Ардақты Ана, аяулы Ана, қымбаттым!

108

Ардақты  Ана,  аяулы  Ана,    қымбаттым!

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар бірінің артын бірі қатармен жүріп сахнаға шығып орындарына отырады.

Мұғалім:  Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар, сымбатты арулар, сүйкімді  де  кішкентай  қыздар! Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

( екі бала бастайды)
Арман:  Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды  құрметтеп,
Ән  маржанын  шашайық.
Мадияр:  Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана  деген  бәйтерегі  өмірдің,
Ана  деген  алтын  қазық  алтын бақ.

Арман:  Мерекелеріңіз  құтты  болсын! Сіздерге  зор  денсаулық, мол  бақыт, отбасыларыңызға  амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс  тілейміз.

Мадияр: Балаға  ең  жақын,  сіз-аналар,  сіздің  ыстық  құшағыңыз  балаға пана  болар. Әлемдегі  ең  ғажап  ең  әсем  сөз  бұл — Ана. Ендеше, құрметті аналар  балаларыңыздың  құттықтау  тілектерін  қабыл  алыңыздар!

Балалардың  орындауында  тақпақтар .

  1. Ербатыр:

Жақсылық  тілеген,

Анашым – данасың.

Осынау  дүниеде,

Біз  үшін  дарасың.

2.Алиасқар:

Жамандықтан  сақтандырып,

Жақсы  ісімді  мақтан  қылып.

Мәпелеген  анамды  мен

Жүрсем  деймін  шаттандырып.

  1. Гүлім:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

4.Марғұлан:

Айтсаң  болды  тіл  алам,

Әйбат  анам, пәк  анам.

Сен  керексің  қайда  да,

Айналайын, ақ  анам.

  1. Абулкаир:

Сенен  өскен  балалар,

Сенен  өскен  даналар.

Құттықтаймыз  мейраммен-

Құрметті  аналар!

 

 

 

Арман:

Бишілерде өнер көп
Билейді биді мәнерлеп.
Қыздар биін көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер.

Қыздардың  орындауында  «Қамажай»  биі

 Ойын: «Өз анаңды тап »

Ортаға 5 бала шығады. Олардың көзі байланады. Өз  аналарын  алақанымен сипап тауып алу.

ӘН: «Ана  өмір  шуағы»

Сахналық көрініс: «Үш  ана » 

 

Ортаға үстел қойылады. Айналасына үш орындық. Үстел астында қуыршақ жатады.

Қатысушылар: жүргізуші, қыз, ана, әже

Жүргізуші:

Ойыннан  келген Аружан,

Қуыршағын  іздеді.

Үстелдің астынан тапты да

Хал сұрады көздеді.

 Аружан:

Қызым менің қалайсың?

Томсырайып қарайсың

Қарның ашып отыр ма?

Тамақ ішсең жарайсың

Егер тамақ ішпесің

Қу сүйек боп қаласың

Отыр қане қасыма

Тамақтанып аласың.

(қуыршағына тамақ береді).

Жүргізуші:

Аружанның осы сәт

Анасы үйге кіреді.

Тағат таппай қызының,

Халын сұрап біледі.

Анасы( Айдана):

Аружаным  бүгін сен

Тамақ ішіп көрдің бе?

Қызықтап әлде ойынды

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде сағат ұмытпай

Тамағынды іш деймін.

Тіл алмайсың қырсығып

Осы сені не істеймін?!

(Қызының қасына тамаққа отырады).

Жүргізуші:

Анасының артынан

Аптығып әжесі кіреді.

Ол өз қызының

Халін сұрап біледі.

 

 

Әжесі( Айя):

Айналайын алтыным,

Шаршадың ба жарқыным?

Ішпедің ау тамақты

Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым қарағым

Түсіңкі ғой қабағың.

Сөткімен тұрып жұмыста

Болмай қалдау тамағың.

(Қызының қасына отырады)

Жүргізуші:

Аналардың елжіреп

Ет бауыры барады

Әр қайсысы сұқтанып

Өз қызына қарады.

Бәрі:

Қандай қиын қараңдаршы.

Қырсық мінез бала болу.

Бәрене де оңай емес,

Білесіңдер ме ана болу.

