ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕРІ МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ

90

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ,

БАСҚА  ДА  ӘСКЕРЛЕРІ   МЕН  ӘСКЕРИ  ҚҰРАЛЫМДАРДЫҢ

ЖАЛПЫӘСКЕРИ ЖАРҒЫЛАРЫ

Қазакстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери кызметшілердің міндеттері мен қүкықтары және өзара қарым-қатынастары анықталады.

Жарғылар әскерлердің өмірі мен күңделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.

Қазіргі кездегі жарғыларда Кеңестік Қарулы Күштер мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері критерийін қалыптастырудағы көпжылдық тәжірибелер есепке алынған. Олар әскери-техникалык прогресс нәтижесінде қол жеткізілген әскери істің қазіргі даму деңгейін және соңғы жылдарда әскери істе болған өзгерістерді қамтиды.

Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.