Қаратөбе биосферасының экологиясы.

Қаратөбе биосферасының экологиясы.

Туған жер-алтын бесік.  Қандай адам болмасын өзі туған жерінің табиғатын қастерлей білуі тиіс. Мен –қасиет қонып кие дарыған,атын бар әлемге паш еткізген сонау сал Мұхит,Ғарифолла туып-өскен киелі Қаратөбе елді мекенінде Тышқантайдың суын бойға сіңіріп өскен перзентімін. Және  осынау киелі жердің бүгінгі табиғат жағдайын көргенде,жаныма қатты батады. Сонының бірі Қалдығайты өзені. Яғни  қазіргі соңғы жылдары өзен адам қолымен,діни антропогендік,техногендік әрекеттерінің нәтижесінде қайраңдану немесе құмбасу процесі жүріп жатыр. Бұл дегеніміз:

1.Өзен арнасының тарылуы

2.Өзен ұзындығының қысқаруы,кей жерлерде кеуіп кетіп жойылуы.

3.Халықшаруашылығына кері әсерін тигізеді.

4.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі азаяды,қысқарады.

  1. Ақыры сол жердің ланшафтысы көп өзгеріске ұшырайд

Соңғы 10 жылда сукцессия құбылысы орын алуда, яғни өсімдіктің бір түрінің бірнеше жылдан кейін басқа өсімдікке жерді өздігінен босатып беруі. Мысалы, сүттіген, адыраспан орнына ошаған, қаңбақ басып алуы кездеседі.Мысалы, жазғы желдің  шығыстан батысқа  қарай соғуының салдарынан ауылға құм көшкіні  жақындап келеді.  Жылда  Орал қаласынан келген дәрілік  өсімдік мия  қазушылар үлкен зиян келтірді.  Қаратөбе ауданының батыс бетіндегі 500 га  жайылым  жер осы мия  қазу салдарынан бүлінген. Қаратөбе өңірі Нарын, Тайсойған өңірлерімен шектесіп  жатырғандықтан полигон әсерлерінен өсімдік, жануарлар мен адамдарға зиянын тигізіп табиғат заңдылықтарын  бұзуда. Ауданда балалар өлімі, жасөспірімдер психикасының  бұзылуы,  сәбилердің дүниеге  кеміс болып келуі және  шетінеу секілді жағдайлар  бой көтеруде.   Жоғарыда  айтылған кемшіліктерді жою үшін бірінші  жерді жоспарлы пайдалану керек. Екіншіден  табиғат байлықтарына есеп жүргізу, сақталуын қадағалау, елді мекендерді көгалдандыру, қоқыс орындарының  зоогигиеналық  талаптарға сай болуы қажет.  Ауданымызда  табиғатты қорғау бүгінгі күн  талабында  басты мәселе болып қала бермек, бұл — баршаның міндетіҚай кезде де табиғат біздің асыл қазынамыз.  Өлкеміздің сұлу да, әсем табиғатын қорғау, оны экологиялық  жағдайға душар  етпеу,  әрбіреуіміздің  міндетті парызымыз. Қоршаған табиғатқа зиян   келтіргеніміз ол өзімізге,  келешек  ұрпаққа, жан-жануарға, тіпті болашаққа  балта шапқанмен тең. Сондықтан өз  өлкеміздің  баға жетпес асылы табиғатты сақтай білейік!Қарап отырсақ, қазіргі кездегі Қалдығайтымыздың жағдайы көңіл аударарлық күйде. Жалпы алғанда қазіргі кездегі су экологиясының проблемасы жан-жақты қаралғанмен нақты нәтиже білінбейді.

17

Қаратөбе биосферасында 4 салада экологиялық бұзылу көрініс тапты. Ол: жер, су, ауа, радиологиялық экология. Ауылымыз оңтүстік батысында Нарын, Азғыр, оңтүстігінде Тайсойған, шығысында Ақтөбе полигондарымен шектеседі. 20 млн.га құмда алқаптағы Нарын жерінде ядролық жарылыс ауа қабатында сыналса, Азғырда 17 рет жер астында ядролық жарылыс болса, 1,4 млн.га жерінде Тайсойғанда радиактивті ластану орын алады. Мұнда 300 ракета құлады. Оның отыны улы гептил болатын. Сондықтан Қаратөбе, Казталовка, Жаңақала, Ақжайық, Орда аудандарының барлық су көздері шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға мүлдем жарамсыз. Суда Ra-226, Ni, Mn, Cd, Pb мөлшері көбейген. Қалдығайты, Шилі, Жақсыбай, Шілдібай өзендері эвтрофикациялануы орын алды.

 

      Қалдығайты өзенінің тазалығын зерттеу қорытындысы  2007 жыл

                                                                                                                      7-кесте

Химиялық құрамыНормаға сай болуға қажеттілігіНормадан асып кетуі
Са

Мg

Рн

Хлорид

Сульфат

NH3

Нитрат

Мұнай

180

40

7,9

300

100

0,39

10

0,05

0,5

64

50,4

6-9

475

174

0,05

9,8

0,11

0,11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18

Қалдығайты өзенінң зертханалық бақылау қорытындысы   2008 жыл 

                                                                                                                      8-кесте

Химиялық құрамыНормаға сай болуға қажеттілігіНормадан асып кетуі
Көмір қышқыл ерітіндісі

Рн

Са

Мg

Карбонаттар

Хлоридтер

Сульфат

NH3

Cr

Фенол

Ғе

Na,K

6,0

6,9

180

40

300

100

0,5

0,020

0,001

0,10

170

11,64

7,3

96

31

505

151

0,10

0,00

0,001

0,080

377

 

2010 жылғы  зертеу нәтижесіне   тоқталатын болсақ Қалдығайты өзені  ағынының ортаңғы ағысы тұсына келеді. Қалдығайты өзенінің төменгі ағысы  өзеннің ұзындығының үштен бірін алады. Бұл тұста Қалдығайтыға келіп құятын салалар жоқ, су жинау көлемі өзеннің ұзындығымен ғана шектеледі. Гидрологиялық аудандастыру бойынша төменгі ағыс кебу (жоғалу) облысына жатады, себебі судың кейбір бөлігінің ағыстары (Көшім, Бағырлай, Нарын, Бақсай) арқылы, қоршаған төменгі жазықтарға жайылады да, көлтабанды жақсарту мақсатында жұмсалады.