Балалардың  орындауында  тақпақтар:

 

  1. Алишер:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

  1.  Досжан:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

  1. Айдана:

Таусылмайды  өлеңі,

Күнде  айтып  береді.

Барған  сайын  бір  жаққа

Кәмпит  алып  келеді.

Әжем  мені, өйткені,

Өте  жақсы  көреді.

  1. А. Мадияр:

Ақыл айтып баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялаған ұрпақтарын
Көп жасасын жақсы адам!
Кемеңгерсің, данасың.

Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын.
Аман болшы, анашым.

 

 

 

 

  1. Айя:

Ананың  құт-береке  әр  қадамы,

Сезімдер  әр  ісінен  даралығы.

Ана — Өмір, Ана – Бақыт, Ана – Жүрек,

Тіршіліктің  ғұмырының  даналығы.

Ойын: «Бұл  кімнің  ботақаны?».

Алдын  ала  баланың  дауысы  жазылып  алынады, ал  анасы  өз  баласының  дауысынан  тану  керек.

Мадияр:

Жиналған қауым таң қалсын,
Ән бимен шашу шашылсың.
Мың бұралған бишелер,
Бименен кешті жалғасын.

Балалардың  орындауында  үнді  биі

Ұлдардың орындауындағы  КВН.

Ұлдардың  қыздарға  арналған әзіл — тақпақтар.

Мадияр: Кезекті  енді  берейік

Арналған  достық  әзілге.

Әр  жолын  жырға  теңейік,

Тосқауыл  бар  ма  сезімге?

Досжан: Мен  қыздарды  сыйлаймын

Ойыншықтарын  жинаймын

8-наурыз  өткен соң

Әзілдесіп  ойнаймын.

Ринат: Кішкентай  өзі, ісі  бар  үлкен,

Тәртібі  жақсы, талапты.

Аружанды  біз  айтамыз  жырменен

Оқыған  жақсы  сабақты.

Алишер: Оқиды  жақсы  сабақты  бәрі,

Қыздардың  жоқ-ау  аласы.

Математика  сүйікті  пәні,

Тамирис  мықты  шамасы.

 Ербатыр: Сыныптың Айя  үздігі,
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп ұстазға,

Үнемі алда жүреді.

Арман: Әнді  де  айтып, биді  де  билеп,

Алдыңда  өнер  көрсетер.

Арнай  әркез  мақтан  боп  жүрмек,

Лайым  солай  жүрсе  тек.

Ш. Мадияр: Көрікті  қыз  Гүлім-

Еркесі  біздің  сыныптың.

Жақсы  оқып  үлгі  көрсеткен,

Жақсы  баға  алған  еңбекпен.

 

 

 

 

 

Абулкаир: Жақсы  оқып сабағын

Бәрімізге жағатын.

Кейде қырсықса  Айдана

Түйіп алар қабағын.

Ойын  «Менің  саған  сыйлығым»

Ұлдар  қыздармен  билейді, музыка  тоқтағанда, жүгіріп  сыйлықты  қызға  сыйлау  керек.

Балалардың   орындауында  тақпақтар:

 

Ринат: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Аружан: Анам  менің, асыл анам анашым,
Балаң үшін сен қашан да панасың,
Қарашы өзің, әр сәбидің жүзінде,
Күндей күліп, жұлдыз болып жанасың.
Арман: Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.

Мадияр: Ана деген асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан.

Арнай: Аналарды  сүйеміз,

Сөзін  ойға  түйеміз.

Әжені  де  ардақтап,

Әдеппен  бас  иеміз.

Тамирис:Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың
Әлпештедің, аяладың, өсірдің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 

Ербатыр  мен  Мадиярдың   орындауында  «Тауықтар  биі»

 

Би: «Мишка  Гумми  Вер».  Билейтіндер:  Ринат, Арнай, Арман, Айдана

 

Арман: Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны  жұлдызға-
Сый тартамыз бағалы!

 

(Балалар  аналарға сыйлықтарын   ұсынады)

 

Оқушылардың  орындауында  «Ақ  мамам»  әні.  Осы  кезде  оқушылардың  аналары  туралы  фильм  көрсетіліп   тұрады. 

 

 

 

Мадияр: Бақытты ғой шынында
Анасы мен балалар.
Құтты болсын мереке
Бәрі: Аман болсын аналар!

 

Арман: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.