ерекше сомдалған ЖЫЛАН атауы.

3 сынып Қазақ тілі «Зат есімді қайталаймыз»

1- жаттығу. Сөздерді оқып, зат есімдерді көшіріп жаз.

Теңіз, жылан,  балық,  кітапхана, орман, он бес,  құмырсқа,

қоңыр, өсіру.т.б.

 

Жыланның жалпы тіршілігі, өзіндік ерекшелігі, айнала қоршаған ортаға қатынасы туралы мәліметтерді жинақтай келе мынадай жіктемелерге бөліп қарастырғанды жөн көрдік:

  • Жылан –қоршаған ортаға қауіпті жәндік;
  • Жылан – жер асты байлығының иесі;
  • Жылан – үйге кірген құт;
  • Жылан – қамшы;
  • Жылан – мүшел жылы;
  • Жылан – ырым нышаны, («Жылан-қайыс»);
  • Жылан – арғықазақ мифтерінде әйел бейнесі;
  • Жылан – түзу жолдың, өрімнің, жүрістің, ою-өрнектің үлгісі;
  • Жылан – арбаушы;
  • Жылан – зұлым, тілі ащы, зымиян, іші-бауырыңа еніп алып, бүлік тудыратын жағымсыз адам бейнесі.

 

 

 

 

 

3 сынып Қазақ тілі   5 — жаттығу

Мақалдарды оқы. Дауысты дыбыстарды ата.

1.Ордалы жыланмен ойнама.2. Бір киікті бір тау аш қылмайды. 3. Жаз жыланнан қорыққан, Ақ арқаннан аттамайды.

  1. Мезгіл  жетсе мұз да ерір.

 

Жыланның өзіне қатысты да 50-ге жуық тұрақты теңеу тілімізде кең қолданысқа ие болған. Олар жыланның физиологиялық қимыл-қозғалысы мен өзіне тән қасиеттеріне салыстыру негізінде туындаған теңеулер. Мысалы: абжыландай толғану,

 белге ұрған жыландай сылқ ету,

 жас жыланша сумаңдау,

 жаралы жатқан жыландай, жеті басты жыландай,

 жыландай жарау,

 жыландай жиырылу,

 жыландай жорғалау,

жыландай жұмыртқалау,

жыландай жылмыңдау,

 жыландай ирелеңдеу,

 жыландай оралу,

жыландай тулау,

жыландай шағу,

жыландай шұбатылу,

 жыландай ысқырыну,

жыланша арбау,

жыланша бұраңдау,

жыланша бүктетілу,

жыланша жүзу, т.б.

 

Қорыта келе айтарымыз, жылан қазақ таным-түсінігінде, ой-санасында ерекше орын алатыны байқалады. Оған себеп,

біріншіден, адамзат баласы пайда болғаннан бері өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде біте қайнасып келе жатқан осы жыланның өзіндік  тарихы.

Екіншіден, әрі қорқыныш үрей тудыратын, әрі құт-берекенің иесі деп саналатын жыланның бейнесі халықтың сана-түйсігінде терең сақталып, тілінде, халық ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрінде, наным-сенімі мен ырым-жоралғыларында өзіндік бейнесі бар.

3 сынып Қазақ тілі «Дыбыс және әріп»

1- жаттығу Сөздерді оқы. Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп?

Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айт.

Асқабақ, қауын, бақа, қызылша, жылан, көбелек, шыбын,  бұршақ,  кең,  домбыра, жиырма, т.б.

Жәндіктердің ішкі, сыртқы бітім-болмысы мен тіршілігін мұқият бақылап, солардың қимыл-қозғалысынан жағымды не жағымсыз әсер алып отыратын байқампаз халқымыздың таным-түсінігінен туындаған бірқатар тұрақты тіркестер қолданылады.

Айталық, бақа – ұзындау артқы аяқтары секіруге бейім келген, құйрықсыз су жәндігі. Одан мынандай атаулар мен тіркестер туындаған:

 Бақа ауыз – арбаның оқтық ағашы енетін, алдыңғы дөңгелекке бекітілген ағаш.

