Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші  шенділер

Өзінің қызмет жағдайы мен өскери атағы бойынша бір өскери қызметші бір-біріне қатысты бастык немесе бағынышты болуы мүмкін.

Бастықтың бағыныштыға бұйрықтар беру құқығы бар олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныштының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады.

Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты өскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.

Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

Бағыныштыға ең жақын төте бастық тікелей бастық депаталады.

Қызметі жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай өскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

  • Армия генералдары — барлық әскери қызметкерлер үшін;
  • Генерал-полковниктер, адмиралдар — барлық аға және кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін;
  • генерал-лейтенанттар, вице-адмиралдар, генерал-майорлар, контр-адмиралдар, полковниктер, I дөрежелі капитандар — барлық кіші офицерлер, сержанттар (старшиналар) солдаттар (матростар) үшін;
  • офицерлер — сержанттар (старшиналар), солдаттар (матростар) үшін;
  • сержанттар (старшиналар) — сол әскери белімдегі солдаттар мен матростар үшін.

Өзінің қызмет жағдайы мен өскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардьщ бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын өскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады.

Аға шенділік өскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқын-далады. Өскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, коғамдық реттілікті, мінез-кұлық қағидаларьш, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.

Бір-біріне бағынбайтын әскери кызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.