Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері

Қазақстан Республикасын қорғау — оның әр азаматының қасиетті борышы және міндеті. Қазақстан Республикасы азаматтары әскери қызметті заңда көрсетілген тәртіп бойынша атқарады.

Әскери қызмет атқару — қоғам және мемлекет тарапынан берілген аса зор жауапкершілік, ол жауынгерден биік моральдық-этикалық өнегелілікті талап етеді.

Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті ерікті түрде шақыру бойынша немесе келісімшартқа отыру арқылы атқарады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде немесе басқа да әскери бөлімдерге заңда көрсетілген тәртіппен алынады. Қазақстан Республикасыньщ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Қарулы Күштерде жауынгерлерге әскери атақ беріледі.

Әскери қызметші мәртебесіне қоса әр жауынгер Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзіне тиесілі барлық қүқықтарды жөне әскери қызметкерлерге тиесілі жеңілдіктерді пайдалана алады.

Әскери қызметші қызмет барысында (әскери міндетін өтеу кезінде мемлекеттік кызметкер болып саналады және мемлекеттің қорғауыңда болады. Мемлекет өз кезегінде өскери қызметші өз міндетін адал атқару, яғни өз Отаны — Қазақстан Республикасын корғау үшін бар күш-жігері мен көсіптік шеберлігін аямайды деп сенім білдіреді.

Әскери қызметшінің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға;
  • әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға;
  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орьндау кезінде байыпты бастама жасауға;
  • командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік туын сақтауға;
  • әскери кәсіптік білікті үдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
  • өзіне сеніп тапсырылған кару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы өзірлікте ұстауға, өскери мүлікті жөне баска да материалдык кұралдарды сактауға;
  • жауынгерлік жолдастықты бағалауға, жолдастарын кауіптен күтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де кемектесуге, әркайсысының ар-намысы мен абыройын кұрметтеуге, өзіне жөне басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;
  • әскери өдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, әскери киім нысанын кию ережесін сақтауға, ұқыпты киюге;
  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.