Мырзастан шықты шайырлар

 

 

М а з м  ұ н ы:

 

Аннотация

 

   І. Кіріспе 

 

      1.1. Мырзастан шықты шайырлар  …………………………………………….1-2-бет

 

   ІІ.  Зерттеу бөлімі

 

2.1. Жаңаберген Бітімбайұлының өмір жолы  және

жыраулық ұстанымы. ……………………………………………………………………3-4-бет

2.2. Ата көрген оқ  жонар………………………………………………………………5-6-бет

2.3.Жыраудың шығармашылығы…………………………………………………….6-8-бет

2.4.Жырау ата туралы бір үзік сыр………………………………………………..9-10-бет

2.5. Ата қасиеті дарыған ұрпақ……………………………………………………..10-11-бет

 

 

   ІІІ.  Қорытынды

 

  3.1. Жырау өмірі- бізге тағылым………………………………………………….12-бет

  3.2.  Ұсыныстар…………………………………………………………………………..13-бет

   

  ІҮ.    Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………14-бет

 

 

 

 

                                                   І. Кіріспе

 

Мырзастан шықты шайырлар

 

…Мырзастан шықты шайырлар,

Қайнап шыққан тереңнен,

Бұлағындай Бекенің…

Абдулла Жаңабайұлы

 

Cыр өңірі қашаннан хас таланттардың отаны болып табылады. Бұл өңірден түлеп ұшқан жырау, жыршы, шайырлардың, ақындардың санында шек жоқ, әсіресе, сыр бойының рухани орталығы болып есептелінетін Арал, Қазалы ауданы – ата–бабаларымыздан мирас болып келе жатқан ақындық дәстүрді іргелі жалғастырушы қасиет қонған ірі өнер ордасы, жыр қазанын қайнатқан қара шаңырақ. VIII-ІХ ғасырларда ғұмыр кешкен ұлы Қорқыт бабалардан бастау алған Сыр бойының ақын-жыраулары өзіндік дәстүрімен өзге аймақтардан ерекшеленіп тұрады. Өлеңді өнердің пірі тұтып, басқа қонған бақ, абырой санап, оны аруақтай құрметтеп, жақсы жыр тудыруды басты мақсат тұтқан. Міне, осы жыр додасында ерен дарындылығымен суырылып алға шыққандарды халық — дүр ақын,жыр дүлдүлі, Сыр сүлейлері деп атады. Олардың есімдері ел аузында жатталды.

Сыр елі — жыр елі  ..Әсіресе сырдың құяр сағасына жақын, дарияның  бойындағы биік жар қабағына орналасқан Мырзас елді мекенін  нағыз жырдың ордасы деуге болады.

Осы жыр ордасында дәстүрлі жыр мектебінің іргесі қаланып, небір атақты жыраулар тәрбиеленіп шыққан.Еспембет,Бітімбай шайырлар негізін қалаған бұл жыр мектебі Нұртуған шайыр тұсында кемеліне келіп, дәуірлеп тұрған.Алақандай ғана Мырзастан  Еспембет, Бітімбай, Нұртуған, Жаңаберген, Сұлтан, Сағитжан, Еңсепбай, Көпжасар, Бақытжан, Кәрібоз, Жәмет, Сағира т.б ақын жыраулар өніп өскен.

”Іздеушісі болғанда,

Кем емес еді осылар,

                                                                     1

Айтылып жүрген қазірде

Шайырларынан Кетенің” —  деп менің  нағашы атам  Абдулла Жаңабайұлы жырлағандай   кезінде  жазба әдебиеттің кемшін қалуы салдарынан осы аталған жыр сүлейлерінің өмірлері мен шығармашылықтары зерттелмей қалған.

Солардың бірі – ХІХ ғасырдың  ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Жаңаберген  Бітімбайұлы. Ол — Мырзастағы жыр мектебінің негізін қалаушылардың бірі және бірегейі. Бұл кісі туралы арнайы зерттеулер жүргізілмеген, нақты деректер сақталмаған. Дегенмен, қолда бар аз-маз мағұлматтарды жинай отырып, тарих қойнауына саяхат жасап, шығармашылық еңбектерін қазіргі  және келешек ұрпаққа аманат етуді өзіме парыз санадым. Мен өзімнің бұл қадамымды атаның «іздеушісі» болуға басқан алғашқы қадамым болар деп санаймын.