Бақа бас – жалпақ басты (етік).

Бақа ине – кесте тігетін ине.

Бақа көз – сыртына шығыңқы, томпақ көз.

Бақа қыбыр – маңдымайтын, сылбыр қозғалыс.

Бақа мойын – мойны қысқа.

Бақа тамақ – бұғағы түсіңкі, салбыраңқы тамақ.

 

 

 

 

 

Жәндіктерге қатысты фразеологиялық тіркестер.

Бақа жәндіктер де «қорқыту, үркіту» мағынасында, азып-тозған, ұсқынсыз  кейіпті таныту мағынасында фразеологиялық тіркес тудыра алады. Мысалы:

 аш бақа;

көк бақа;

тірі жан, тісті бақа;

 аузын бақадай ашты;

тісті бақадай жабысты.

 

       Жәндік атауларының дүниетанымдық мәні.

 

Жәндіктердің адам танымында, ырым-тыйымдарында, наным-сенімінде ерекше орын алатыны, тіпті жыл мезгілдерінің өзгеру құбылыстарын сол жәндіктердің әрекетіне, қызметі мен қимыл-қозғалыстарына қарап болжауы,

табиғат апаттарын сездіртетін жәндіктердің қасиеттерін қастерлеуі адам мен табиғаттың осы бір кішкене бөлшегінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты, біте қайнасқан өмірді, тіршілік етер орны мен жұтар ауасы ортақ екенін байқатады.

Жәндіктің адам өмірінде оның дүниетанымында айтарлықтай орын алғанын аңыз-әңгімелер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздерден көреміз.

Мысалы: Жұмбақтар

Ызыңдап ән салып,

Жұп- жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.    (Шыбын)

 

Құжынаған жұмыскер

Бірлескенде тым іскер  (Құмырсқа)

 

 

Денесі буылтық,

Сырты жасыл түк.  (Жұлдыз құрты)

 

Сабы жоқ қамшы,

Ешкімге ұсынба,

Уы бар бір тамшы,

Тілінің ұшында.   (Жылан)

 

       Жәндіктерге қатысты фразеологиялық тіркестер.

Бірқатар елдерде жайраңдаған жаздың сәні, нәзіктік пен сұлулықтың символы болатын көбелек қазақ танымында ақкөңілділік, шыр айналып ұшу, көзсіз ұрыну мағыналарын жеткізуде кең қолданысқа ие.

Мысалы:  ақ көбелек,

көзсіз көбелек,

 қан көбелек ойнады,

 шыр көбелек айналу.

Жәндіктердің ішкі, сыртқы бітім-болмысы мен тіршілігін мұқият бақылап, солардың қимыл-қозғалысынан жағымды не жағымсыз әсер алып отыратын байқампаз халқымыздың таным-түсінігінен туындаған бірқатар тұрақты тіркестер қолданылады.

       Жәндіктерге байланысты мақал-мәтелдер мен теңеулер

Мақал-мәтелдердің мазмұны көбінесе бір ғана ойды жеткізуді мақсат ете

отырып, оны айқындап дәйектей түсу үшін, өзге бір дүниемен теңестіре, салыстыра бейнелеу негізінде құрылады.

Мысалы,  «Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас» мақалын алып қарайтын болсақ, «кез келген адам өмірде қателеседі, қателеспейтін адам болмайды» деген философиялық тұжырымды бақаның сусыз, яғни көлсіз тіршілік ете алмайтын физиологиялық ерекшелігімен салыстыру негізінде сипатталып отыр.

 

 

Мақал-мәтелдер:

Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жуас адам жұртқа жем,

 

Жыланның сүймес асы

Иесінің аузына шығады.

 

Жібек құртын асырай алмаған,

Жүдетеді.

Қызды асырай алмаған,

Күң етеді.

 

 Бақа жарығы сумен,

Қатын жарығы ерімен

 

 Еңбексіз ит жер, бейнетсіз бит жер

Келесі бір мақал түрінің мазмұндық құрылымы әсірелеу мақсатында айтылмақ ойды дәл жеткізуді көздейді.

