Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтатын табиғаттың тілі жоқ

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

     Мұны айтатын табиғаттың тілі жоқ
Табиғат! Осы бір  жүрекке жылы,көңілге көтеріңкі көңіл сыйлайтын салиқалы сөзде қаншама терең тұжырым,ұлағаты  мол ұғым,мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші.  Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі,бар байлықтың бастауы. Ал,адамзат үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға  басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар,қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан зор зиян тигізіп отыр. Соған орай бұл күнде атмосфераның гидросфераның,литосфераның үздіксіз ластануын тежеп тоқтату мүмкін болмай жатқандығы да шындық.Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және табиғи қалпында сақтау мәселелері бүкіл дүниежүзі елдерінің алдында тұрған ең маңызды  міндеттердің біріне айналып отыр.

Қоршаған табиғи орта негізінде екі жолмен ластанады. Оның бірі табиғи жол, екіншісі антропогендік, яғни адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ластануы.

Ауаның табиғи жолмен ластануына жанар таудың атқылауы,( жерде бірнеше мың жанартау бар,олардың 500-ден астамы активті түрде) тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына,орман өрттеріне, теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ертінді тамшыларының  құрғауына,тірі организмдердінің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераның табиғи ластайындарға аэроплантондар,яғни әртүрлі ауру  қоздыратын бактериялар,саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады..Сонымен қатар атмосфераны ластайтындарға қатарына космос шаң-тозаның жатқызуға болады.

Негізінде қоршаған табиғи ортаның сапасына,яғни құрамы мен қасиеттеріне зиянды әсер тигізетін қауіпті химиялық және биологиялық заттар,шу тербеліс,магнитті өрістер және басқа да физикалық ықпалдар болып саналады.

Қоршаған ортаның антропогендік жолмен ластануына себеп болатын көздерге  қара және түсті металлургия,транспорт,электр энергетикасы,ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, түсті металллургия,тұрғын –коммуналдық шаруашылық,мұнай-газ,көмір,химия өндірістері,ауыл шаруашылық  салалары жатады.

Экологиялық  жүйелерге күн сайын өсіп жатқан антропогендік әсер жағдайында Жер биосферасын сақтау-қазіргі замнның ең негізгі ғаламдық проблемаларының бірі. Экологиялық қауіпсіздік және қалыпты даму көптеген елдердің негізгі проблемасы болып отыр.Қазақстанда туып отырған кризисті экологиялық жағдай,жалпы қолайсыз әлеуметтік-экологиялық жағдай мен елдегі табиғатпайдалану саясатының нәтижесі.

 

5

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей,табиғат ортасын бұзып және табиғат ресурстарын сарқу есебінен,қоғамның экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен қатар,күшті экономикамыз қоршаған ортаның қажетті сапасын сақтау мүмкін емес.

Экология-бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір-іс-әрекетіне келешекте шек қоятын,оның тыныс-тіршілігіне тікелей ат салысатын ғылымның жаңа саласы.Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан,кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға,табиғат пен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара.