Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі.

63

 

      

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жоба тақырыбы:

 

Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Авторы: Садық Аймекен Маратқызы, 10 сынып оқушысы.

 

Ғылыми жетекшісі: Байжанова Мысырша Сұлтанқызы,қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

                              

                                Аннотация

Зерттеу жұмысы Мұқағали өлеңдері мен поэмаларында түр мен түстің  көп қолдану ерекшелігіне тоқтала отырып адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытудағы ақын шығармашылығының құндылығын таныту.

               Жұмыстың мақсаты:

Қазақ халқының ақындық жан-жүрегі  кеменгер Абайдың: «Дүние –үлкен көл, ғалам-соққан жел, алдынғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар. Замана толқыны іріктелген көркем өнердің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды. Сол меруерт маржандардың бірі, бірі емес бірегейі-Мұқағали Мақатаев

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырлармен  қалың жұрттың махаббатына бөленген Мұқағали өлеңдері мен поэмаларында түр мен түстің көп қолдануы, олардың көркемдік ерекшелігіне тоқталу.  Адамгершілікке,  табиғатты аялауға, тілді құрметтеуге, парасаттылыққа, шындыққа, отанды, туған жерді сүюге ақын жырларынан үлгі алу.

Зерттеу тақырыбының міндеті:

Сөйлеу мәдинетін менгерген тұлға ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру:

Ана тілде таза, еркін сөйлеуге төсілгендігін таныта білу:

Мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру:

Ғұмыр бойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру:

Шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсаты мен алынған нәтежені салыстыру, өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру:

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы:

М.Мақатаев шығармашылығындағы түр мен түстің көп қолдану ерекшелігін  эстетикалық түрғыдан талдау жасай отырып көркем әдебиет сүйер оқырманның жеке тұлғалық қасиетін танытуға, сыни тұрғыдан ойлау арқылы-шығармашылық қабілетін дамытуға тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

    Зерттеу жұмысының жоспары:

 

Кешегі Абайлар мен Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты терең, Мұқағали шығармашылығына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше.

Ол құдіретті, ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны.Өз халқын жүрегімен   қалтықсыз  қалай сүйсе, халқы да оны шексіз сүйді,

Мұқағали – лирик ақын.Адам жанының, табиғат жүрегінің жаршысы.

Бәріміз даусыз мойындайтын, бас иетін ақиқат-Мұқағали  туған жерін, елін, отанын жан — тәнімен сүйді, тебіреніп жырлайды. Өзі өскен Алатауын, Қарасазын  сөздің барлық құдіретіне бөлеп- ақ кеткен. Жырларында туған жерге де,

туған халқына шексіз ғашық екенін дәлелдейді. Ақынның кіндік қаны тамған жерге, отанына шексіз махаббаты оның қай өлеңінен болса да сезіледі.

Ақын жырлары әрбір жүрекке жылу құяды, сезімге от береді. Адамды қанаттандырып, ғажайып өмірге бастайды.

«Жүрегінің түбіне кір жасырмай», қалың қазақпен ағынан жарыла сырласқан ақын Мұқағали жырлары еліміздің қиын кезеңінде есейіп, ер жеткен бір буын ұрпақтың басынан кешкен өмір өзенді: қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды, ерлікті шынай да көркем кестелейді.

М.Мақатаевтың 35 мыңға жолға  жуық поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды.

Мұқағали ақынның 13кітабы бойынша 1834 өлең 19 поэмасы  бар екендігі анықталып отыр.

Ақын өлеңдерінде 100 астамына әндер жазылған

 

 

 

 

Ақын жүрегінің лүпілі жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді білдірген.Мұнда сөз бейнелері,толғаныс-тебіреністері, түр мен түсті  жиі қолдану сөздерге ерекше леп,екпін,тыныс беріп,  оқырманға әсерін күшейтеді

Түр мен түс халықтың ұлттық танымында әр түрлі деңгейде танылады. Түр мен түс табиғатқа эстетикалық қарым – қатынас пен адамның ішкі жан дүниесіндегі ұғымды танытады. Түр мен түс ұғымы уақыт өте келе өзі таныған әлемнің танымдық мәнін ұғындырудан алыстап, адам танымының эстетикалық және рухани мәнін танытуға көшті.

Түр мен түс сөздері қазақ тіл білімінде омонимдерге жатады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: (834 бет)

ТҮР І Бет-әлпет, өң-түс, пішін.