Зерттеу жұмысымның  мақсаты:   Жаңаберген атамның тарихтан және әдебиеттен алар орны ерекше екенін елге мәлім ету,  оның өмір жолы  мен шығармашылығын әлі де болса республика, облыс, аудан көлемінде кеңінен толық нақты мәліметтермен насихаттау

       Осы мақсатты шешуге орай зерттеудің  алға қойған міндеті:

1.Жаңаберген жырау өмірін, шығармаларын жан-жақты зерттеу.

  1. Жыраудың тарихтан алар орнын нақтылау

3.Жаңаберген жырау өмірі,шығармашылығы туралы нақты деректерді жинақтап, кітапша шығару.

Зерттеу әдістері:

Жинақтау, саралау, талдау, салыстыру, жүйелеу.

Ғылыми жаңалығым:

Зерттеу барысында жыраудың жаңа қыры –ақын, сазгер екенін аштым.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы:

Жаңаберген жыраудың  өмірі мен шығармашылығының  алғаш зерттелуі

Зерттеу жұмысының құрылымы:  Жұмыс кіріспеден, зерттеу бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2

II  Зерттеу  бөлімі

 

  • Жаңаберген Бітімбайұлының өмір жолы және

жыраулық ұстанымы

          

Жаңаберген Бітімбайұлы 1883 жылы Арал ауданы, қазіргі Аманөткел ауылдық округі тұсындағы Мырзас елді мекенінде дүниеге келген. Бір-бірінен аман-саулықты өлеңдетіп сұрасатын мырзастықтардың дәстүрлі өнері Жаңаберген атаның да бойына кішкентайынан дарып өскен. Ол қарапайым,ұқыпты,жайдары мінезді, сабырлы, қарапайым, тазайын,  шыншыл,еңбекқор болған.

Жасы 14-15-ке келген кезінен бастап, әкесі Бітімбайдың шығарған “Қарабек батыр”, “Кенесары – Наурызбай”, “Орақ — Мамай” жырларын 2-3 тәулік бойы тапжылмай жырлаған. (Бұл жырларды қолжазба  күйінде1940 жылы Ғылым Академиясына тапсырған.)

Жаңаберген атаның әкесі Бітімбайдан үйренген    қасиеттері және жыр айтқан кездегі  өзіндік ұстанымы болған:                                                                                                               —Жыр айтқан кезде қопаңдамай, денені бос ұстап отырып айтқан.                                                                                                                                    —Домбыраны сабаламай, жәй тартқан.

—Ішімдік ішкен ортада жыр айтпаған.

—Өлең-жырдың қадірін білмейтін ортада  жырламаған.

—Жырды қалай тыңдап отырғанын білу үшін уақытша   тоқтатып, әлқисса әңгімеге  кезек беріп, сонан соң “Қай  жеріне келіп едік” -деп тыңдаушыларынан әдейі сұрап  отырған.Егер тыңдаушылары дөп басып айтып бере алмаса,  қайтып жырламаған.

—  Қолайсыз ортада жырлағысы келмесе домбыраның құлағын    қатты бұрап, шегін үзіп тастаған.

—Жырдың түпнұсқасына қатты мән берген. Бір сөзін тіпті бір  әрпін де өзгертпей жаттаған.

1936 жылы Алматыда өткен ақын, жыраулардың II слетіне Нартай Бекежанов,Кәрібоз Әйімбетов сияқты өнер саңлақтарымен бірге қатысып,

3

Жамбылмен, Шашубаймен қатар өнер көрсеткен.

Жаңаберген ата тек жыр айтып қана қоймаған, суырып салма ақын, әрі өлеңге мақам шығаратын сазгер болған.  Оның мақамы әннен гөрі күйге ұқсас болған.Оның мақамын Аралдық жырау Рысбек Әшімовтың орындауында тыңдаған Әсет Бейсеуов те: «Мынау — ән емес, симфония ғой»-деп бағалаған.  Р.Жиенбаев, М.Жүсіпов сынды жыраулар атаны ұстаз тұтып, оның мақамдарын үйреніп алған.( Ол әндер Ғылым Академиясы әдебиет және өнер институтының Мұрағаттау және фольклорлық жазба бөлімінде сақтаулы.)Жаңаберген ата ел басқару ісіне де араласып, 1946 жылдары Большевик, “Жаңаталап” колхоздарында төраға болған.    Жаңаберген Бітімбайұлы  1946 жылы, 63 жасында қайтыс болып, Арал қаласында жерленген.   Осындай ел ағасы, дәстүрлі жыраулық  өнерді дамытушы дарын иесі  Жаңаберген атаның өмірі мен өнері ұрпаққа үлгі болып келеді.

