Әріпті өрнектерді салыстыру

57

Тақырыбы: Әріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру)

Мақсаты:

-білімділік:әріпті өрнектер туралы түсінігін кеңейте түсу,әріпті өрнектерді есептемей салыстыруға үйрету, «артады», «кемиді» ұғымдарын енгізу;

-дамытушылық:қосу,азайту амалдарының компоненттерін талдай білу  машығын арттыру,10 көлеміндегі кестелік қосу,азайтуға қатысты  төрттік мысал құрастыру дағдысын жетілдіру;

-тәрбиелік:көркем жазуға баулу,қалыптан тыс ойлауға үйрету,табиғатты сүюге,аялай білуге тәрбиелеу.

Қолданылған құрал-жабдықтар:интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Көркем жазу   2 2 2 2 2 2 2

III.Ой ширату

а) 3+2  2+3  6-5  10-8  4+5  8-6  1+8 9-7  6+4  3+7  10-8

8-2  а+7=8   8-а=2   3+а=9   +1+3=6   7++1=8

ә)3-ті 5-ке арттыр, 8-ді 2-ге кеміт, 6-ны 3-ке кеміт, 6-ны 3-ке арттыр.

IV.-Сүйінші деген не? Сүйінші қай кезде сұралады? Олай болса тақтаға қарайық..

 

-Құстар бізден сүйінші сұрай келіпті.Олардың бізге ала келген тапсырмалары бар екен.Орындаймыз ба?               =

А)- «Көктем» сөзі  мен 2+4=6 өрнегінің арасында қандай байланыс бар?  2 дауысты+4 дауыссыз=6 дыбыс(әріп)

-Қосудағы сандар қалай аталады?  2 қосылғыш ,4 қосылғыш,

6 қосындының мәні.

В)Берілген сөздердің көктемге қатысы туралы сұралады.

Дауысты,дауыссыз дыбыстарға қатысты өрнектер құралып,мәні табылады.

Найзағай   8-3=5  азайғыш ,азайтқыш, айырманың мәні аталады.

Сиыр а+с   2+2,        Ұя а-с  2-1,   Нөсер  а-в  5-2.

V.Оқулықпен жұмыс

1-мысал

Қосылғыш                   3   3   3   3   3   3   3

Қосылғыш                   1   2   3   4   5   6   7

Қосындының мәні      4   5   6   7   8   9  10

 

«Қосылғыштардың бірін арттырғанда қосындының мәні де артады»деген қорытынды жасалады.

 

Азайғыш                9   9   9   9   9   9   9

Азайтқыш              1   2   3   4   5   6   7

Айырманың мәні  8   7   6   5   4   3   2

 

«Азайтқыш артса айырманың мәні  кемиді» деген қорытынды жасалады.

 

Азайғыш                4   5   6   7   8   9   10

Азайтқыш              2   2   2   2   2   2    2

Айырманың мәні  2   3   4   5   6   7    8

 

«Азайғыш артса айырманың мәні де артады» деген қорытынды жасалады.

VI.Жаңа тақырыпты түсіндіру

3+4 >4+2   бұл санды өрнектер

3+а > а+2  әріпті өрнектің мәні белгісіз болса да  белгілі қосылғышқа қарап салыстырамыз 3>2, демек, 3+а артық

7-3 < 7-2

d-2 > d-3 себебі азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді

VII.Бекіту

 2-мысал

 

  а  < а+3           с+3 =  3+с          с+1 <  с+2

  b b-3            5- c <  10-c          a-1  >   a-2

 

7.Ертеде әріптер мен сандар араз болыпты.Олар үнемі айтысып жүреді екен. «Біз болмасақ санау ,қосу, азайту болмас еді»,-деп мақтанады сандар.Ал әріптер болса: «Біз болмасақ жазу,оқу болмас еді»-деп таласады.

  Бір күні 3 саны мен З әрпі бірін –бірі көріп таң қалады.Қалай ойлайсыңдар?Олар неге таң қалды? (Олар бір-біріне ұқсайды)

Сол күннен бастап олар дос болып кетеді.Содан соң басқалары да достасады.Бәрі бірігіп  «төрттік мысал»  деген ойынды ойлап тауыпты.

  1. Ендеше біз де сол ойынды ойнайық

 

-Сағат сөзінде 2 дауысты, 3 дауыссыз –барлығы 5 дыбыс.

«Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.Қосуды азайтумен тексереді» деген ережелер пысықталады.

 

 

 

Жолбарыстың баласын шөнжік деп атайды.Біліп жүріңдер.

 

Шөнжік   2+4      4+2  6-2   6-4          Бұлт  1+3    3+1   4-1   4-3 Өрмекші   3+4    4+3   7-3   7-4

 

 

9.Өзіндік жұмыс(4-мысал  90-сабақ)

 

 

10.Көгершіннің тапсырмасы

 

«Мен осы үйлердің шатырында тұрамын.Үйдің тұрғындары кілттерін шатастырып алыпты.Көмектесейік»

 

 

-Мәні бірдей өрнектерді сызық арқылы қос

 

11.Көгершін ризашылығын білдіреді

 

 

 

12.Электрондық оқулық тапсырмалары орындалады

№ 4  № 3  № 6

13.Қорытындылау

 

14.Бағалау,мадақтау

 

15.Үйге тапсырма беріледі,кері есеп құрастыру тәсілі түсіндіріледі