Жай қарындаш. Мүмкін ол тіптен ондай қарапайым емес те шығар?

 

Жай қарындаш. Мүмкін ол тіптен ондай қарапайым емес те шығар?

 

Бұл зерттеу жұмысының негізгі бөлімі қарындаштың тарихына арналған – қорғасын немесе күмістен жасалған ерекше таяқшалардан бастап қазіргі қарындашқа дейін. Ол дүниеге екі рет келген.

Бұл жұмыстың негізгі мазмұны қарындаш секілді қарапайым да үйреншікті заттың күнделікті өмірдегі маңызы мен қажеттілігін көрсету.

Жұмыстың мақсаты: Қарындаштың ең алғашқы пайда болғанынан қазіргі кезге дейінгі даму мен жетілу жолын көрсету.

Міндеттері:

  • қарындаштың тарихы мен дамуы туралы және Ресей мен Еуропаның кейбір қарындаш фабрикалары жайлы шынайы және толық ақпаратты іздеу, алынған нәтижелерді талдау және құрылымдау
  • қарындаштың типологизациясы;
  • жай қарындашпен орындалған көркем туындыларды іздеу;
  • компьютерлік презентация жасау және оның сурет және сызу сабақтарында оқу құралы ретінде қолдануы бойынша ұсыныстарды қарастыру және де сол сабақтарда мультимедиялық саяхат жасау.

Зерттеу әдістері:

  • фото фиксация
  • әдебиет және ғаламтор ақпарат көздерімен жұмыс жасау.
  • талдау, жалпылау.

Жай қарындаш. Міне, үстел үстінде біздің алдымызда жатыр. Онда еш күрделілік пен түсініксіздік жоқ, дегенмен күнделікті өмірде онсыз жүре алмаймыз. Ол әркімге және әрқашан қажет, онымен жазуға, штрихтауға, айналдырып белгілеуге, сызуға, сурет салуға болады, ең негізгісі оны өшіруге болады!

Бәріне мәлім: жазу үшін қалам қарындаштан гөрі қолайлырақ құрал. Дегенмен қарындаштың сенімділігі жоғары. Қалам «еркелеп», жұмыс істемей қойғанда, қарындаш сізді құтқарады. Су астында сурет түсіру үшін оны аквалангисттер де өздерімен алады. Оларға салмақсыздық пен аяз да зиян әсер етпейді. Сондықтан ғарышта және полярлық станцияларда қарындашсыз жүре алмаймыз.

Қарындаш – жазу үшін ең ыңғайлы және ең жетілген құрал. Суретші және сызушы, бухгалтер және ағаш шебері, оқушы және кез келген адам қарындашсыз жүре алмайды.

Бұл зерттеу жұмысының негізгі бөлімі қарындаштың тарихына арналған, қаламдікіне қарағанда онша ұзақ болмаса да, өте қызықты. Осы жұмыстан сіздер қызықты және таңғажайып ақпаратты табатыныңыз сөзсіз. Мүмкін біз қарындашқа үйренгеніміз соншалықты, оның бар-жоғына көңіл бөлмейміз. Негізінде ол олай емес.

Менің зерттеуімді  болашақта сурет және сызу сабақтарында мультимедиа-саяхат ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Бұл жұмыс зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырады және әдебиет және ғаламтор ақпарат көздерінің берілгендеріне негізделген. Ақпарат пен иллюстративтік материалдың көбісі ғаламтор ақпарат көздерінен алынды. Осы мәселеде Л.Б. Красин атындағы фабриканың сайты аса үлкен маңызға ие.

Қарындаш тарихы

Бірінші қарындаштың пайда болған нақты уақыты белгісіз. Ол туралы қазіргі мәліметтерді бүкіл әлемдік тарихтың кезеңдері бойынша жүйелеуге болады.

