Әр балаға берік отбасы тақырыбында ток-шоу

110

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы

«Жанұядан қымбат не болуы мүмкін?»  атты акцияда өткізілетін « Әр балаға берік отбасы »тақырыбында ток-шоу тележоба бойынша пікірталас өнеге сағаты

Сабақтың мақсаты:
Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:пікірталас
Сабақтың көрнекілігі:  ата-анаға, бақытқа байланысты нақыл сөздер
( Сонымен, солай дейік…. ток шоу тележоба бойынша пікірталас)

І.Жүргізуші:
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп отырған іс-шара баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.Осы жайында қонақтар шақырып отырмыз.

І.Жүргізуші:

Олай болса «Адамның бақыты балада», «Бала — адамның бауыр еті» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып өз ойын ортаға салу үшін алғашқы қонағымызды ————————————-ортаға шақырамыз..

ІІ.Жүргізуші:Бүгінгі біздің өнеге  сабағымызға  қош келдіңіз. Өз ойыңызды ортаға салсаңыз

.
1.Ата – ана сөзі:
Мен өзімнің сөзімді Абайдың 7 қара сөзінен бастағым келеді.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі — білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай — керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе же мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі — жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы

Абай атамыздың ұлағатты сөздерінің бірі.
Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек.

І.Жүргізуші:
Білдірген пікіріңізге рахмет. Дұрыс айтасыз,қоғам деп жақсы айта кеттіңіз.Осы орайда «Өмірге келген балаға ортаның қандай әсері бар» деген  сұрақ төңірегінде өз ойын ортаға салу үшін келесі қонағымызды—————————— шақырайық.
2.Ата – ана сөзі:
Бала тәрбиесі қай заманнан да, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Қазақ халқының бойына ана сүтімен дарыған тәлім-тәрбиесінің өзіндік мектебі болды.
Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу — біздің қоғамның басты мәселесі.Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі — құрбысынан» деген екен.Ұлы Абайдың өзі де бірінші ата-ананы қойып тұр.Сондықтан мен тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы деген болар едім. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.Иә, ұрпақтың тәрбиесі — қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау — әрбір саналы азаматтың борышы.

І.Жүргізуші:
Рахмет,қазіргі жас өркен — мемлекетіміздің болашағы.Сондықтан да, балаға-бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарауымыз
ІІ.Жүргізуші:
Дұрыс айтасыз,«Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді»деп ұлы Абай атамыз айтып кеткен болатын,осы  даналық сөз төңірегінде ой өрбіту үшін келесі қонағымыз

————————— ортаға шақырамыз

3.Ата – ана сөзі
Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасына сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде» деген екен.Сондықтан жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады.Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі.Сондықтан балада ағаш сияқты. Қалай өсірсең солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында дегім келеді.

ІІ.Жүргізуші:
Өз ойыңызды ортаға салғаныңыз үшін көп- көп рахмет.Ал енді келесі сұрағымыз, «Ұрпақ тәрбиелеуде нені қолға алған жөн?-деп ойлайсыздар.Осы сұраққа жауап беру үшін ————————— ортаға шақырсақ.

4.Ата – ана жауабы:

Мен өзімнің сөзімді К.Д.Ушинский : «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -деген сөзінен бастағым келіп тұр, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап,сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен.Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге,ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуіміз керек.Әр баланың бойына ар-намыс пен туған жер,табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, ата-бабаларының ерлік істеріне сүйіспеншілік сезімдерін балаларымыздың бойына дарыта білуіміз керек. Ұрпақ-болашақ! Ал осы ұрпақ , яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді.Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей,өкіндірместей өсуі керек.Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндіріп, санасына тоқыған жөн.
ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтң тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.

ІІ.Жүргізуші:
Жауабыңызға рахмет.Тағы да өз ойын айтамын деуші қонақтарымыз бар ма екен?
І.Жүргізуші:
Бүгінгі пікірталасқа өз ойын айтқысы келіп отырған қонағымыз ——————————ортаға шақырамыз.

ІІ.Жүргізуші:  Өз ойыңызды ортаға салсаңыз.
Ата – ана сөзі:

Айтылып жатқан пікірлер өте дұрыс.Егер тәрбиелеп отырған балаларымыз қоғамға пайдасын тигізіп жатса.Мектеп өміріне араласып өз көмегін аямаса сол ата-ана үшін бұдан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Атақты Ескелді би былай деген екен: «Адамның басшысы — ақыл, шолушысы — ой, жетекшісі — талап, қорғаушысы — сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны — арман, ең қымбаттысы — ар сақтау, бәрінен ардақтысы — өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі — сыйластық» деген екен.Олай болса мен айтар едім өмірде сыйластықтан артық ештеме жоқ деп. Сыйластыққа бәрі де сыйлайды. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің сөзімен айтсақ рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа — қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

І.Жүргізуші:
Жауабыңызға рақмет.Келесі «Ата-ана үшін бала бақытыдеген не?»Сұраққа жауап беру бүгінгі пікірталасымызға қонақ болып келіп отырған —————————-ортаға шақырамыз.

Ата – ана сөзі:

Қай ата-ана өз баласының бақытты болғанын қаламайды дейсің.Мен өзімнің сөзімді «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — деген екен Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым дейді. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.
Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші — патшада, сәбидің күші — жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз — адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта
білсек — ұлы жеңіс болары анық.Ата-ана үшін баласының бақытты болғанынан артық ештеңе жоқ.

Еліміздің болашағы  — жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата – ана тәрбиесі болса,екінші бесік – мектеп.Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата- ана.Отбасы – таным бесігі,өркениет ошағы,үлгі — өнеге бастауы.Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Ата – ана баламен  бақытты.Ата-ана ұрпағымен мың жасайды.Сол сияқты баланың болашағына толғанар ел,ойланар отбасы қалыптпсса елдің болшағы зор болмақ. Олай болса,әр жанұяда баладан артық бақыт жоқ.Әр балаға берік отбасы қажет.

Сондықтан да солай дейік,солай боларына сенейік…