Тәуліктік күзеттің қызмет өткеруіне арналған бөлмені (орынды) жабдықтау, қажетті құжаттардың тізбесі

65

Тәуліктік күзеттің қызмет өткеруіне арналған

бөлмені (орынды) жабдықтау, қажетті

құжаттардың тізбесі

Рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшінің кызмет өткеруіне арналған бөлмелер (орындар) төуліктік күзет адамдарының кызметтік міндеттерін орындауына ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады және жабдықталады. Кызмет өткеру үй-жайларында (орындарында):

—     белгі кабылдайтын

бөлімшелерге хабарлайтын техникалык кұралдар;

  • байланыс құралдары (телефон, селектор);
  • сағаттар;
  • жарықтандырудың резервтік көздері;
  • медициналық аптечка;
  • өрт сөндіру кұралдары;
  • төуліктік күзет құжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс. Тәуліктік күзетте мынадай кұжаттар болуы керек:

—     кезекшіге жөне оның көмекшісіне (тәуліктік кезекшіге), оның
ішінде, қарсыластың ядролық, химиялық жөне биологиялык (бакте-
риологиялык) кару колдану қаупі төнген жағдайындағы нұсқаулар;

—     күн тәртібі;

—     телефон стансыларының жөне лауазымды адамдарды шақыру
белгілерінің кестесі;

—     өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау;

—      құжаттар мен мүліктердің тізбесі;

  • кезекшілікті қабылдап алу жөне тапсыру кітабы;
  • Қазакстан Республикасы Карулы Күштерінің жарғылар жиын-тығы.

Рота бойынша кезекшіде (төуліктік кезекшіде):

  • кезекші (тәуліктік кезекші) беретін үлгілік пөрмендер мен белгілердің тізбесі;
  • ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілердің мекенжайлары, телефондары мен шақыру тәсілдері жөне шабармандар жазылған тізімі;
  • таңертеңгі денешынықтыру жаттығуларына арналған киім нысандарының үлгілері;
  • аумақтық тазарту үшін ротаға бекітілген учаскенің сызбасы;
  • кару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы;
  • дабыл бола калған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс мөшинелерінің оталдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болуы тиіс.