Ежелгі дүние

Алғашқы қоғамда ежелгі адам дайын табиғи материалдар – қатты бетте із қалдыратын саз (балшық) түйірін, гипсті, алебастрды, ізбес тасының (известняк) сынығын, бордың қалдығын, көмірді қолданды. Сондықтан зерттеушілер қарындаштың ең ежелгі ата – бабаларын оттың қара күйесі деп айтады. Осы оттың қара күйесінен үнгірдің қабырғасында алғашқы суреттер пайда болды.

Мыңжылдықтар өтіп, табиғат та өзгерді. Соған байланысты адам өмірі де өзгерді. Материалдық мәдениет дами бастағасын жазушы құрал да қажет бола бастады. Ол грек – рим мәдениетінде пайда болды. Бұл – бір жағында ұшталған және екінші жағында жаншып (қабыстырып) тасталған хат үшін таяқша түріндегі қарындаштың бейнесі (келешек үлгісі). Өткір жағымен балауызбен жабылған тақтайшада жазған, ал өтпейтін жағымен – жазғанды өшіріп тастады. Бара – бара пергаментте сызықты өткізу үшін қалайы саптыаяқты пайдаланып, сонымен жаза бастады. Осыдан хат үшін қалайы таяқша – қарындашты өндіруге бір – ақ қадам қалды. Бірақ оны жүзеге асыру оңайға тиген жоқ.

Орта ғасырлар

Тек ХІІ ғасырда ғана қорғасын білігін (ұзындығы 6 – 10 сантиметр) қолдана бастады. Ол біздің қазіргі заманғы қарындаштың арғы атасы және оның аты бүркеншіксіз шеге (штифт). Екі бөлімі бар қорғасын мен бір бөлімнен тұратын балғамен соғылған қалайы бар бүркеншіксіз шеге қара белгі (дақ) қалдырған. Оттегі әсерімен уақыт өткен соң ол онан сайын қарайа бастаған, бірақ нанның жұмсағымен немесе пемзамен оңай өшірілген.

ХІІІ ғасырда металл қарындаштар пайда болды: ерекше құтыға сәйкес металлдан немесе металл қоспасынан жасалынған жіңішке сым салынған. Осындай қарындашпен қалған із тым нашар көрінді. Сонымен қатар, олар қымбат тұрды.

Қайта өркендеу дәуірінде (ХІV – ХV ғасырлар) қорғасын бүркеншіксіз шегенің күміс бауыры пайда бола бастады. Оның қара – сұр белгісі тотықтандыру кезінде қоңыр түске айналды және оны өшіру мүмкін емес болды. Сондықтан да «күміс қарындашты» тек қана бай ақсүйектер мен қағазға артық сызық салмайтын ұлы суретшілер  қолдануға жағдайлары болды. Леонардо да Винчидің, Дюрераның, Ван Эйканың, Боттичеллидің күміс суреттері сақталынды.

Металл қысқышқа салынған қорғасын, қалайы мен күміс бүркеншіксіз шеге қазіргі заманғы қарындаштардың прототипі (ата типі) болған. Олар ХVІ ғасырдың басына дейін ғана өмір сүрген. Кейін суретшілер оларды арасында алғашқы үлгі (эскиз) үшін қолданды.

         Жаңа уақыт

ХVІ ғасырда хат үшін бірінші рет графит қолданылды. Графит кенінің ашылуы бір уақытта әр түрлі мемлекеттерде өтті.

Англияда Камберленд мекенінің малшылары қойларды белгілеу үшін қара кесекті (масса) тауып ашты. Басында түсі қорғасын түсіне ұқсағасын, кен орынды оқ дайындау үшін қолданылатын минерал кені деп қабылдады. Бірақ, жаңа материалдың оқ дайындауға жарамсыздығын анықтап, одан жіңішке, ұшталған таяқшалар жасап, оларды сурет үшін қолданды.