ТҮР ІІ Белгілі бір заттың біркелкі тобы.

ТҮР ІІІ Бір нәрсенің шетін жоғары қарай шиыршықтап қайыру, көтеру

ТҮС І Күннің орта мезгілі, сағат бір кезі.

ТҮС ІІ Ұйкы кезінде елестелетін әр түрлі көрініс, бейне.

ТҮС ІІІ Әр түрлі, алуан бояу.

ТҮС ІV Адамның кескін келбеті, бет пішіні.

              ТҮС V  Биіктен, жоғатыдан төмендеу, жерге түсу болып  әр түрлі сөз табына қатыстылығы ескеріліп берілген. Осылардың ішінде менің қарастыратыным бұл сөздердің «ТҮС ІІІ Әр түрлі, алуан бояу», «ТҮР ІІ Белгілі бір заттың біркелкі тобы» деген мағынада қолданылатын формасы.

Ақын Мұқағали Мақатаев ақ пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі қолданған. Ақын жырларында ақ түстің басқа түске қарағанда көп кездетініне көзім жетті.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:

АҚ  I 1 Сүттің, қардың түсіндей аппақ түс.

2 Ағы басым ақ араласқан түс.

3 Ауысып. адал таза.

4 Сұлулықтың әдеміліктің бейнесі.

5 Махаббатпен сүйіспеншілік бейнесі

6 Құрметпен ілтипат бейнесі.

7 Қадірмен қасиет бейнесі.

Ақ қайың-қайың қабығының ақ түсті болатын түрі. Ақ бурыл-ағы басым қара қоңыр түс. Ақ шын, тура, ақиқат, хақ, Ақбас  шалдар –

шашы ағарған кәрі  адамдар.Ақиық-асып туған дарын иесі.

(29-31беттер)

 

 

 

 

АҚША II  1. Ақ түсті ақшыл.

2 Ауысп.Сұлулықпен әдемілік бейнесі. (34 бет) деген түсініктемелер берілген

Ақ түсті ақын 83 өлең жолында   142  рет  қолданған. Ақын көктем бейнесіне , ауылдың мамыражай тіршілігін ақ түспен бейнелейді. Ақынның «Көктем де келер »  жыр жолдарында   көшіп жатқан бұлттар бейнесін «Ақ көңіл бұлттар,ақ нөсер төгіп өтсін де» деп жырлайды.

Кірсіз көңіл ақ туын,

Жоғары ұстап озайын.

Ақ пейілге оранып ,

Алдарыңа барайын.

«Кешіріңіздер» («Аманат» А, 2002ж, 22бет)

Несін айтам көңілің сенің ақ айдын,

Ақ айдын деп, өзгелерге қараймын.

«Танысу» (Аманат А,2002ж, 97бет).

Ақ түтек ашық аспанда,

Ақ сайда жылқы баққанда

Құрықты шаншып ақ қарға,

Аспанға қарап тұрған мен

Құс жолы-Болашақтарға

«Тұлпарыммен біргемін»(Аманат А, 2002 ж,114бет)

Бұл өлең жолдарынан адал,ақниетті,қулық-сұмдығы жоқ таза адам бейнесін көреміз.

Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі  ұрпағының өзін өлеңдерімен  бірге есіне алып  жүрерін алдын ала сезді ме?

Ақ қырат  тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып тұрған ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,-

деп толғанады «Есіңе мені алғайың» өлеңінде.

Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне, бала кезден- ақ ғашық болып өссе керек. Алған әсерін өлеңдермен өре білген.

Гүлін сүйем, шалғынның бәрін сүйем,

Үнін сүйем масаның ызыңдаған.

 

 

 

 

Сені аңсаймын, қайнаған ақ бас таулар.

Ақ бас таулар, самайын ақ басқандар,

Сені аңсаймын қазіргі ақ бас шалдар,

Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар

Су кешіп жалаң аяқ от басқандар,

Ақынның «Аққулар ұйқтағанда», «Ақ қайың әні»  поэмаларында ақ түстің көп кездесетініне көз жеткіздім.  Оған екі  шығарманың  да  тазалық туралы идеясы себепкер болса керек.

«Аққулар ұйқтағанда» поэмасында  ақ отау, ақ айдын , ақша бұлт, ақ нұр, ақ сәуле ұғымдарының кездесуі  тақырып пен идияның бірлігінен туындап жатады.

