Ауылым

Ауылым

 

Туған жерім, тал бесігім –Қайнарым,

Туып сенде, етегімді жайғанмын.

Алла берген құт мекені Алакөлдің,

Қайнар менің ең сүйікті аймағым.

Сенен әлі өмір нәрін алармын,

Кейін мен де керегіңе жарармын.

Бұрындары талай тұлпар сенен шықты,

Алакөлдің мекенісің ең мықты.

Ақ айдынды Алакөлдің — кіндігісің,

Киіз үйдей Алакөлдің — түндігісің.

Сенде туған әрбір адам мақтанады,

Басқа жаққа қимастықпен аттанады.

Туған ауыл, тәрбиені сенен көрдік,

Ештеңеден қорықпай сенде өстік.

Жүрегімде ұмытылмас бір дарасың,

Туған аулым көркейіп сен барасың.