5 санын қосу және азайту

59

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға 5-ті қосу және азайту тәсілдерін үйрету.
  2. Тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.
  3. Жүйелі ойлау қабілетін дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайд.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік талдау, іздену.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. (1 слайд)

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Дидактикалық ойын: «Жауапты анықта».
  2. Жапырақтар арасындағы сандар арқылы қосынды мен айырманың мәнін табу.(2 слайд)
  3. Алмұрттарды жинау. 4 санының құрамын табу.(3 слайд)
  4. Ойлан тап: Алмадағы өрнектерді аңдарға бөліп берейік.(4слайд)
  5. Үйлердің есігін ашуға көмектес: (5 слайд)

Кілттегі өрнектерден нені байқадыңдар?

Ендеше, бүгінгі сабағымыз 5 санымен байланысты. 5 қандай сан? натурал, тақ, біртаңбалы, қасиетті. 5 саны мынадай сөз тіркестерінде кездеседі, соған қауымдастық құрайық. (6,7 слайд)

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

5-ті қосу кестесін 1 оқушы айтады.(8 слайд)

Бүгін 6,7,8,9 сандарына 5 санын қосу мен азайтудың ерекшеліктерімен танысамыз. (9,10 слайд)

4 оқушы түсіндіреді. Дәптерге жазылады. (11,12 слайд)

Тақтада көрсетіледі, оқушы түсіндіреді.

№3.Математикалық диктант. Өрнектің мәнін табу: 12, 7, 13, 8, 14, 9.

№4.Бұл есепте 2 сұрақ. Белгіге назар аудару.(13  слайд)

?

Әңгімелер – 6 күн

Жыр — ? – 5 күн ұзақ

Шешуі: 6 + (6 + 5) = 6 + 11 = 17

Жауабы: 17 күн

?

№5. Қыз – 24

Ұл — ? 4-еуі кем

Шешуі: 24 + (24 – 4) = 24 + 20 = 44

Жауабы: 44.

(14,15 слайд)

Өте жақсы балалар.  Бүгінгі сабаққа белсенді қатыстыңдар. Рахмет!

Бағалау.

Үйге тапсырма: 78 бет №6

Қорытынды:

  • Біз бүгін немен таныстық?
  • 5 санын қосу және азайтудың тиімді тәсілдерімен.