Құс аппақ, айдын аппақ нұрда аппақ ,

Аппақ нұр аппақ нұрға қосылады…

Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербей тұғын …

 

Аппақ нұрмен шомылтып айналасын ,

Ақ сәулемен айдынның ойнағаны…

 

«Ақ қайың әні»паэмасында да ақ түс табиғаттың сезімінің бейнесіндей жырланады Бұл поэманың өзіндік ерекшелігі ақын ақ пен қара түсті қатар алып бейнелеген Поэмада  Бағдаттың сезімінен туындаған «Ақ қайың әні»  радиодан шырқалады. Ақын ақ қайыңды таза сезім  көрінісі ретінде,ал күздегі айырылысқан кезді қара түспен суреттеген. Ақ пен қараны  қатар ала отырып сомдайды. Ақ түспен ақын ақ қайың , ақша бұлт,  ақ өзенді бейнелесе, Бағдаттың дерті асқынып, қайғыда қалған сәтті психаллогиялық егіздеу күйінде қара нөсер,  қара бұлт, қара аспан, қара тау, қара құс деп суреттейді.

Қара бұлт қара ару түнереді,

Қарағай қара аспанға түнереді,

Қаптай кеп қарбаласта қара қарға

Қарайды қара тауға түнегелі.

 

ҚАРА  I         1. Көмірдің күйенің түсіндей(аққа қарама қарсы түс)

  1. Қарапайым көрінген нәрсе қарайған зат

 

 

 

 

3.Бір нәрсенің нобайы,пішіні ретінде аумақ көлемі сан мөлшері

  1. 4. этн.Өлікті аза түту белгісі ретінде басқа салатын қара орамал.

Қара жаңбыр-ұзаққа созылған суық жаңбыр. Қара орман —

а) ағашы қалың өскен орман ә) есепсіз көп дүние. Қара өлең-әр жолы бір буын болып келетін өлең түрі. Қара түн а) Көзге түртсе коргісіз қараңгы түн ә) ауыр азап ауыртпалық. Қара шаңырақ

а)  үлкен атасы аке шешесі отырған үй ә) ең алғашқы мәдиниет ошағы мекеме. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,477бет)

Туған елге, туған жерге, халқына, отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің үстем туған тілін ерекше құрметтеген ақын:

Түзу- түзу жыртылған аңыздайым,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса ,

Қара көзден неге қан ағызбайын,- дейді ақын «Қара өлең» шығармасында.

Қара түсті уайым, қайғы түрінде бейнелеген ақын жырларының  54 жолынан 85 рет кездестірдім. «Қара уайым қара шәлі жамылған» тіркестері кездесті.  «Көрмесем екен»өлеңінде  қайғы мен көз жасы қара түспен бейнеленеді.

Қара көзіңнен қара моншақтар төгілген,

Қалған тұқымнан қара моншақтар себілген

сонау қиын жылдарда дүниеге келген өз тағдыры мен сыр шертеді.

Ақынның «Райымбек Райымбек!»  атты поэмасында қара түс өте көп (22) жырланғанын көруге болады. Халықтың қарасы киесі, жаудан қажыған халықтың болмысын, қайғысын  поэмада  қара түстің  көп алынуы автордың идеясының көрінісі . Поэма «Қара таудың басынан көш келеді» атты күңіреніспен басталады. Елім-айлаған халықтың мұңы мен шерін  ақын қара түсті қанық етіп суреттейді.  Қара қазақ, қара қайғы, қара жау, қара шаңырақ, қара жұрт, қара түн, қара күн,қара жауға  сынды    ұғымдар ақын поэманың тақырыптың ауқымын тереңдете түсті.

Опат болып ақ ордаң ойранданып,

Қара жауын әкеліп қара қайғы

 

 

 

 

Тас уатты-ау төбеңе таңраң қағып.

(Аманат А, 2002 ж,286бет)

Қазақ қалқы басынан кешкен нәубет жылдар бейнесі ақын жырларында өз бояуын тапқан.  Ақын сол кезең шындығын  «ақ тауым  жығылулы , қара тауым өртенді,  қара ордамның қаңқасы қалды»  деп күңірене жырлады.

Замана шындығы халық қасиет тұтар ұғымының қасіретіне шомуы арқылы шебер жырланған. Ақын халық тіршілігінен қара сөзімен ұлттық қағидаттардағы қаралы кезең суретімен бірлікте тіршілігінің көрінісіндей ақындық шеберлікпен келтіреді.

