Экологиялық проблемаларды құқықтық жолмен шешу жолдары

Экологиялық проблемаларды  құқықтық жолмен

шешу жолдары
Экологиялық қауіпсіздікті және еліміздің халқының жағдайын жақсарту үшін Қ.Р.-ның экологиялық қауіпсіздігінің 2004-2015 жылдарға арналған концепциясы шығарылды. Жаңа концепцияда экономика және қоғамды экологияландыруға көңіл бөлінген және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуының салалық бағдарламасын өндіріс күштерін орналастыру сызбасын қала құрылысы және басқа масщтабты бардарламаларды әзірлеген кезде, олардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсері,сұрақтары көрсетілген. Қоршаған ортаның ластануын төмендетудің 2009-2018 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру арқасында ауа біршама тазарған түрі бар. Мамандар дерегінше, жыл соңына дейін ауаға тасталатын зиянды газдар 8-10 мың тоннаға дейін қысқарады деген болжам жасалған. Жыл сайын атмосфераға 237 мың тонна улы газдар тасталады екен, соның 190 мыңы көліктерге тиесілі. Әзірге, еліміз бойынша Алматы қаласында ғана газанализаторлар мен түтін өлшеу құралдары орнатылған екен. Жыл басынан бері Жол сақшылары мен экологтар 23 мыңнан астам заң бұзушылықтарды анықтап отыр.
Алдыға қойылған міндеттерді қазіргі заңнамалық негізсіз шешу мүмкін еместігін айтып өту керек, ал ондай негіз бүгінгі күні бізде бар.

2007 жылдың қаңтарында  Экологиялық Кодекспен заңнамалық актілер қабылданды. Оның нәтижесінде талаптар қатаңдандырылып, кәсіпорындар «таза», алдыңғы қатарлы технологияларға көшуге мәжбүр болатын болды.

Экологиялық Кодекспен қабылданған бұрынғы шектеулі қол жетерлік шығарындылар, эмиссиялардың нормативтері қоршаған ортаның сапасын аумақтың табиғи ерекшеліктерінің есебімен қамтамасыз ету қажет.

Қоршаған ортаға эмиссияға заңды үлестермен шек қойылады, сонымен қатар эмиссияны қысқарту міндеттері, заңды үлестерді сату тәртібі бекітілген.

Қоршаған ортаға эмиссияға лимиттер мен квоталар беріліп, квотамен сауда жасау тәртібі бекітіледі және эмиссияларды қысқартуға міндеттемелер жасалады.

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер — табиғат пайдалану процесін реттеу мен бақылаудың құралы болып табылады. Салық Кодексі бойынша, 2002 жылдан бастап, барлық табиғат пайдаланушылардан жиналған қаржы жергілікті бюджетте қалады. Ал жиналған қаржылар қалай пайдаланылады?

Қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі сұрақтар біздің Республикамыздың белгілі бір аумақтарына ғана қатысты емес. Көптеген экологиялық проблемалар бізге мұраға қалды, олар бізге көрші облыстарға да қатысты және транс шекаралық сипат алады. Экологиялық проблемалардың Тізілімін жасау табиғатты пайдалануды басқаруын ұйымдастыру  үшін стратегиялық жоспарлау принципі бойынша елеулі қадам болып табылады. Бұл Тізілім бірінші кезекте,  жергілікті атқарушы биліктегілермен табиғатты қорғау шараларын жоспарлау жұмыстарын жасауға көмектеседі.

23

Экологиялық жағдайдың тұрақтануына барлық топтар мен халықтың қолдауы болмаса, оңды нәтижеге жете алмаймыз.

Туған өлкеміз жеріндегі экологиялық хал-ахуал туралы жан-жақты мағлұмат беру, оны жақсарту әдістерін ойластыру, әсем табиғаттың тепе-теңдігін сақтау басты мақсатым. Әрбір өлкенің өзіне тән сол жердің ауа райы, тарихы ерекшеліктері бар. Судың, топырақтың, ауаның бүліну себептерін, адамдардың  денсаулығын жақсартуда іс-шаралар алу қажет. Экологиялық жағынан туған жердің табиғатын қорғауда оның ластануына жол бермеу үшін мына жағдайларға көңіл бөлу керек деп есептеймін.