Италиялық князьдік Пьемонт жерінде сазды сланец кендері табылды. Оларды «қара тас» немесе «қара бор» деп атады («Қарындаш» сөзінің шығуы осыдан түсінікті: түрікше «кара» — қара, «даш» немесе «таш» — тас). Жұрт оны көп қолдана бастағасын, «қара бордың» бірінші кен орны тез бітіп қалды.

Осындай графит неміс Тюренгиясында және испан Андалусиясында да тез бітті.

Тапқырлы француздар графиттің келесі кен орнын ашуын күтпей, ақ саз бен қара күйеден тұратын «париж қарындашын» ойлап тапты. Ол өте анық қара із қалдырып, жұмсақ болды – оған қоса қағазды бүлдірген жоқ. Сол кездері де француздар түсті бор – пастель ойлап тапты. Қарындаш отбасында кіші қарындас болып табылатын пастель барлық кезеңдегі суретшілердің ең сүйіктісі болды.

Сол ХVІ ғасырда, нақтырақ айтсақ, 1565 жылы ағашпен қапталған графиттен қарындаштың бірінші бейнелеуі шықты. Осы бейнелеу мен қарындаштың бірінші суреті Конрад Геснердің «Минерал туралы Трактатында» бар. Сондықтан да 1565 жылды қарындаштың ресми түрде туған күні деп санау керек. Бірақ та сол кезде сырты ағашпен қапталған қарындаштың үлкен көлемдегі өндірісі басталған жоқ.

ХVІІ ғасырда графитті көшеде, далада сатып жүрді. Сатып алушылар негізі суретшілер болғасын, олар графит таяқшаларын ағаш кесек немесе бұтақ арасына қыстырып, оларды қағазға немесе жіңішке арқанға орап байлады.

Германияда графит қарындашының өндірісі ХVІІ ғасырда Нюрнбергте басталды. Немістер графит ұнтағын күкіртпен және желіммен араластыруды ойлап тапты. Нәтижесінде білік (стержень) жоғары сапалы болмағанмен, бағасы жағынан өте қолайлы болды. Осыны жасыру үшін қарындаш өндірушілері әр түрлі қулықтарға барды. Ағаш тұрқысы бар қарындаштың басына және аяғына таза графиттің кесектерін қойып, ортасына төмен сапалы жасанды білік орналастырды. Кейбір кездерде қарындаштың іші бос болып та тұрды. Осы себептерден аталынатын «нюрнберг тауарының» атағы жақсы болған жоқ.

Бірінші табылған кен орындарының тез бітуінен ХVІІІ ғасырдың басында графит қымбат, бағалы материал болып саналды. Оны табу үшін графитті таситын көліктерді тонау мақсатымен көптеген қарақшы топтар бірікті.

ХVІІІ ғасырдың аяғында ағылшын парламенті Камберлендтен бағалы графитті шығаруға тыйым салды. Осы қаулыны бұзғаны үшін адамдар қатаң жазаланып, өлім жазасына да кесілгендер болды. Бірақ та осыған қарамастан, графит Еуропаға контрабандалық (қарақшылық) жолмен түсіп, оның бағасын тым көтеріп жіберді.

Қарындаштың ағаш тұрқысы (корпус) туралы мәлімдемелер ХVІ ғасырда кездессе де, көптеген көздерде (источник) қазіргі заманғы қарындаштың ойлап табушысы чех ғалымы Ирже Гартлут болып табылады. Ол 1783 жылы графиттік біліктерді ағаш оправаға бекітуді және жазушы біліктерді ұсақталған графит пен саз қоспасынан жасауды ұсынды. Көп кешікпей ол хат үшін біліктер дайындады. Оның аты «кохинор» — «теңдесі жоқ».

Осыған ұқсас өнер – табысты (изобретение) 1794 жылы дарынды француз ғалымы Николя Жак Конте де ашты.

