СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ

251

 

СУ – ТІРШІЛІК    КӨЗІ

Мазмұны

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………2

  1. Су туралы мағлұмат…………………………………………………………3
    • Су өмір нәрі………………………………………………………………..4
    • Судың қасиеті мен пайдасы…………………………………………5

а) Судың адам өміріне қажеттілігі, маңызы.

ә) Судың өсімдік және жан жауарға пайдасы.

б) Судың адам денсаулығына пайдасы.

  • Судың да сұрауы бар………………………………………………….8

ҚОРЫТЫНДЫ

Суды қорғау…………………………………………………………………………..10

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………..12

ҚОСЫМША………………………………………………………………………….13 — 16

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

МӘСЕЛЕ:

Бір күн су болмай қалса, біз қиналып қаламыз. Ал болса, оны есепсіз төгіп-шашамыз. Оның қаншалықты пайдасы бар екеніне, сондықтан оны үнемдеп жұмсауға мән бермейміз.

 

МАҚСАТЫ:

Судың қаншалықты пайдасы барын оқып – білу.
МІНДЕТТЕРІ:

  • Суға қатысты материалдар жинастыру
  • Тапқан материалдарды іріктеп, жинақтау.
  • Су жайлы білімімді тереңдетуі

 

НЫСАНЫ: су

 

ПӘНІ: дүниетану

 

БОЛЖАМ: егер біз суымызды қорғап, таза ұстай білсек келешегіміз үшін қауіптенбейміз.

 

НӘТИЖЕСІ:  жоба жұмысын рәсімдеу

 

 

 

 

 

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.

Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған.

Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күшіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.

Табиғатта қоспасы жоқ, тап – таза су дегенді таппайсың. Таза суды тек лабараторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организімге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.

Суды алғаш 1781-82жыл ағылшын ғалымы Г.Кавендиш синтездеген.1783 жылы А.Лавуазье сутегі жанғанда оттегімен қосылып суға айналатынын дәлелдеді . 1785 жылы   А. Лавуазье. француз ғалымы Ж .Мёньмен бірге судың сандық құрамын анықтады.

Сутегі өте кең тараған, ол барлық жерде: космос кеңістігінде, тұмандықтарда, жұлдыздарда, тіпті Күнде де кездеседі.Аса ғаламат қысым мен ондаған миллион градус температураның әсерінен сутегінде болатын өзгеріс Күннің жылуы мен жарық шығаруына мүмкіндік береді.

Су – О градуста қатып , 100 градуста қайнайды. Табиғатта таза су кездеспейбі , онда еріген түрлі қоспалар болады, сондықтан ауыз суды , өндірістік мақсаттарға қажет суды арнайы тазартады .

Су минералының  мөлшеріне қарай сулар өте тұщы (0,2 г\л-ге дейін) , тұщы   ( 0,2 — 1 г\л) ,  ащы(1- 10 г\л), жай тұзды ( 10 — 35 г\л), өте тұзды ( 35 — 50 г\л),  жай тұздық   ( 50 — 75 г\л),  тұздық (75 – 150 г\л),  тұзға қаныққан  (  150 — 330 г\л),  тұзға өте қаныққан   ( 330 г\л – 1 ден астам ),   болып ажыратылады.

Жер шарының тұрақты су ресурстарының жалпы мөлшері  1454327,2  мың км3 ; бұның ішінде дүние жүзілік мұхит үлесіне 1370 млн. км3 , жер асты суына 60 млн. км3 , мұздықтарға 24 млн. км3 , көлдерге 230 мың. км3 , топырақ  ылғалына 82 мың. км3 ,  өзен суына 1,2 мың. км3 , атмосфера буына 14 мың. км3 келеді

  • Табиғаттағы судың айналымы.

Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.

Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді.Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.

                       

             

 

 

 

 

 

 

  • Су өмір нәрі.

Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қаттысты талай деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95%  судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі.

Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.

Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.

Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.

Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды.

Адамның тамағына және ішуіне тәлігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.

1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.

1 тонна шойын қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.

Адам денесіндегі бүкіл майынан, белоктарының едәуір бөлігінен айырылса тірі қалуы мүмкін, бірақ организмдегі судың қоры үнемі толықтырылып отыру керек: сусыз бірнеше күн ғана жан сақтауға болады.

Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.

Су болып тұрғанда организімде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Судың қасиеті

Біз қап – қатты мұз да, газдай жеп – жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қаламыз. Бұл судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.

  • Кейде судың түсін ақ дейді . Солай ма ?

1 —  тәжірбие: шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құямын. Екеуін салыстырдым. Сүт – ақ , ал  су – түссіз таза. Суды аз мөлшерде алсақ , ол түссіз. Ал өзен, көл суларының түстері әртүрлі болады. Оның себебі судың тереңдігіне байланысты , терең жер суы көгілдір болады. Табиғи су құрамында еріген тұздар, газдар және органикалық заттар болады.

  • Су мөлдір. Оны анықтап көрейік.

2- тәжірбие. Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құйямын. Олардың ішіне қасық саламын. Қайсысы анық көрінеді ? Неге ? Және иіскеймін. Бұл тәжірбиеден судың түссіз , мөлдір , иссіз екенін анықтадық.

