Тілек

    Тілек

 

Мен қазақтың қызымын ибалымын,

Бабалардың келемін ізіменен.

Инабатты, иманды бойға үйірген,

Ата-анамның қызғалдақ гүлімін мен!

 

Бүгінде заманымызды нарық қысқан,

Қынжылтат, қиыншылық әрбір тұстан.

Еліміздің тыныштығы бұзылмасын,

Сақтасын жерімізді сұм соғыстан!

 

Сәбилердің күлкісі тыйылмасын,

Жастарымыз жамандыққа ұрынбасын!

Тегі дұрыс халықтың қашаннан да,

Пейілі ел-жұртымның тарылмасын!

 

Әрқашан бейбіт өмір орнасыншы,

Сұм індет біздің елде болмасыншы!

Білімді жастарымыз көкке самғап,

Елінің тыныштығын қорғасыншы!