Баланстан тысқары есепшоттар.

Баланстан тысқары есепшоттар.

Баланстан тысқары есеп шоттар дегеніміз–бұл аталмыш шаруашылық субъектісіне жатпайтын, бірақ оның пайдалануындағы немесе уақытша қарамағындағы активтерді білдіретін, сондай–ақ субъектіге тиісілі, оның шартты бағасында есепке алатын (қатаң есептегі бланкілер, бағалы қағаздар ж.б.) игіліктер көрсететін есеп шоттар тобы.
Баланстан тысқары есеп шоттарға: «Жалға алынған негізгі құралдар», «Жауапкершілікті сақтауға қабылданған тауар– мтериалдық игіліктер», «Өңдеуге алынған материалдар», «Делдалдыққа қабылданған тауарлар ж.б.» есеп шотар жатады.
Баланстан тысқары есеп шоттарда операциялар есебі еселенген жазу принципін сақтамай–ақ, яғни басқа есеп шоттармен корреспонденциясыз жүргізілді.