Ақ түсті ақын поэманың 9 жолында, қара түсті 22 жолында қолданған.

М.Мақатаев  28 жыр жолдарында боз түсі  түстік мән мен күте-күте боз түске енген  эмоцианалды кейіпкер болмысын танытады.

БОЗ  I 1. Ақшыл қылаң түс.

  1. Боз ала таң сәрі. Боз арша бұта түбінде өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты ағаш. Боз қырау күзгі ауаның салқындаунан болатын жұқа қар, шық.

    БОЗ II  Бетегелі, изенді, селеулі ақ дала.

БОЗАР  1.Бозғылттау,ақшылдау

2.Өңі қашу, түсі бұзылу.

   БОЗДАТ өзг.етіс 1.Қатты жылату,еңірету,зарлату.

(Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,133бет)

Боз атқа мініп, боз тауға мүмкін шығарсың.

Боз көйлек киіп, бозарған таңда тұрарсың,

Бозарған жаным,  боз түске неге құмарсың.

Қажыдым қарғам басылар мекен аптығым

«Көш келеді, боздатып боз аланы,

Көз ұшында боз сағым қозғалады.

«Райымбек, Райымбек!» Поэмасынан.

(Аманат, А 2002, 286бет)

Ағыл тегіл селдетіп аспан келіп,

Көрісе қумақтайды боз далам

«Бала шақтан-болашаққа»  (Аманат, А,2002, 285бет)

Ақынның 11 өлеңінің 14 жыр жолында күрең түр-түсінің  кездесуіне куә болдым.

 

 

 

 

КҮПКҮРЕҢ Қызыл қоңыр,қызыл қошқыл

КҮРЕҢ 1. Қызыл қоңыр түс.

2.Ауысп.Жабырқаңқы,тұнжыраңқы.

 КҮРЕҢДЕУ  күрең тартқан, солғын  күреңтүс.

КҮРЕҢІТ Күрең тарту

(Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің,432-433беттерінде)

 

Күрең күз бейнесі ақынның көңіл күйінің көрінісі, жабырқауы көңілінің мұң басуы.  Ақынның күз бейнесі қызынан айрылып күңіренткен кезі, жыл құстарымен қоштасуы, қайтқан құстар тізбегіне қимай қарауы, жадырай алмай жабырқауы

Бәрі ұқсайды күп -күрең күздегіге

Көшесі де қаланың түздері де

Ақынның «Күз  бүгін тұрып алды күңірентіп» атты өлең жолдарында

Күз бүгін тұрып алды күңірентіп,

Шіркіннің ашылмайды іреңі түк.

Күреңіткен ауылдың сырт жағында,

Мені де отыр ма екен біреу күтіп,-

деп  жырлай келе, күте-күте күдері үзілген жанның күреңіткеніне мынау күрең табиғаттың қабағы ма екен деп ақын  жазы кетіп  жабырқаған, шуағы жанын жылыта алмайтын көңіл күйдің көрінісі ретінде бейнелейді.

Ақын өлеңінде сонымен бірге сұр(6рет), торы жирен(5рет), қоңыр(2рет),ала(20рет),көк(15рет), сары(24рет), жасыл(3рет),  қызыл(14рет) түстерді де қолданған.

Бұл түстердің  түсініктемесінде былай делінген:

АЛА       1. Түрлі түстердің арласып келуі.

  1. Көз алмасының ақ түсті қабығы.
  2. Біртегіс емес ала-құла.

4.Ауысп.Ауызбірлігі жоқ,ынтымақсыз.

5.Ауысп. Арамдық,жамандық,бүкпе(36бет)

ЖАСЫЛ  1.Жапырақтың түсіндей түс.

2 Найзағайдай, жасыл жай оты

3  Жасыл жапырақтардың түсіндей.

4 Өсімдіктің қурамаған, сарғаймаған көк балауса кезі.

 

 

 

 

 

Жасыл желек -жапырақ жайып түран өсімдік.(279 бет)

ЖАП-ЖАСЫЛ  көкпенбек шымдай жасыл(269бет)

 КӨК I     Түпсіз тұңғиық аспан әлемі.

III  1. Бір заттың көгілдір аспан тәрізді түсі

  1. Көгеріп шыққан өсімдік, өскен шөп

3.жеміс-жидек,көкөніс (407 бет)

ҚЫЗЫЛ   1.Қанның түсіндей түс

  1. Жылқыдан баса малда болатын ашық қоңыр түс.

