Өнерің өрге жүзсін, Әйбек!

  Өнерің  өрге жүзсін,  Әйбек!   

  

    “Өнерлі  өрге  жүзер”,  “Өнерлінің   өрісі  кең ” деп  халқымыз  бекер  айтпаса  керек. “Ел  іші-өнер  кеніші  ”деп  те айтамыз.  Расында  да, өскелең  ұрпақты  өнерге  баулу  үшін  дүйім  бір  елдің, одан  қалды  ортаның  қажет  екені  де  рас. Мен  ұстаздық  ететін  Родниковка  орта  мектебіне  өнерлі  балаларымыз  көп.  Олардың  бірі  әнші,  бірі  күйші,  бірі  биші, бірі  суретші  болса,  енді  бірі  көркем  сөз  оқу  шебері.

   Солардың  бірі-   ән  әлемінде   қанат  қағып  келе  жатырған  жас  өнерпаз  Айбек  Талғатұлы  Жұбандықов.Әйбек-    мектепішілік,  аудандық, қалалық  байқаулардың  жеңімпазы.  Атап  айтар  болсақ,  2009 ж.  Тәуелсіздік  мерекесіне  арналған  аудандық “ Домбыра-дастан,  Күй-думан  ”сайысында  2-орын,  2010, 2013ж.ж. аудандық   “Көңілім  әнді  ұғады” атты  Абай  әндерін  орындау  байқауынан  3-орын, қалалық  аспаптық  ансамбльдер  байқауында  2-орынды  иеленді.  Табиғатынан  ұяң  мінезді  Әйбек  өнерге  келгенде  көздеген  мақсаттарына  жетуге  тырысады. Жеңіліс  болса,  алда  жеңіс болатынына  сеніммен  қарайды. Оның  сахнада өзін-өзі  ұстауы , әр  жеңісінен  кейін  тасып  кетпейтін  байсалды  болмысы өзгелерден  ерекше. 

  Әйбек  сонымен  қатар, Қазақстан  тарихы  пәнін  сүйіп  оқиды. Оны  әр  кезеңде  ұлы  халықтың  бастан  кешкен  тарихи  өткелдері  қызықтырады.Жақында  өткен  пәндік олимпиаданың  аудандық  кезеңінде  2-орынды  иеленіп,  мектебіміздің  мерейіне өзіндік  үлесін  қосты. Бос  уақытында  қазақша  күреспен  де  айналысады, алтын  уақытын  бос өткізбеуге  тырысады.

    Әйбектің  жан-жақты  дамуына  ұстаздары  мен  анасы  Жұмагүл  Тынышқалиқызының  сіңіріп  келе  жатырған  еңбектері  зор. Анасы музыка  пәнінің  мұғалімі, талай талантты  шәкірттерді  тәрбиелегн  жан. Қасиет  қаннан  деп  бекер  айтылмаса  керек-ті! 

     Өнерің  өрге  жүзсін,  Әйбек!

                                      Венера   Өмірзақова

                                   Мәртөк  ауданы,  Родниковка  орта  мектебінің   мұғалімі