Сақшының міндеттері

274

Сақшының міндеттері

Сақшы — қол сүғылмайтьш түлға болып табылады (5-сурет). Сақшыға қол сүғылмайтындығы мыналардан көрінеді:

  • оның қүқьпы мен жеке басының қадір-қасиеттері заңмен айрықша қорғалатындығы;
  • оның белгілі бір түлғаларға ғана — қарауыл бастығына, карауыл бастығының кәмекшісіне жөне өзінің жүмыска таратушысына бағы-натындығы;
  • бүл түлғалардың сақшы қызметі бойынша айқындалған талап-тарын сөзсіз орындауға міндеттілігі;

 

  • Гарнизондық жөне қарауылдық қыз-меттер жаргысының баптарында көрсе-тілген жағдайларда оган қару қолдану құқығы берілетіндігі.

Сақшыны тұрған постысынан алу құқы-ғына қарауыл бастығы, қарауыл басты-ғының көмекшісі және сақшы тікелей бағы-натын таратушы ғана ие.

Егер физикалық мүмкіндіктеріне байланысты қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі және таратушы сақшыны ауыстыра  алмайтындай болса, оны өскери бөлімнің қарауыл жөніндегі кезекшісі рота (батарея) немесе батальон (дивизион) командирінің қатысуымен ғана ауыстыра алады.

Постыға түсер алдында сақшы таратушының (қарауыл бастығының немесе оның көмекшісінің) қатысуымен және өзі ауыстырған сақшымен бірге өзі күзететін объектілерді постылар табеліне сәйкес қабылдап алуға міндетті.

Сақшының міндеттері:

  • өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;
  • қызметін сергек, еш нәрсеге аландамай атқаруға, қаруын қолынан тастамауға және оны ешкімге, өзі бағынатындарға да бермеуге;
  • көрсетілген бағдар бойынша жылжи отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұқият қарауға және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында постылар табелінде белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;
  • тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алын-ғанша постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету — әскери қылмыс болып табылады;
  • ГжҚҚЖ-ның 117-бабында көрсетілген ереже бойынша постыда оқталған қару болуы және әрдайым әрекетке дайын болуға;
  • постылар табелінде кәрсетілген жөне тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын кашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, ©зінің таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;
  • қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;
  • постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге;
  • объект қоршауынан (постыдағы) ақау тапқанда және әз посты-сынан жақын жерде не көрші постыда тәртшбұзушылықты анықтаған кезде қарауыл бастығын шақыруға;
  • қарауыл иттерінің үргенін естіген кезде немесе техникалық күзет құралдары іске қосылғанда, бұл туралы қарауыл үй-жайына дереу хабар беруге міндетті.

Сацшыга: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қа-жеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.

Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың ғана сұрағына жауап беруі керек.