-Ауданда  құм көшкінін болдырмау үшін ағаш отырғызу көгалдандыру.

-Ауыл  қала ішін санитарлық талапқа сай болуына көмек ету.

-Қала орталығында жүк көлігінің жүруіне тыйым салу

-Жолайрықтардың салынуы

-Көліктертен шығатын улы газдың таралу деңгейін бақылау

-Құрылыс алаңдарын бақылау

-Қаланы көгалдандыру

-Автокөліктердің барлығын табиғи газбен немесе сутегімен жүру жағдайына көшіру. Себебі жанармайдың бар болғаны 15 %-ы ғана автомобильді қозғауға жұмсалса, ал қалған 85% — ы ауаға шығарылады. Табиғи газдың 90 % -ы жұмсалады.

— Терек ағашын көптеп отырғызу. Себебі терек ағашы 20 % шамасында дыбысты, шуды бәсеңдетеді және жалпақ жапырақты болғандытан оттегін көп бөледі. Мысалы, 25 жылдық терек ағашы жазғы 5 ай ішінде 44 кг жуық көмірқышқыл газын сіңіретіндігін айтсақ, онымен теңесетін өсімдік табу оңайға түспес.

— Жиде ағашын көптеп отырғызу. Себебі жиде ағашы улы заттарды өзіне ең көп сіңіретін өсімдік. Сонымен қатар тамырынан топырақтың құнарлылығын арттыратын азотты қосылыстар бөледі.

-Жанармай құю станцияларының қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауын бақылау. Себебі атмосфералық ауаға көмірсутектердің түсуі тек автокөліктердің жұмыс нәтижесінде ғана болмайды, сондай-ақ бензин құйған кезде де болады.

-Өндіріс қалдықтарымен оны тұтынуды басқару жүйесін енгізу, бұрыннан келе жатқан ластануды жоюды жалғастыру;

-Келешекте аймағымыздың экологиясы мен қоршаған ортаны қорғау облысында ғылыми жұмыстар жүргізу; Табиғи ресурстарды қолданудың рациональдық сызбасын әзірлеу.

-Экологиялық мәліметтердің сараптамасы мен жинақтау үрдістерін автоматтандырудың аймақтық мониторингтік жүйесін жүзеге асыру. Қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі мониторингінің автоматтық бекеттері мен бақылаудың телеметриялық жүйесін дамыту.

-Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың қаржыландырылуы ұлғайса, экологиялық мәселелердің шешілуіне қаражат бөлінсе.

— Өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық ашықтылық деңгейін кеңейту;

24

— Мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың ішінен қатысушылардың санын жоғарылатудың тұрақты дамуы жөніндегі, аймақтық жұмыс, барлық жұмыс түрлерінде, білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық ағартушылық жұмысын жүзеге асыру. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы жобалардың жүзеге асуына қоғамдық ұйымдар мен тұрғындарды ынталандыру, экология мәселесі бойынша шешім қабылдағанда көпшіліктің ойын назардан қалдырмау қажет:

Сөз сонымда бүгінгі баяндамамды қортындылай келе сонау Алтайдан  Атырауға дейінгі кең байтақ қазақ елінің  сұлу да, әсем табиғатын қорғау, оны экологиялық  жағдайға душар  етпеу,  әрбір алаш жұртыныың  міндетті парызы. Қоршаған ортаға табиғатқа зиян   келтіргеніміз ол өзімізге,  келешек  ұрпаққа, жан-жануарға, тіпті болашаққа  балта шапқанмен тең. Сондықтан өз  өлкеміздің  баға жетпес асылы табиғатты сақтай білейік!