 

 

    

4

    2.2    Ата көрген оқ жонар

 

Жаңаберген жыраудың әкесі Қондыұлы Бітімбай суырып-салма ақын,шайыр әрі жырау болған кісі. Бітімбай атаның нақты өмір сүрген уақыты жөнінде дерек жоқ. Дегенмен 1850 – 1908 жылдары өмір сүрді деген болжам бар.Бітімбай  ата 17 жасында белгілі жырау атанған.Оған дәлел өзі туралы өлеңінде былай деп айтады:

…     17 жасқа келгенде                                    .

Бітімбай жырау атандым.                        ,

Несібе теріп сөз айттым

Ажары сұлу көріктіге

Айласы асқан ептіге

Елден жырақ көп жүріп

Бір жылы шықтым Шектіге…

 

Бізге ақынның өлеңдерінен осындай толық емес жолдары ғана жеткен.Себебі ол кісі жазба ақыны болмаған. Қысқа өлеңдерін суырып салып айтқан. Ал жыр-дастандарды дүниеге келтірер кезде, шапанын бүркеніп алып, ойланып, зердесіне тоқи берген. Әбден қорытып, пісті-ау деген кезде ойына тоқығанын өзі жырлап, жария еткен.“Бітімбайды тыңдауға барсаң, алдымен өзің дайындалып бар” -дейді екен замандастары. Өйткені ол неше күн, неше түн жырласа да тапжылмай, шаршамай бір қалыпты жырлай берген.  Ақынның осындай жолмен жырлаған  “Орақ-Мамай”, “Қарабек батыр”, “Кенесары-Наурызбай” атты жырлары бар. Бұл тек біздің білетініміз ғана.  Көлемі  7500 жол болатын ”Қарабек батыр” жыры Жаңаберген атамыз арқылы осы кезге дейін жетті. 1977 жылы “Жазушы” баспасынан, Қазақ ССР ғылым академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының тапсырысы бойынша шыққан “Ақсауыт” батырлық  дастандар жинағының 2 томына Бітімбай атамыздың “Қарабек батыр” жыры енгізілген. Жинақтың соңғы бетіндегі түсіндірмеде былай делінген: Қызылорда облысы, Арал ауданында тұрушы

5

Бітімбай ақыннан оның баласы Жаңабергеннен жазып алынған өте көлемді жыры (7500 жол) бар.Ал 1940 жылы Ғылым Академиясына тапсырылған “Кенесары-Наурызбай” жыры әлі жарияланған жоқ.

“Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” – дейді дана халқымыз.Бітімбай шайырдың жыраулық өнері 4 баласының екеуіне, яғни Жаңаберген мен Сағитжанға дарыған.”Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі” – деп те жырлайды аталарымыз. Мінеки, ата жолын қуған Жаңаберген жырау -әу баста әке мейірімі мен ана уызы жыр болып, жүрегіне нұр құйылған жан. Сөзімнің соңын тағы да Абдулла  атамның өлең жолымен аяқтағым келіп отыр:                                                              ,

… Іздеушісі болғанда

Кем емес еді осылар,

Айтылып жүрген қазірде,

Шайырларынан Кетенің.

Білмеппіз біз де жастықпен,

Уақыттың өтерін.

Өкінгенмен амал жоқ,

Туғаныма Мырзаста,

Тек қуаныш етемін.

 

2.3     Жыраудың  шығармашылығы

 

Жаңабергеннің жыр бастауы

 

Құлақ салса маңайым,

Жыр бастайын ағайын.

Ықыласын қойса аға-інім,

Сөйлемей неге қалайын.

Бауырымды жазып барынша,

Ойқастатып, ойнатып –

Жүйрік аттай шабайын.

6

Әкеміз жазған Бітімбай,

Орақ-Мамай, Қарабек,

Кенесары-Наурызбай.

Қалауыңша тыңдасаң,

Бұрынғы өткен батырдан

Алдыңа айдап салайын.

Жүзден жүйрік атанып,

Алты Әлімнің ішінде

Қайтпап еді талайым.

Жүргенімде жыр-жырлап,

Менменсіген нешеудің

Сүріндірдім талайын.

Ер азамат елде бар,

Үйрек пен аққу, дуадақ

Қоғалы қамыс көлде бар.

Ел ішінде нелер жоқ,

Жыраумен қас болатын,

Неше алуан пенде бар.

Тыңдасаң мейірің қанатын,

Жастарың ғибрат алатын,

Құдіреті сөздің менде бар.