Конте 1755 жылы Нормандиядағы Сиз мекенінде өмірге келді. Бай емес отбасынан шыққан Конте балалық шағынан жоғары шығармашылық (творчестволық) қабілеттіліктерді, оқуға деген талпыныстарды және еңбекті керек ететін жұмысқа деген ерекше қабілеттіліктерді көрсетіп, өз заманындағы ұлы ғалымдар қатарына айналды. Суретші, миниатюрлардың талантты жаратушысы Конте Грездың оқушысы болу үшін Парижға барды. Ол ақсүйектердің, соның ішінде патша отбасы мүшелерінің көптеген суреттерін салды. Ұлы Француз революциясы оның суретші ретіндегі мансабын (карьера) аяқтады.

Оның білімге деген құмарлығы ғылыми жұмыстарда, әсіресе механика, физика және химия облыстарында табылды. Ол ақша соғу үшін құрал (аспап) жобасын жасады, мақтаны тазарту процесін зерттеді. 1793 жылы Құрылтай жиналысы Контены әскер үшін әуе шарын үрлеуді жетілдіру жұмысы үшін Медонға жіберді. Конте су өтпейтін лакты жетілдіріп, соның көмегімен шайқас кезінде шарларды байқайтын күзет орны ретінде қолданды. Египеттік компания уақытында Наполеон Бонапарт тоттан зеңбірек ядросы үшін тұтандырғыш (запал) пен винтовканы сақтаушы процедурасын дайындау үшін Контеға жолықты. Египет институтының мүшесі бола тұра Конте басқа ғылыми зерттеулерге, соның ішінде – барометрді ойлап табуға қатысты. Сонымен қатар ол ғажайып дәлдікпен Гиза пирамидасының биіктігін есептеп берді.

Контеның қарындашты ойлап табуы Англиямен соғыс үшін Камберлендтен графитті жеткізуді доғаруға деген Францияның жауабы болатын. Конте графитті сазбен араластыру және осы материалдардан жоғары сапалы біліктерді өндіру жолын дайындады. Осы қоспалар пропорциясын өзгерту біліктердің әр түрлі беріктігін жасау мүмкіншілігіне әкелді, ол беріктік бойынша қарындаштың қазіргі заманғы топтастырудың (классификация) негізіне әкелді (Т, М, ТМ немесе ағылшынша: Н – қатты (берік), В – жұмсақ, НВ – беріктігі орташа). Осы өнер – табысы үшін Конте 1795 жылы № 32 патентін алды. Аз уақыттан кейін ол фабрика ашты. Фабриканың өнімі сол кезден және біздің заманымызға дейін Конте қарындашы атауымен бізге белгілі.

Гарлута мен Конте өнер – табыстары арқасында бүкіл Еуропа бойынша кипарис пен бал қарағайдан жасалынған ағаш жейдеге жазылатын таяқшаны дайындайтын фабрикалар іске қосылды.

ХVІІІ ғасырда Ресей де қарындаштың дамуына өз үлесін қосты. Ресейде графит біліктерін бірінші дайындаған М.В.Ломоносов қарындаш өндірісін ағаш қабығында ұйымдастырып, әлемге «гросс» ұғымын енгізді. «Гросс» (дюжиннің дюжині) – бұл бір шебердің көмекші шебермен қарындашты дайындаудың бір күндік шамасы (норма). Осы өлшем бірлігі қазіргі кезде де бүкіл әлем бойынша қолданылады. Бірақ  Ресейде қарындаштың қолөнер өндірісі тек ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды.

ХІХ ғасырда қарындаш өндірісін көпшілік түрде өндіре бастады. Арнайы қатысатын жерлерде ең қажетті адамдар болып қарындашты керемет ұштауды білетін асқан шеберлер (виртуозы) есептелінеді.

ХІХ ғасырдың ортасында еуропалық фабрикаларда беріктігі бойынша 17 дәрежесі бар қарындаштың өндірісі болды. 1858 жылы Филадельфия тұрғыны Хайме Лимпен екінші жағында өшіргіші бар қарындашқа патент алды.