Мысалы, «айыр құйрық шаяннан айыр тілді адам жаман» деген мақалда адамның тілі айыр болмаса да, айырқұйрықты шаян секілді шағып, тістеп, жанына батырып, сүйектен өткізіп сөйлеу мінезі шаянның жеке физиологиялық ерекшелігі мен қорғаныштық мүшесіне теңелу арқылы салыстырмалы түрде бейнеленіп жеткізілген. Бұл жерде халықтың ұтқыр ойы, бейнелеу шеберлігі айрықша екені байқалады. Себебі, абстрактілі ұғымды заттық дүниемен оңтайлы үйлестіре теңестіру – күрделі ойлау жүйесінің жемісін көрсетеді.

Енді бір мақалдардың мазмұндық құрылымы халықтың көпжылдық өмір тәжірибесінен, бақылап, зерделеп білген білімінен туындайды. Мысалы, «Жылан жылы жылыс болады,

Жылқы жылы ұрыс болады,

Қой жылы заңғар тоғыс болады» деген мақалдың мазмұны халықтың астрономиялық  білім тәжірибесінің негізінде туындаған ақпарат беруші мақалдар қатарынан орын алады.

          Сол сияқты көбелекке, бүйіге, шегірткеге, масаға, инелікке, араға, өрмекшіге, масаға қатысты теңеулер тілдік қорымызда кеңінен қолданысқа түскен.

Қорыта айтарымыз, жәндіктерге қатысты теңеулер,

біріншіден, сол жәндіктердің физиологиялық бітім-болмысы мен қимыл-әрекеттеріне ұқсату негізінде туындаса,

екіншіден, тірі жанға тигізер пайдасы мен зияны, ықпалы, әсері теңеу жасауға негіз болады.

3 сынып «Сөйлем мүшелері» тақырыптағы 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.  

Сауысқан

Сауысқан қалада сирек кездеседі. Ол қаланың шуын жақтырмайды. Сауысқан қала ішінде қорегін таба алмайды. Өйткені ол құрт, құмырсқа, бақа және дала тышқанымен қоректенеді.

Тапсырма.

Сөйлемдегі әрбір сөзге  сұрақ қой.

Әрбір сөйлем неше сөзден құралған?

 

Фразеологиялық тіркес құрамында кездесетін құрт сөзі тек жағымсыз мағынаны, яғни қарғыс мәнді, көзі тоймау, аурудың жайлап кетуі мағыналарын танытуда жиі қолданылады.

Мысалы: Бауырыңа құрт түссін!

Есек құрты мұрнынан түсті.

 Көздің құрты. Көздің құртын жеді.

 Көзінің құртын салып, сұғын қадап отыр.

Қолқаңды құрт жесін!

Құлағының құрт етін жеді.

Олар: құрт атаулары:

      Ақсұлама – жалпақ құрттар типінің кірпікшелі құрттар класының өкілі: ақсұламаның түсі ақ,  жапырақ тәрізді, денесі көлбеу созылып жатқандықтан, ақ сұлама деп аталады.

     Құмқазар – буылтық құрттар типінің туысы. Құмда індер қазып тіршілік

ететін теңіз құрттары. Түсі қошқыл қоңыр, құмнан  U  тәрізді  ін  қазып, іннің

шұқырақты аузынан қорегін аңдиды.

Демек, жәндік атауларының  белгілі бір ұғымды жеткізуде елеулі мағынаға ие  болып, тұрақты тіркес құру қабілеті сол жәндіктердің жеке биологиялық ерекшеліктері мен адамға деген қарым-қатынасынан туындайды деп қорытынды жасауға болады.

                                     

                                      ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жәндік атауларының ішінде қазақ халқы үшін ерекше мәні бар,

символдық негізі бар  жыланның ерекше жәндік болып саналатыны талдау жасау кезінде байқалды.