Орамал шаршы жабатын,

Сақина, сырға салатын,

Құралай көзді жеңге бар.

Жырауың барын аямас,

Ықыласы үшін елімнің

Осы бүгін сіздерге

Жырлағаным жөн болар.

Тіршілікте қызық қой,

7

Өлгеннен соң жігіттер,

Жақсы мен жаман тең болар.

Жамандықтың белгісі,

Өз-өзінен тарынып,

Несібесінен кем болар.

Сөйтіп жүріп ақыры,

Көрінгенге жем болар.

Неғылайын көп айтып,

Зейін қойып, құлақ сал,

Сөзім шырын, тілім бал.

Жырдан шашу шашайын,

Керегіңді теріп ал.

 

 

8

2.4     Жырау ата туралы бір үзік сыр

 

 

«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан»-демекші, ғасырдан астам уақыт әріде өмір сүрген Жаңаберген ата туралы бір үзік сыр есту оңайға соқпағаны шындық. Және үлкендердің айтуынша, жырау ата өмір сүрген заман мен қазіргі біз өмір сүріп отырған уақыт ортасындағы жыраулықты ескіліктің сарқыншағы деп қараған кеңестік идеология кезінде ата секілді адамдарды қадір тұтып, олар туралы естелік айтылуына да мүмкіндік  берілмесе керек.

Ол туралы Жаңаберген жыраудың келіні, менің нағашы әжем Қойсынкүл:

-Ол кезде (кеңес үкіметі кезінде) елдегі атқамінерлер бір үйге жиналып,сол үйдің есік, терезесін қымтап , жауып жыр тыңдайтын — дейді.

Неге десеңіз, ол кезде жыр жырлау, оны тыңдау ескіліктің сарқыншағы деп саналған екен. Осындай себептермен және елдегі көне көз қариялардың жоқтығынан ел ішінен жырау  ата туралы көп сырға қаныға алмасам да, өз атасы туралы сыр жинаған зерделі ұрпақ, менің нағашы ағам Серік Абдуллаұлынан  мынадай  дерек естідім:

-Жаңаберген атам біздің ауылдан 5 шақырым жердегі Хан елді мекенінде отырып жырлағанда, Мырзастағы ел анық естіп, тыңдап отыратын көрінеді. Сонда Аманөткел мен Ханның арасы 5 шақырым, ал Аманөткел мен Мырзастың    арасы 3-4 шақырым, төтесінен есептегенде 8 шақырымдай болады.

Нағашым  бұл әңгімені Абдулла атамнан естіген екен. Ал ол кісі  Жаңаберген атаны өз көзімен көрген.

Осындай деректерді Жаңаберген атаның замандастары да растаған.  Ол кісінің көзін көрген  Сариев Әбужан деген ата  да  өз заманында:

  • Хан дегенің үйдің қасы ғой. Жаңаберген Сорғақта отырып жырлағанда, Мырзаста отырып естігендер де бар. Сонда Сорғақ пен Мырзастың арасы 20 шақырымнан ары және де Жаңаберген ата әннің бір қайырмасын созғанда, Әбужан ата асықпай отырып жеті рет дем алған.  Жаңаберген ата кешкілік

9

қоңыр дауыспен бастаған жырды, таң алдында тыңдаушыны серпілдіріп  алу үшін, өте жоғары диапозонда, әрі ойнақы әуенге ұластырған. Жырлаған кезде алқымы біртіндеп ісініп, жоғарғы түймелері орнына жетпей қалған. Әрі айтқан сайын даусы ашыла түскен.-  деп көпшілікке  баяндап берген көрінеді.

Бұлар ауызекі айтылған деректер.Ал,менің 83 жастағы нағашы әжем Қойсынкүл Жаңаберген жырауды көргендерден қалған жалғыз адам. Әжем ол кезде 14-15-тегі жас қыз болса керек. Бір күні әжемнің Аралдағы үйіне ағасы Әбілда кішкене сақалы бар,мұртты әдемі кісіні ертіп келіп, ол кісі жыр жырлапты. Атаның басқа қасиеті әжемнің есінде қалмапты. Кейіннен әжем жыраудың інісінің үйіне келін болып түскенде Жаңаберген ата қайтыс болып кеткен екен.

