Өрнек 10 – а

90

Өрнек 10 – а   Математика (1-сынып)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:  Оқушыларды 10 – а өрнегінің мәнін табу жолымен таныстыру.

Берілген амалдарды пайдаланып, есепті шығаруды үйрету.

Сандардың құрамын қайталау.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, есте сақтау,

ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, білімділікке, тапқырлыққа, алғырлыққа

тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, сызба.

 

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, математикалық жұмбақ.

 

Сабақтың жүру барысы:

Оқытушы: Алдымен үй жұмысын тексерейік. Үйде қай тапсырманы орындадыңыз?

 

Оқушы: Үйде №4 тапсырманы орындадық. Әріпті өрнек құрып, санды өрнекке айналдырып, мәнін таптық. (3 оқушы оқиды)

 

Оқытушы: Дұрыс! Енді тақтадағы сызбаға назар аударайық.

Не көріп тұрсыңдар?

Оқушылар:

  • Сандар қатары
  • Әріптер

 

 1  2  3  4  5

 

 

 

  р    е   к   ө   н

 

Оқытушы: Дұрыс! Осы сызбаға қарап, сызық бойымен қолыңды жүргізбей-ақ, берілген сандарға сәйкес әріптерді анықтаңдар.Сөздерді оқыңдар. Қандай сөз шықты?

Оқушылар: Өрнек сөзі.

Оқытушы: Дұрыс таптыңдар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Өрнек»

(оқушылар дәптерге жазады, көркем жазу 10 саны)

Оқытушы:

  • Балалар, қандай өрнектерді білесіңдер?

Оқушылар:

  • Санды өрнектер.
  • Әріпті өрнектер.
  • Қосынды.
  • Айырма.

Оқытушы: Жақсы балалар, дұрыс! Ал әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру үшін не істеу керек?

(оқушылардың жауаптары)

Оқулықпен жұмыс

№1; кестені толтыру.

Математикалық жұмбақ

№2;

а+1

а=9     9+1=10

а=0     0+1=1

 

а=9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

Ағаштардың суреттерін көрсету, әңгімелеу.

№3; Есепті шығару, талдау, түсіндіру.

Қарағай – 6

Қайың — 4           — ?

 

Шешуі: 6+4=10(а)

Жауабы: Барлығы 10 ағаш өсіп тұр.

Сергіту сәті

№4; Сандардың құрамы (ауызша талдау).

Шығармашылық тапсырма:

Дұрыс жолды табу.

 

Қорытынды:

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Қандай тапсырмаларды орындадық?
  • Әріпті өрнекті санды өрнекке қалай айналдырамыз?

(оқушылардың жауаптары)

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.