Зерттеліп отырған Қалдығаты өзені – ауданның негізгі су көзі болып табылады.

Судың жалпы кермектілігі 4-5 мг – экв/л, рН-7,2-7,6. Судың химиялық құрмы гидрокарбанатты, хлорлы, кальци-натрилі немесе натри-кальци негізінде болады.    Суда балдыр,  айылқоға, нар қамыс сияқты шөптер бар.  Судың ағысы жай, тереңдігі қайсыбір жерлерде 2,5-3 метрге дейін жетеді.

Өз жолдауы арқылы ҚР Президенті қоғамның дені сау азаматтарын өсіру үшін табиғи орта таза болуы керектігін баса айтқан еді. Ал ауыл-қазақ деген сөз. Туған өлкенің тазалығы-біздің амандығымыз. Биосфераға абиотикалық, биотикалық, антропогендік фактор әсер етеді. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Адам дүниеге зат әкелсе оны жоюдың да жолын табу керек. Ауаны бүлдіретін факторлардың бірі отынның жануынан бөлінетін қалдықтар.

Аудан бойынша 3256 үй бар. Жылына орташа 6512т көмір жағады.2008-2009  жылға   дейін аудан бойынша  40жеке монша болды. Аудан ішінде 40 жеке монша отынға ағаш, көмір, мазут, резина, покрышкаларды пайдаланады

 

 

 

 

                                                         19

 

  Аудан ішінде мектеп пен аурухананың мазут пен көмірден ауаға      

бөлінетін улы қоспаларды анықтау. Зерттеу қорытындысы 2009жыл.

Отынды жағатын мекеме /мектептер/ 

Отын түрі

Салмақ /мөлшері/ 

СО

Азот оксидіС

күйі

 

SO2

Қазыналық бөлімКөмір110т1,1т0,63,41,8
Б.Қаратаев о/мКөмір4684,6т2,314,47,8
СағымКөмір500,50,31,50,8
АуруханаКөмір/мазут120/2486,81,83,815,6
Егіндікөл о/мКөмір/мазут251/303,11,47,75,8
Жамбыл, ХанкөлКөмір4734,62,414,57,9
Шөптікөл о/мКөмір2772,71,48,54,5
Қаракөл о/мКөмір4764,72,414,67,9
Аққозы о/мКөмір3673,61,811,36,1
Гимназия, ЖазираКөмір3623,51,811,16,0
Қоскөл о/мКөмір6005,93,118,410
Қалдығайты о/мКөмір5715,62,917,59,5
Мұхит ат.о/мКөмір2262,21,26,99,5
Мәдени бөліммазут581,20,32,23,2
әкімшілікКөмір/мазут40/771,92,84,9
барлығыКөмір/мазут4391/413
Отын түріСалма

ғы

СOSO2NOКүйеТозаңВаннадии
Мазут30 кг37 кг2,8 кг50 кг1 кг149 г
Көмір10 кг10 кг3 кг30 кг
Аурухана көмір809,7т8т 9кг8т 9кг

429 кг

249 кг

809 кг
Мектеп мазут20т600 кг6т 740 кг56 кг200 кг2 кг 98 г
Көмір120т3т 600кг4т 440кг336 кг120 кг17 кг

9-кесте

      Жылыту қазандарының 2008 жылғы ауаны ластау көрсеткіші

                                                                                                                             10-кесте

                                                                                                                  

 

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

20

 

 

Жылыту қазандарының 2009 ж. ауаны ластануы.

                                                                                                                 11-кесте

 

Отынды жағатын мекемеОтын түріСалмақ /мөлшері/СОАзот оксидіС

күйі

SO2
Балалр бақшасы «Жазира»солярка25т0,530,11750,0050,1475
Әкімшіліксолярка40т3,7290,7293,0041,049
АуруханаКөмір/

солярка

210/1200,7893,912011,38710,842
БанкКөмір910,90,52,8т1,6т
Спорт мектебіКөмір500,50,31,150,72
Орталық кітапханаКөмір550,50,21,120,65
Мұхит мектебісолярка961,80,750,06
Мәдениет үйісолярка34т0,710,12800,006

 

Ауаны автомашиналар, тракторлар сұйық отынын жаққанда оттегін пайдаланып, зиянды заттар: азот, сутегі, күкірт оксиді, қорғасын, көміртегі оксидін юөледі. Аудан бойынша 354 трактор, 2018 автомашиналар бар. Бір ғана ГАЗ-53 автомашинасы 1 литр бензин жаққанда 15 кг оттегін жұмсайды.

Қаратөбенің флорасы өте бай. Жерімізде 400 тарта өсімдіктер кездеседі. Оның 86 дәрілік маңызы бар. Негізінен псамофитті, ксерофитті және эфемерлі өсімдіктер. Құм көшу есебінен өсімдіктердің 15-30 түрі жойылуда, мал азығының 18-25 түрі азаюда, 16-өсімдік қорғауды қажет етеді. 6-өсімдік батыс Қазақстан «Қызыл кітабына» кіреді.