Жыланның қоршаған ортаға қауіпті жәндік, зұлым, тілі ащы, бүлік тудыратын жағымсыз адам мінезді білдіретіні, жер асты байлығының иесі, халық танымында үйге кірген құт, қамшы, қайыс, белбеу символы ретінде танылатыны, мүшел жылдың бірі, қазақ наным-сенімінде мифтік бейнеге айналған бірқатар ырымдардың ұйытқысы, көне мифтік аңыздардағы әйел бейнесі, ою-өрнектің үлгісі,  халық психологиясында арбаушылық, сиқырлық қасиеті бар құдіретті күш екені анықталды.

Жәндіктердің адам танымында, ырым-тыйымдарында, наным-сенімінде ерекше орын алатыны, тіпті жыл мезгілдерінің өзгеру құбылыстарын сол  жәндіктердің әрекетіне, қызметі мен қимыл-қозғалыстарына қарап болжауы, табиғат апаттарын сездіртетін  жәндіктердің қасиеттерін қастерлеуі адам мен табиғаттың осы бір кішкене бөлшегінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты, біте қайнасқан өмірді, тіршілік етер орны мен жұтар ауасы ортақ екенін байқатады. Жәндіктің адам өмірінде оның дүниетанымында айтарлықтай орын алғанын тілдік деректер (аңыз-әңгімелер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер) дәйектей түседі.

Жалпы адамзат баласы үшін  жәндіктердің пайдасы мен зияны, қасиеті мен құдіреті айтарлықтай әсер қалдырған. Соның негізінде әрбір жәндік белгілі бір ұғымның символына айналғаны көрсетілді.

Жәндіктерге қатысты теңеулердің барлығы дерлік адамның мінез-құлқын,  баяу, созыла қимылдаған қозғалыстарын сипаттауда белсенді қолданылатыны аңғарылады.

Құрамында жәндік атаулары кездесетін фразеологизмдердің мән-мағынасы сол жәндіктің жеке қасиеті мен қызметінің негізінде туындап, ауыспалы, коннотаттық мағынаға ие болған.

Нәтижесінде қазақ тіліндегі әдеби, халықтық, жергілікті жәндік атаулары жинақталып, олардың лексикалық қабаты мен сөзжасамдық құрамы анықталды. Фраезологиялық, паремиологиялық қордағы қолданылу ерекшеліктері, бейнелеуіштік, бағалауыштық, коннотаттық мән тудыратын қасиеттері айқындалды.

Сондай-ақ, жәндіктердің әдеби, халықтық атауларымен қатар қолданыста жүрген жергілікті атауларының бірнеше түрлері қарастырылып, анықталды. Зерттеу барысында жәндік атаулары көбінесе өсімдік атауларымен, тұрмыстық бұйым атауларымен және сол жәндіктерден тарайтын ауру атауларымен омонимдік қатар құрайтыны белгілі болды.

 

 

Ұсыныс

 

 

  1. Осы жұмысымда аталған құрт, құмырсқа, жылан, шегіртке, дәуіт, бақадан басқа да жәндіктер туралы мәліметтерді жинақтай отырып, өз ортама насихаттау.

 

  1. Қазақ тілі пәнінің ережелеріне сәйкес кездесетін жәндік атауларына қатысты фразеологиялық тіркестерді іздеуді жалғастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Ж. Балтабаева «Қазақ тілі» 3-4 сынып  «Алматыкітап» баспасы, 2010.

14-15 б.

  1. Наурызбаева З. Воинский инициатический ритуал кочевников «Жылан-

кайыс»  «Рух-Мирас» журналы, 2004. – №3 (3). –17-19 б.

  1. Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы: филол. ғыл.док.

диссерт.: Авт.  – Алматы, 1997. – 282 б.

  1. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы, 2005.  – 824 б.
  2. Керлот Х.Э. Словарь символов. – М.: 1994. – 608 с.

6.Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы, 1988. –158    7.Меңлібаев Ғ. Бүгінгі жер атауы – бұрынғы ел атауы // «Ана тілі» газеті,

2003.

  1.       Қарбура. Тарихи-танымдық жинақ / Құраст. Ред. И.Жақанов.

Алматы:              Өлке, 1997. – 573 б.

  1. Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары Алматы «Білім» 2007

113-115- бет