2.5  Ата қасиеті дарыған ұрпақтар

Жаңаберген жырау туып өскен алақандай ғана Мырзастың қаншама ақын, жыраудың отаны болғаны зерттеу жұмысымыздың кіріспесінде айтылған болатын. Жырау туған жердің бүгінгі ұрпақтарының да бойында ақындық, жыраулық қасиет бар екенін олар жиі қолданатын «Мырзаста туған адамның бір ауыз өлең шығармасқа қақы жоқ» ,- деген сөздерінен –ақ байқауға болады.Жырау ата өмірін зерттей келе, менде атаның өз  ұрпақтарының ішінде оның жолын қуған кім бар екен деген заңды қызығушылық пайда болды. Атаның 3 ұл,2 қызының ішінен ортаншы баласы Жәкебайдың шығармашылық қасиеті бар, өте білікті журналист екен, өкінішке орай,ол кісі ерте қайтыс болыпты.Ал, ата қасиеті Жаңаберген жыраудың туған інісінің баласы, менің нағашы атам Жаңабаев Абдуллаға, оның баласы Серікке  дарыған.

Соның бір дәлелі ретінде төменде Абдулла атамның «Мырзастан шықты шайырлар» атты өлеңін ұсынып отырмын:

Мырзас менің сүйікті,

Туып өскен мекенім.

Қоныс еткен біздің үй,

Күншығыс жақ етегін.

10

Біледі екен адамдар,

Есейгенде ер жетіп,

Туған жердің не екенін.

Мырзастан шықты шайырлар,

Қайнап шыққан тереңнен,

Бұлағындай Бекенің

Еспембет пен Бітімбай,

Сөз зергері Нұртуған

Ағызған жырдың нөсерін.

Кем еді деп кім айтар,

Сөз тақысын айырған,

Сұлтандай бұлбұл шешенін.

Жаңаберген, Бақытжан,

Кәрібоз бен Еңсепбай,

Көпжасарлар жыр айтып,

Шығарған елдің шетенін.

Осы айтылған шайырлар

Сол мырзаста туыпты,

Айтпағанның өзінде,

Сөз үйренген бөтенін.

Іздеушісі болғанда,

Кем емес еді осылар,

Айтылып жүрген қазірде,

Шайырларынан Кетенің.

Білмеппіз біз де жастықпен,

Уақыттың өтерін.

Өкінгенмен амал жоқ,

Туғаныма Мырзаста,

Тек қуаныш етемін.

11

                                                                 ІІІ. Қорытынды
                                                 3.1. Жырау  өмірі —  бізге тағылым

Өзінің өнерімен де, өмір жолымен де Жаңаберген ата ұрпаққа үлгі болар көп істердің иегері болды. Бабалар аманатын сол күйінде келер ұрпаққа жеткізуді өзіне міндет санап, маржандай сұлу жырларымен елді сусындатып қана қоймай, сондай бір тазалықты, таңғы шықтай мөлдірлікті елден талап етуші тау тұлға талант иесі. Оның қолымызға түсіп отырған аз да болса саз шығармасында (Жыр бастауы ) өз тұстастары мен болашақ ұрпақты «жақсылардың қосын жегуге»,ең алдымен сол жақсыларды көп ішінен ажырата білуге, жамандардан іргені аулақ салуға шақырады. “Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі”- демекші Мырзас маңайында әлі де қара домбыраны барым деп, байлығым деп, қара өлеңді басыма қонған бағым деп, дәулетім деп санайтын саналылар аз емес.  Мінеки солардың  жолын ашатын, жөн сілтейтін бағдаршы керек-ақ.Кешегі 90-шы жылдардағы алмағайып кезең Мырзастағы жыр мектебінің де соңғы сыныптарын жауып үлгерді. Сананы  тұрмыс билеген заманнан әлі де арыла қойған жоқпыз.     Сондықтан мен өз        замандастарымды    өзіміздің асыл қазынамызды қайта іздеуге, жыр көмбесін қайта қазуға шақырамын. Ол үшін бабаларымыздың  маржандай жырлары көмекке келетініне     кәміл сенімдімін.
Әлем мойындаған Қорқыт бабамыздың «Өлмейтін өмір кілті -өнерде»деген өсиетімен қорытындыласам, өнердің өлмейтін рухани азық екеніне осы жырау ата өмірін зерттеу барысында көзім жетті. Өнер- өмір айнасы, халық қазынасы, рухани азық, рухани байлық.

Ендеше, осы асыл қазынамызды жоғалтып алмай, келешек ұрпақ қажетіне жарату —  біздің еншімізде.