3- тәжірбие. Бірінші ыдысқа: кесеге, шыныға , стақанға су құямын. Осы ыдыстардағы судың пішініне қараймын. Су қандай пішінге ие болды ? Әр бір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса , суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады.

4-тәжірбие: Суды кез келген беті тегіс нәрсеге құйып көреміз. Ол жан – жағына аға бастайды. Себебі ол сұйық. Аққан су түгел жоқ болып кеттіме? Оның орнында дымқыл сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша олда жоқ болады , кеуіп кетеді.Кез келген затты суға малып алсаң ол су – су болып шығады. Су жабысқақ. Жуылған киімді далаға жаямын .Ол біраздан кейін кебеді. Ойланайықшы ! Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су буға айналады.Демек сұйық күйден бу күйіне өтіп ауамен араласады.Су буының қасиетін зерттеу іс 16 – 17 ғ асырда дамыды..

Мұз кайдан пайда болады ? Егер күн салқындап , температура О градустан төмен түссе , қысқы суықта , су сұйық күйден қатты күйге яғни қар мен мұзға айналады.

  • Судың адам өміріне қажеттілігі , маңызы.

Судың адам өміріне баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды. Су жолымен адам қатынайды , қайық , кеме жүзеді , жүк тасыйды, ағаш ағызады. Судың күшінен электр қуатын да алады.. Су арқлы үйді жылытады. Бірде бір өндіріс орыны сусыз жұмыс істей алмайды. Бояу езу, мата , тері бояу, қағаз , сабын дайындау, нан пісіру тағы басқа жұмыстар сусыз істелмейді.

  • Судың өсімдік және жан жануарларға пайдасы

Сусыз жануарларда өмір сүре алмайды. Кейбір жануарлар мен  Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді жануарлар тіршілік ете алмайды. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді күйінде ғана сіңіре алады.

Мысалы: балықтар суда өмір сүреді. Су арқылы өсімдіктер топырақтан қоректік заттар алады.

  • Судың адам денсаулығына пайдасы.

Сумен шынығуда сулы шүберекпен сүртіну, суға шомылу, су құйылу сияқты працедурасын қолдану. Су құйыну шынығудың ең тиімді түрі. Жылы судан бастап бірте бірте салқын суға көшу. Суық су ішкі жылулықты сақтап тұрады. Суық су әртүрлі ауруларды емдейді.

 

 

 

 

 

  • Судың да сұрауы бар.

Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде от басының табысының 10 проценті су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен шараптан қымбат бағаланады.Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.

Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады.Европаның бірсыпыра шикізаттары бәрінен де гөрі су мың есе артық тұтынады.Бұлардың бәрінен кейін жалпы Жер шарында тұщшы су қорының шектеулі екені анық көрінеді. Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы біздің еліміз үшін өте – мөте маңызды екенін әр уақыт есте ұстаған абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Суды қорғау.

Жылдар өткен сайын жер тұрғындарының саны миллирдтан асты. Халық санының өсуіне орай жұмсалатын судың мөлшері де үнемі артып отырады. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2 – 3 литр су жұмсайды. Егер жуынуға, кір жууға және басқа шаруашылық қажеттеріне кететін суды есептесек, оның мөлшері 10 литрден асып кеттеді.Бірақ мәселе осымен бітпейді. Су үйлер мен көшелерді таза ұстау, мал суару, егін егу, метал қорыту, қағаз және басқа заттар өңдеу үшін қажет. Пайдалану мөлшерінің осыншама тез өсуіне байланысты адам баласы қазірдің өзінде судан тапшылық көріп отыр. Жер бетінің үштен екісін су алып жатқанда «Бұл қалай ?» деген сұрақ туады.

Судың жетіспеуінің екі түрлі себебі бар.

Біріншіден, жердегі әрбір 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суының, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді. Ол 2 литрге де түгелдей қол жете бермейді, көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтар түрінде қатып жатады. Соңында адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алады.

Екіншіден, адам табиғаттан суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Өзен көлдерге фабрикадан, зауыттардан және тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Сондықтан көптеген өзендер мен көлдердің балығы және басқа жәндіктері қырылып қалады. Ондай су ішуге келмейді. Тіпті оған шомылудың өзі өмірге қауіп келтіреді. Міне сондықтан адамдар су қоймаларын таза сақталуын қадағалауы  керек.

Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Инженерлер суды тазартудың алуан түрлі әдісін ойлап тапты.Елімізде ластанған сулар мен өнеркәсіп қалдықтарын өзен – көлдерге төгуге тиым салынған.

Біздің елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнаулы Заң қабылданған.Ол Заңы бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.

Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармауымыз керек.Суды қорғауға сіздер және біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ол кім? Бұл не?  Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы 1987 ж. ,  3 – том
  2. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы 1973ж.
  3. Дүниетану 2 сынып Алматы «Атамұра» 2009 ж.
  4. Дүниетану 3 сынып Алматы «Атамұра» 2003 ж.
  5. Дүниетану 4 сынып Алматы «Атамұра» 2003 ж.
  6. Дүниетану хрестоматия Алматы «Атамұра» 1999 ж.
  7. География начальный курс 6 класс   МОСКВА 2000 ж.
  8. СТРАНЫ И НАРОДЫ Москва «Мысль» 1981 г.
  9. Мальдивская загадка Москва «Прогресс» 1988 г.