3.Адам жүзіндегі қызғылт рең.(553 бет)

ҚЫЗЫЛДАУ Сәл қызыл жұқалаң қызылмен жабу, қызарыңқы. ҚЫЗЫЛДЫ-ЖАСЫЛДЫ  Қызылы,жасылы араласқан түс(554 бет)

 ҚОҢЫР  1.Қара мен қызыл аралығындығы қою күрең түс

  1. Ауысп.жұтаң жадау
  2. ықылассыз, көңілсіз салқын (519бет)

 ЖИРЕН    Қызыл сары түс (көбінесе жылқы түсіне байланысты айтылады) (303бет).

САРЫ-піскен егіннің немесе апельсиннің түсіндей түс(712 бет).

 САРҒЫШ- жұқалтым сары сарғылт. (710 бет).

СҰП-СҰР- өңі қашқан қан жоқ сөл жоқ дегенді білдіреді.

СҰР      1. Сиық тартқан түр түс

  1.   Қуқылт тартқан бозғылт түс.(747 бет)

СҰРҒЫЛТ 1. Сұрлау келген сүр.

  1. Ауысп.Сүреңсіз сүрқы қашқан, жүдеу

СҰРҚАЙ     1.Сұрғылт,сұр

2.Ауысп.Сүреңсіз,сұрықсыз.

3.Ауысп.Жабырқаңқы көңіл.

4.Ауысп.Беймаза,ауыр,қиын. .(748бет)

ТОРЫ   жылқы түсі. Қара торы-жалпы қара торы ат. Қызыл торы ат ашық түсті ат. Торы төбелі маңдайында торы төбесі бар ат.

Ақын түр мен түсті  сөздікте берілген түсіндірмелеріне сай қолдана отырып  көркем әрі бейнелі суреттей білген.Айтылған ой дәлелді болу үшін ақын өлеңдерінен бірнеше  үзінділер келтіре кетейін.

 

 

 

 

 

 

 

Киіктер шуында жүрмеңдер,

Бас бағып отыр сұр мерген…

Қаныңды сенің шашқалы….

(142бет)

Жаман өлең жазайын мынадай деп,

Торы шешен жүреді құладай деп.

(25бет)

 

Қайда кеткен жасыл орман, жасыл алқап, жасыл маң?

Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

(75бет)

 

Сағыныштай сарғайған жанды ма күз,

Сары шәлі жамылып алды ма түз

(86 бет)

Қызыл мен көк, күрең мен сарылардың

Білер ме екен бір жерден табыларын

(26бет)

Ақынның «Сап-сары жапырақтар»өлеңі өмірінің соңғы жылдарында жазылған өлең.

Сап-сары жапырақтар…

Судырап құлап жатыр атырапқа.

Біреудің жанарында.

Біреудің табанында,

Сап-сары жапырақтар жоғалуда

(Аманат, А,2002, 156 бет)

Осы өлеңінде жапырақтардың түсуі,құс әнінің естілмеуі,гүл солуы яғни күз мезгілін сипаттап,адам өмірінің ең соңғы жемісті кезін көрсетіп отырады.

Мұқағали поэзиясы тазалық, шынайылық , табиғи тазалық болмыстан тұрады. Мұқағали жырларындағы сезім мен  сурет астасып  жататындықтан сурет бояулары   мағынасы мазмұндылығымен ерекшеленеді.  Ақын жырларында жайбарақаттық, салқын қанды баяу қалдану мүлде кездеспейді , ол ақындық   мінезден туындайды.

 

 

 

 

 

Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ,  жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын көкрегінен буырқана ағылып жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда ғана»,-деп —  арым — өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиқ ақын  Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін қалдырды. Ол табиғатпен,  тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның өлеңдері бүгінде шаршағанға әл, шөлдегенге нәр, сүйгенге сырлас, мұңайғанға мұңдас боп, адамдық татулық белгісін тербеп түр.

 

Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім

-деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мұралары ешқашанда өлмек емес.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1 М.Мақатаев шығармалар жинақтары

2 «Естеліктер» кітабы

3 Қазақ әдебиеті (энциклапедия)

Алматы, 1999ж, 460 бет

4 М. Жолдасбеков «Қазақ жырларының Хан тәңірі»

« Егемен Қазақстан»газеті,Алматы, 2011

5 Ол өмірді сүйіп өтті

Л. Әзімбетова Алматы, 1991ж

6 «Парасат»журналы Алматы, 1991ж

7 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.Алматы,2008ж.