1869 жылы басқа американдық Алонсо Таусенд Кросс металдық қарындаш ойлап табады. Жай қарындаш материалының 2/3 бөлігі ұштау кезінде қоқысқа кетудің арқасында ғана ол осы өнер – табысқа келді. Кросстың ой – пікірі бойынша графит білігі металл трубкаға орналастырылып, қажеті бойынша оны алуға болар еді. Осы бастау (начало) қазіргі кезде де қолданылатын тауарлардың дамуына әсер етті. Бұл ғажайып жаратылған зат – «цангтық қарындаш» (цанговый карандаш) деп аталады.

ХІХ ғасырда әлемдік нарықта ең жақсы қарындаштық графит атағын Оке өзеніндегі орналасқан Батоголь мекенінен шыққан графит алды.

1913 жылы омдық мещан (омский мещанин) Гиндельман «түтікте орналасқан графиттік білікті итеру үшін гайка тісіне қызмет етуімен ерекшелінетін қарындаш үшін қалам» — өнер – табысына патент алды. Бұл Ресейдегі механикалық қарындаш дәуірінің бастауы болды.

1912 жылы Жапониядағы Токио қаласының орталығында 19 – жасар Токудзи Хаякава шағын металл галантерея шеберханасын ашты. «Мәңгілік өткір қарындаш» өнер – табысының еңбегі оған есептелінеді, яғни басқаша айтқанда, грифель үшін бүркеншік (головка) дайындалады. Осыдан кейін механикалық қарындаш сәйкес кескін бойынша қазіргі күнге дейін сақталынып келеді. 1915 жылы Хаякава өзінің қарындаштарын сатуға берді.

Жаңа уақыт

ХХ ғасырдың 20-жылдары аяғында қарындаш жазбаша бұйым (сайман, керек — жарақ) ретінде тоқтап, оның тарихында жаңа елеулі кезең (веха) басталды.

1927 жылы Германияда қасты (брови) бояу үшін бірінші косметикалық қарындаш пайда болды. Оны кеңсе (канцелярские) тауарларын өндірумен айналысатын Schwan – STABILO отбасылық кәсіпорында ойлап тауып, өндіріске дайындады.

20 — шы жылдардың ортасында Schwan – STABILO компаниясы ірі кәсіпорынға айналып, Америка Құрама Штаттарында өздерінің сату кеңселерін (офис) ашты. Ол кездерде АҚШ – та – кинематографтың қарқынды даму кезінде – декоративтік косметикаға деген сұраныс өте жоғары болатын.

Қас үшін бірінші қарындаш танымал әртістердің экрандық бейнесін жаратушы голливудтық гример Макс Фактор үшін шығарылған еді. Осындай қарындаш уақыт өте келе Maybelline компания үшін де дайындалған еді. Сәл кейін көздің қабағы (веки) үшін қарындаш пайда болды.

1931 жылы француз маникюры үшін бірінші ағаш косметикалық қарындаш шығарылды. Ерінге қажетті қарындаштар 40 жылдай бұрын танымал болатын.

Жай қарындаштың бейнесі де өзгере берді. 1960 жылы өте жіңішке грифелі бар бірінші механикалық қарындаштар шығарылды. Оны құрудың себебі – жіңішке үздіксіз сызықты: 0,9 мм, 0,7 мм, 0,5 мм орындаудағы тұрақты қажеттілік. Ал 1968 жылы механикалық қарындашқа диаметрі 0,3 мм болатын тағы да бір грифель қосылды. 1997 жылы «Конте» фирмасы өшіргіші бар «Эволюшн» қарындашын өндіре бастады.

Жаңа технологиялардың дамуымен байланысты қарындаш алға «бара берді»: орауыштардың (упаковка) жаңа түрлері, сәйкесінше басқа өнімдер пайда болды, олардың жалпы ой — пікірлерін және жалпы нысандарын біріктіретін ой – бұл қарындаш.