Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

110

Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

Күзетілетін объектілер орналасқан аумактың сым коршауларының арасы: тәменгі бәлігі 5 см-ден, жоғарғы бөлігі 15 см-ден аспайтын арақашықтықтағы биіктігі 2 м-ден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақа-шықтығы жергілікті жағдайға қарай 10 м жөне одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу (жол) және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың сыртқы жағынан өтетін бақылау-қадағалау жолы жабдықталады.

Күзетілетін объектілерге кіреберісті бақылауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына (сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар байланыс, дабыл жүйесі қүралдарымен, қуатты жарықтандырғыш күралдармен және найзағайдан сақтану қүрылғыларымен жабдык-талған бақылау мүнаралары (2-сурет) орналастырылады.

Кейбір жағдайларда Қорғаныс министрінің бүйрығымен, сондай-ақ қүрамалар мен өскер түрлерінің бірінші басшыларының шешімімен бақылау мүнараларының параметрлері өзгеруі мүмкін.

Аса маңызды объектілерде қару-жарак пен бақылау аспаптары қойылған арнайы инженерлік ғимараттар, сондай-ак инженерлік бөгеттер (ОБК, «сүріндірме», бағаналар, орлар), ок әткізбейтін коршауы жөне гранатаға қарсы торлары бар бақылау мүнаралары орналасты-рылуы мүмкін (немесе броньді объектілер қойылады).

Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіреберісте түнде жөне күндіз жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады: мысалы: «Жцруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоц)». Айналып жүру (айналып өту) көрсеткіштер арқылы көрсетіледі.

Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдарының келісімімен, заңдарға сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орна-ласқан объектілер айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудан-дар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары түрған жерінде жақсы көрінетін қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар кәрсеткіштермен «Тыйым салынган аймац (аудан), жоруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоц)» деп көр-сетілуі керек. Тыйым салынған аймақтың ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы (өскери бөлім коман-дирі, күзетілетін объектілердің бастығы) жергілікті мемлекеттік үкімет және бас-қару органдары арқылы жақын орна-ласқан елді мекеннің халқын дер кезінде қүлақтандыруы тиіс. Тыйым салынған аймақ (аудан) шекарасына ортақ пай-даланып жүрген жолдар, тұрғын жай және қызметтік күрылыстар, өңделетін

Алкаптаржәне т.б . кірмеуІ керек.

Пост аумағында сақшыға жергілікті жердің жағдайына қарай 50 метрден кем емес жерді қарауға жөне атуға жағдай жасалуға тиіс, сондықтан пост айналасы бүталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтактары 2,5 м биіктікте қырқылған, шөптері шабылған, артық заттары жиналған болуы тиіс. Постыға бөтен адамдардың жақындауына тыйым салынатын қашықтықты белгілейтін тыйым салынған шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар көрінетін жағдайда көрсеткіштермен көрсетіледі. Бірнеше постылары бар объек-тілер аумағындағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көрсеткіштермен көрсетіледі, мысалы: «№2постыныңшекарасьС.

Әскери қалашықтан тыс орналасқан аса маңызды объектілерді және қарауыл үй-жайын қорғау үшін оқпаналар олардан пост (қарауыл үй-жайына) кіреберісін ата алатындай және мүмкіндігінше көршілес постылармен байланысты қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Окпана қарауыл үй-жайымен бай-ланысатын байланыс (дабыл жүйесі) күралдарымен жабдықталады. Түнгі уақыттарда постыға және қарауыл үй-жайына кіреберіс маңы жарыктандырылуы керек. Жарықтандыру сақшы постыда түрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі керек.

Пост сақшысы қарауыл бастығы мен оның көмекшісін немесе жүмысқа таратушысын дереу (ең кемі екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен күзету кезінде — әрбір 250 м жүргеннен кейін) шақыра алатын байланыс қүралдарымен жабдықталуы тиіс.

Ішкі, әсіресе Жауынгерлік ту жанындағы постының биіктігі 0,7— 1 м қоршауы және жарықтандырылған орны болуы керек.

Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болуы қажет.

Өрбір сыртқы (қажетті жағдайларда ішкі) постыларда, күзетілетін қоймаларда, сақтау орындарында және т.б. жерлерде тікелей өздерінің өртсөндіру қүралдары; өртсөндіргіштер, қүм салынған жәшіктер, су қүйылған бөшкелер, шелектер мен керек-    жарактар (күректер, балталар, сүймендер,ілгекті бақандар) болуы тиіс.

Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост «саңыраукүлағы», ал ішкі постыларда киімді ілу үшін шкаф немесе киімілгіш болуы қажет. Пост «саңыраукүлағы» күзетілетін объектілермен немесе айналадағы жергілікті жермен      түстес етіп боялады.

Постыдағы сақшының бекітілген сүңгісі бар қаруы (жиналмалы дүмді сүцгі пышақсыз автоматы) болуы керек; белдіккс Ілінетін қынаптағы сүңгі пышақты түнгі    уақытта турып , оңтайлы   жағдайда;

күндізгі уакытта — «белдікке» немесе түрып атуға оңтайлы жағ-дайларда; ішкі постыларда және Жауынгерлік ту жанындағы постыда — ағаш дүмді автоматтар — «белдікке» күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар — «кеудеге», карабин — «аяқта» болуы керек; жаб-дықталған оқжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс. Өрт сөндіру немесе табиғат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын «арқаға» күйінде үстауына рүқсат етіледі.