 

 

 

 

 

 

12

Ғылыми-практикалық  ұсыныстарым:

  1. Туған жері Аманөткел елді мекенінен қайтадан өнер мектебі ашылса.
  2. Аманөткел елді мекеніндегі мәдениет үйінің атына «Жаңаберген Бітімбайұлы» есімі берілсе.
  3. Ауданның және ауылдың бір көшесі Жаңаберген жыраудың атымен аталса.
  4. Мұражайға құнды, заттай ұстанған деректері мен қолжазбалары

жинақталса.

  1. Аманөткел орта мектебі жанынан жыраулар сыныбы ашылса.
  2. Аудан бойынша Жаңаберген атамыздың – 127 жасқа толу мерей тойына орай жыраулардың, термешілердің, ақындардың арасында мүшайрасы өткізілсе.
  3. Жаңаберген атаның есімін, мақамын “Сыр сүлейлеріне” арналған кітаптарға енгізсе.

 

Ү. Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

1.«Ақсауыт» кітабы. Жазушы баспасы. Алматы -1997 ж.

  1. Нұртуған Кенжеғұлұлы бірінші және екінші кітабы «Кәнекей, тілім сөйлеші …»

Алматы «Ғылым» баспасы 1992 ж

  1. Берік Жүсіпов «Мырзастағы жыр мектебі» кітабы 1995 ж.
  2. Тәңірберген Дәрменов «Мырзастан шыққан шайырлар» кітабы

Қызылорда «Тұмар» баспасы 2002 ж

  1. Жұмабай Жақып “Тәуелсіздікті ту еткен тұлғалар” Арал 2008 ж.
  2. Теңізбай Үсенбаев, Сайлау Тілепов ”Арал өңірі сазгерлері” Алматы 2005 ж.
  3. Құдайберген Жасекенов “Өнер мен дәулет қонған жер” Алматы 2000 ж.

 

 

 

ПІКІР

 

    

Жас зерттеуші Тілеулес Нұрлыбектің зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың  ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Мырзастағы жыр мектебінің негізін қалаушылардың бірі және бірегейі —  Жаңаберген  Бітімбайұлының өмірі мен  шығармашылығын зерттеуге арналған. Ата өмірінің кейінгі ұрпаққа тағылым  болуы жолында  біраз жұмыс жасаған. Нұрлыбек тек ата өмірін зерттеумен шектелмей, ол туған жердің сол жерде туылған ұрпақтың  бойына дарын, тума талант дарытатын қасиетін аша білген.

Ғылыми жоба жазу барысында оқушы жетекшімен тығыз байланыста болды.  Оқушының ғылыми жұмысын өз мәнінде жазуына, зерттелуіне басшылық жасалды.

Оқушы бұл тақырыптың өзектілігіне, маңыздылығына көңіл аударып,  өз жоспарына сай тақырыбы мен мазмұнын аша білген.

Қазіргі таңдағы заман талабына сай әдеби, мәдени  мұраларымызды жинап, зерттеу, ғылыми тұрғыда бағалау барысында  оқушының бұл еңбегінен оның ізденімпаздық, білімдік деңгейі танылады.

 

  Абстракт (аннотация)

 

Тақырыпты зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының біртуар перзенті, жырау Жаңаберген Бітімбайұлының өмір жолы  мен шығармашылығын  республика, облыс, аудан көлемінде кеңінен толық нақты мәліметтермен насихаттау

             

Зерттеу барысы, кезеңдері:

  1. Даярлық кезеңі:

Жаңаберген Бітімбайұлы туралы материалдар жинақтау, оқу.

 

  1. Тақырыпты зерттеу кезеңі:

а)Жаңаберген жырау туралы деректер жинау мақсатында ол туралы білетін,егер бар болса,көрген адамдармен кездесіп, сұқбаттасу

ә)Жырау туралы дерек жазылған кітаптарды оқып, саралау

б)Жырау ұрпақтарымен танысып,сұқбаттасу.

 

III.Жұмысты қорғауға әзірлік кезеңі:

а)Жұмыс негізінде баяндама даярлау.

б)Презентация әзірлеу.

 

  1. Ұсыныстарды өмірге енгізу.

           

Зерттеу әдістері:

Жинақтау, саралау, талдау, салыстыру, жүйелеу.

Ғылыми жаңалығым:

Зерттеу барысында жыраудың жаңа қыры –ақын, сазгер екенін аштым.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы:

Жаңаберген жыраудың  өмірі мен шығармашылығының  алғаш зерттелуі

Зерттеу жұмысының құрылымы:  Жұмыс кіріспеден, зерттеу бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.